Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы: Қазақстанның сауда саласы тұрақты өсу қарқынын сақтап қалды

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Арман Шаққалиев 2026 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда саласы тұрақты өсу қарқынын сақтап қалғанын атап өтті. Сауда көлемі 5,7%-ға артып, көтерме сауда айналымы 24,5 трлн теңгені құраса, бөлшек сауда айналымы 11,5 трлн теңгеден асты.

Азат Сұлтанов 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою рәсімі электрондық форматқа көшірілетінін хабарлады. Цифрлық жер картасында аграршылар нақты уақыт режимінде бос жер учаскелерін және қайта бөлінуге дайындалып жатқан жерлерді көріп, өтінімдерді онлайн бере алады. Жаңа тетік жер комиссияларының қатысуын алып тастап, жер учаскелерін бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, адам факторының ықпалын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу