04 Наурыз 2025, 17:27
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «Қазақстанның Даму банкі» басқармасының төрағасы Марат Елібаев, сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ринат Гаппаровтың қатысуыман баспасөз мәслихаты өтті.
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов баспасөз мәслихатында елімізде Ұлттық банк пен Үкімет қабылдап жатқан 100-ден астам іс-шараны қамтитын инфляцияға қарсы шаралар кешені жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Аталаған шаралар кешенін табысты іске асыру инфляцияның төмендеуіне әкелді.
Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин холдингтің Қытай банкінен 400 млн юань несие алғанын хабарлады. Алынған қаражатты юаньмен 7-8% пайыздық мөлшерлемемен 10-15 жыл мерзімге ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға бағыттау жоспарлануда. Сондай-ақ ол қазір қаражат ауыл шаруашылығында, соның ішінде өсімдік шаруашылығында да қолданылатынын айтты.
Холдинг басшысы сондай-ақ экономикаға, әсіресе ірі инвестициялық жобаларға кредит беруді жандандыру мақсатында Ірі бизнес үшін кепілдік қорын құру туралы шешім қабылданғанын айтты. Қор екінші деңгейлі банктердің өтімділігін экономикаға несие беруге және жеке және мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет ететін болады. Механизмнің негізгі идеясы – мемлекет ірі жобаларды несиелендіруге байланысты қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін өзіне алады. Бұл қаржыландырудың қолжетімділігі мен шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, өз кезегінде экономика үшін маңызды бастамаларды дамытуға ықпал етеді. Холдинг жанынан құрылатын Кепілдік қоры құны 7 млрд теңгеден басталатын жобаларды қолдауға бағытталады. Аталған қор ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігі мәселесін шешу үшін пәрменді құрал болады.
Шарттар бойынша жоба бастамашысы жоба құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде өзінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Қалған 80%-ы екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан Даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, кредиторлар үшін Холдингтің кепілдігі қаржыландыру сомасының 30%-ына дейін болады.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу