10 Қаңтар 2013, 06:46
Мәжілісте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Мәжіліске қатысушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың Ұлттық жоспарының негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, көрменің Тіркеу құжаттамасының жобасын әзірлеу, Халықаралық көрме бюросымен өзара әрекеттестік, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация құру және оның жұмысын жолға қою мәселелері қарастырылды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу