ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын!

Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Асқар Мамин».

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу