ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды.

2018 жылғы демалыс күндері:   

  • 3 наурыздан 9 наурыз жұмаға;
  • 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге;
  • 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге;
  • 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға;
  • 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.

 

Анықтама: ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу