24 Сәуір 2019, 11:07
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.

«Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді», — деді Мажарстанның Премьер-Министрі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу