06 Қараша 2024, 18:03
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова журналистерді өздері жетекшілік ететін салалардың қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, Ақмарал Әлназарова МӘМС енгізудің бастапқы кезеңімен салыстырғанда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру екі еседен астам өскенін хабарлады. Кадрлық қамтамасыз етуде жағдай жақсаруда. Соңғы үш жылда кадр тапшылығы 23%-ға төмендеді. Биыл медициналық ЖОО-да бітірушілердің рекордтық көрсеткіші тіркелді — 10,5 мыңнан астам түлек. Оларды бөлу жеке жүзеге асырылды. Биыл кадрларды, оның ішінде ауылдық жерлерде бекіту бойынша жаңа нормалар енгізілетін болады. Ауылдарға жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредиттеу көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Аудан орталықтарына жұмыс істеуге келгендер үшін бюджеттік несие мөлшері өсті.
Денсаулық сақтау министрі сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға қатысты заңнаманың негізгі мәнін түсіндірді. Бұған дейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру құралдары қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда алғаш рет медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институты енгізілді, ол осы оқиғаларды медициналық ұйымдар деңгейінде қарауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында сапалы жұмыс орындарын құру міндеті тұрғанын атап өтті. 2030 жылға дейін мұндай жұмыс орындары 3 млн-нан асуы керек. Сондай-ақ ол мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы айтып берді. Министр Әлеуметтік кодекске сәйкес әділ қоғам құру, теңдік және әлеуметтік қорғау саласындағы адам құқықтарын шектеуге жол бермеу қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетінін атап өтті. Қазақстан халықаралық аренада Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялай отырып және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қосыла отырып, адам құқықтарына негізделген саясатты белсенді іске асырады.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу