08 Шілде 2025, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың, ауыл шаруашылығы вице-министрлері Аманғали Бердалин мен Азат Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлардан алынатын өнімдерді ветеринариялық құжаттарсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жазаны қатаңдатуды ұсынып отырғанын атап өтті. Ветеринариялық жүйені одан әрі трансформациялау цифрландыруды жетілдіруді, тауарлардың тасымалдануының қауіпсіздігі мен қадағалануы жөніндегі заңнаманы жақсартуды, ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейтуді, жергілікті әкімдіктердің өкілеттіктерін кеңейтуді, сондай-ақ ұйымдастырылған шаруашылықтардың малға арналған биркаларды өз бетінше сатып алуы есебінен бюджет шығыстарын азайтуды көздейді.
АШМ 7 қосымша цифрлық сервис арқылы еліміздегі мал айналымына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Әр жануарға жеке нөмір беріледі. Барлық деректер мен ветеринарлық процедуралар тіркеледі. Электрондық қызметтерді пайдалану арқылы шаруалар мен ветеринарлар уақытты үнемдейді және қателіктер ықтималдығын азайтады.
Сондай-ақ ведомство өкілдері қазақстандықтарға фермерлерден етті онлайн сатып алуға қолжетімділік ашылатынын хабарлады. Мәселе 2023 жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін цифрлық құрал ретінде ұсынылған tort tulik мобильді қосымшасын дамытуға қатысты.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалиннің айтуынша, Tort Tulik қосымшасы жетілдірілуде. Жүйе фермерлерге ветеринарлық қызметтердің барлық спектрін онлайн режимінде алуға мүмкіндік беру үшін жасалған: малды тіркеуден бастап, сою алдында тексеру жүргізу және анықтама алу үшін маманды шақыруға дейін.
Tort Tulik кезең-кезеңімен енгізіліп жатқаны атап өтілді. Бірінші кезеңде қосымша тек ауылшаруашылық жануарларының иелеріне қол жетімді. Осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отырған екінші кезең шеңберінде цифрлық платформа барлық қазақстандықтар үшін де қолжетімді болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу