04 Қаңтар 2013, 13:08
Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен партия төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі өтті.
Әңгіме барысында ҚР Үкіметі мен «Нұр Отан» ХДП-ның кең ауқымды мәселелер, әсіресе Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясының» қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі өзара әрекеттестігі туралы мәселелер талқыланды.
С.Ахметов Үкіметтің партияның орталық аппаратымен, сондай-ақ Парламент Мәжілісіндегі фракциясымен ынтымақтастығының қалыптасқан деңгейіне қанағаттанушылық сезімін белдірді.
Өз кезегінде, Б.Сағынтаев «Президенттің Жолдауын жүзеге асыру аясында Партияның ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттері айқындалатын болады.Партия алаңшасында «Қазақстан-2050» Стратегиясында» айтылған заң жобаларын, бағдарламалық құжаттарды талқылау ұйымдастырылады» деді.
Сондай-ақ кездесу барысында «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017- мақсаттары» Сайлауалды платформасының негізгі тоғыз басымдықтарын жүзеге асырудың жағымды динамикасы атап айтылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу