23 Наурыз 2019, 06:33
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында сапар барысында А. Мамин өңірде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады.
Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі — «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.
Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу