Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру және стихиялық қоқыстарды жою

Үкімет үйі баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.

Жаңадан іске қосылатын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі қалай жұмыс істейді? «Балалар жылы» елімізде қандай жұмыстар атқарылды? Ал елорда мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қашан шешіледі? Вице-премьер атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу мерзімі мен олардың статистикасына тоқталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдай мен шектеу шараларын енгізудің қандай да бір алғышарттары бар-жоғы хақында және жыл соңына дейін ауылдық жерлерде қанша алғашқы көмек орталығының ашылатыны туралы баяндады.

Экологиялық ведомство қандай үрдістерді ұстанады? Ал қазақстандықтарға тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды үйрену үшін не қажет? Ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев аталған мәселеге қатысты өз көзқарасымен бөлісті.

#Брифинг #Тамара Дүйсенова #Экология министрлігі #ҚР Денсаулық сақтау министрлігі #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу