Қазақстанда базарлар мен үй жанындағы дүкендер цифрландырылуда 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Арман Шаққалиев баспасөз мәслихатында базарлар мен үй жанындағы шағын дүкендерді цифрландыруды қалай жүргізетінін айтты. Атап айтқанда, сауда және интеграция министрі еліміздегі бөлшек сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы дүкендердің қызметін де цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірленетінін түсіндірді. Республикада оларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алматыда пилоттық режимде 6 базарды цифрландыру басталды.

Оның айтуынша, бұл жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қазынаға салықтар көбірек түседі, сату географиясы кеңейеді, жұмыс орындары көбірек ашылады.

Сауда және интеграция министрі Қазақстандағы шетелдік маркетплейстердің қызметін реттеу мәселесіне де түсініктеме берді. Халықаралық тәжірибеге сүйеніп және қазіргі жағдайды ескере отырып, тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқығын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында отандық платформалардан төмен емес шетелдік платформалардың жұмысы үшін міндетті шарттарды енгізу ұсынылады. Сонымен қатар ол бүгінгі таңда отандық маркетплейс тұтынушылардың құқығын қорғау тұрғысынан шетелдіктерге қарағанда әлдеқайда сенімді екенін атап өтті. 

Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтетін IX қысқы Азия ойындарына дайындық барысы туралы айтып берді.

Аталған ойындарға сапалы дайындық мақсатында қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командалар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық жарыстарға қатысқаны атап өтілді.

Туризм және спорт министрі сонымен қатар Қытайдағы қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларға арналған киімнің сапасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Министр журналистерді спорттық киім стандарттарға сәйкес әрі ойындарды өткізу кезеңінде Харбин мен Ябули қалаларында болатын ауа-райын ескере отырып тігілгеніне сендірді. Киімді демеушілер өз есебінен тігіп, оның сапасын жақсы бағалаған спортшыларға сыйға тартты. Ол сондай-ақ Ұйымдастыру комитетімен келісілді, оның сапасын министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы бағалады, оның құрамына Олимпиада чемпиондары да кіреді.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу