19 Қараша 2024, 18:35
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен брифинг өтті.
Сауда және интеграция министрі UTC+5 сағат белдеуімен байланысты ұстанымды түсіндірді. Үкімет сараптамалық топтың нақты пікірінің қорытындысы бойынша қабылданған бұл шешімді қолдады.
Тілшілер доллар бағамының қазақстандықтардың сатып алу қабілетіне әсері, баға индексациясы мен ішкі нарықтағы бәсекелестік, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімді бағамен қамтамасыз етілуі мен оларды тұрақтандыру шаралары, сондай-ақ аймақтық сауда желілерінің өзара қолдау мәселелерін көтерді.
Министр геосаяси жағдайындағы Азия нарығындағы тенденциялар мен динамика, шикізаттық емес экспортты ұлғайту жоспарлары, тауар ағындарының әртүрлілігі және оң сауда баланстары туралы пікірін бөлісті.
Азат Сұлтанов рекордтық астық өнімі, ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті шикізат емес, дәнді дақылдарды терең өңдеу арқылы арттыру жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ ол ауылдық жерлерді дамытуға үлес қосып жатқан аграршыларды қолдау шараларына тоқталды. Мұндай жарқын патриотизм үлгілерін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында атап өтті. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерге тұрғын үй салу шығындарының жартысын субсидиялауда. Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес келесі жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру желтоқсанға дейін басталады. Сондай-ақ астықтың жаңа өнімін тікелей сатып алу жүзеге асырылатын болады.
#Брифинг #ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі #ҚР Сауда және интеграция министрлігі #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу