ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығуын тіледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сырқатынан тезірек айығып шығуын тіледі.

«Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтауға тапсырған тестінің нәтижелерін ерекше уайыммен және алаңдай отырып қабылдадық. Өз атымнан және Үкіметтің барлық мүшелерінің атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып шығып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етуді тілеймін.

Бақытымызға орай, Нұрсұлтан Әбішұлы өзін жақсы сезінуде және өзіне тән сергектігімен қашықтан жұмыс істеп жатыр.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Асқар Мамин».

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу