22 Шілде 2025, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров және «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «Qazindustry» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов қатысты.
Баспасөз мәслихатында Олжас Сапарбеков отандық автомобиль мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін локализациялау мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл салалар локализациялау бойынша көш бастап тұр, себебі елімізде осы салаларда өндірісті локализациялау бойынша өндірушілерге заң жүзінде міндеттемелер көзделген. Бұл көрсеткіштің есебі ел аумағында өндірушілер игерген технологиялық операциялардың үлесі бойынша жүргізіледі. Қолданыстағы заңнама аясында өндірушілер локализациялау деңгейін жыл сайын арттыруға міндетті. Нәтиже бар – егер бастапқы кезеңде Қазақстанда тек ірі торап құрастырылса, бүгінде бірқатар модель бойынша дәнекерлеу және бояу процестері де жасалады. Сондай-ақ қосалқы компоненттік базалар да дамып келеді. Былтыр елімізде мультимедиялық жабдықтар өндірісі іске қосылды, автокөлік орындықтарын шығару жолға қойылды, алдағы уақытта бампер және басқа да пластикалық бұйымдарды өндіру жобасы жүзеге асырылмақ. Жақын арада автобусқа арналған металл компоненттер өндірісінде отандық мырышталған болатты қолдану жоспарланып отыр.
Сондай-ақ вице-министр қолданыстағы теміржол техникасы өндірісіне де тоқталды. Олжас Сапарбековтің айтуынша, бүгінде Астанада электровоздар мен тепловоздарды шығаратын екі кәсіпорын – Alstom және Wabtec жұмыс істейді. Алдағы уақытта ел аумағында қажетті көлемде өндірілмейтін маневрлік тепловоздарды жаңарту көзделіп отыр.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу