Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады.

Өз кезегінде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу туралы хабарлады.

«Көктемгі дала жұмыстарына дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2026 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге «2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін» бекітті. 2025 жылы АШТӨ үшін дизель отынының бағасы тағайындалған стансада ҚҚС-пен бірге литріне 232 теңгені, ал түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрады. Бұл ЖЖҚС-дағы бағадан 15-40%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін: жеке ПИН-кодтар алынды; дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу; электрондық шот-фактура жүйесінде дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды. Аталған шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан дизель отынын АШТӨ операторларына мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», — деді ол.

Министрдің айтуынша, 2023-2025 жылдары өңірлерге жөнелту үшін жылына орташа есеппен 800 мың тоннадай дизель отыны бөлінген, ал АШТӨ-лердің нақты пайдалану көлемі жоспардың шамамен 80%-ын құраған. Одан бөлек 2025 жылы қосымша түрде күзгі-дала жұмыстарына астық және майлы дақылдарды кептіру үшін 60 мың тонна дизель отыны бөлінді. Осылайша, былтыр АШТӨ үшін бөлінген дизель отынының жалпы көлемі 863 мың тоннаны болды. 

Жөнелту көлемі АШТӨ-нің өтінімдеріне, төлем жүргізуіне және вагондарды ұсынуына байланысты. АШТӨ-ге арналған дизель отынын жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

#Ауыл шаруашылығы #АӨК #Көктемгі егіс жұмыстары #Энергетика

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу