27 Қыркүйек 2012, 18:00
Үкімет басшысы Олимпиадалық комитеттің жұмысына, ауыр атлетика спортын дамытуға және оны жұртшылыққа кеңінен танытуға қосқан қомақты үлесі үшін Т.Аянға алғыс білдірді. «Қазақстанда Үкімет тарапынан ауыр атлетиканы әрі қарай дамыту үшін қолдау көрсету жалғасатын болады», деді С.Ахметов.
Т.Аян өз кезегінде, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында жеті алтын медаль, оның ішінде ауыр атлетикадан төрт алтын медаль қанжығалаған Қазақстан құрамасының бұрын-соңды болмаған жетістігін атап өтті.
«Мен қазақстандық спортпен, әсіресе Ауыр атлетика федерациясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келемін. Қазақстанда дарынды жастар өте көп. Осы спортты дамытуға Қазақстанның орасан үлес қосып отырғанына қуаныштымын. Сіздерге көп рахмет, бұл марапат мен үшін үлкен құрмет», деді Т.Аян
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу