ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен ынтымақтастықтың жаңа формаларын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.

Анықтама:

Биыл Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады.

Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 2017 жылғы қаңтар-мамырда $1,7 млн құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 77,6%-ға артық.

2017 жылғы шілдедегі жағдай бойынша ҚР-да армияндық қатысумен 258 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген, олардың 166-сы жұмыс істеп тұр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу