ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму министрлігіне осы жылдың 1 мамырына дейін «БЖК-2020» актуальдандыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Өңірлік даму министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы - 2020» актуальдандыру бойынша ұсыныстарды 2013 жылдың 1 мамырына дейін енгізуді тапсырды.

«Өңірлік даму министрлігі мүдделі органдармен, ұйымдармен, «Даму» қорымен, «Атамекен» одағымен бірлесіп, 1 мамырға дейін  «Бизнестің жол картасы - 2020» актуальдандыру бойынша ұсыныстарды Үкіметке енгізсін», - деді С.Ахметов бүгін Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, С.Ахметов «1 қазанға дейін 2013 жылға заң жобасы жоспарына сәйкес жоспарды мезгілінде әзірлеуді және оны Үкіметке енгізуді» тапсырды.

Оған қоса, Премьер-Министр ағымдағы жылдың соңына дейін республиканың барлық өңірлерінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу маңыздылығын атап өтті. 

«Бұл аса маңызды мәселе», - деп басып айтты Үкімет басшысы.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу