«Іскерлік байланыстар» құралы аясында машықтанудан өткен компаниялардың табыстылығы шамамен 40%-ға артқан - ҚР ҰЭМ

«Іскерлік байланыстар» бағыты бойынша шетелде машықтанудан өткен мамандардың бизнесінің табыс бөлігі шамамен 40%-ға артты, деп мәлімдеді бүгін «Іскерлік байланыстар» құралын жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов.

«Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, сауалдарға жауап берген респонденттердің 70%-дан астамы өздерінің табыс бөлігін 37%-ға арттырған», - деді Ш.Ахметов.

«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 500 кәсіпкер Германияда машықтанудан өтті. 

«Іскерлік байланыстар» құралы 2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 

Құралдың мақсаты халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы  Бағдарлама аясында экономиканың басымдықты салаларында жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады. 

«Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама аясында экономиканың басымдықты секторларында жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ) субъектілерінің жоғары және орта буынының басшыларына ұсынылады, және екі кезеңнен тұрады. 
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу