23 Қыркүйек 2025, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында Арман Шаққалиев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен бас тарту жоспарланып отырғанын атап өтті. Бекітілген тізімнің орнына мемлекет жаңа қолдау механизмін сынап жатыр. Министрдің айтуынша, Ақкөл, Көкшетау және Павлодарда атаулы бағалық әлеуметтік көмек жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
АӘК алушылар тауарларды күнтізбелік жыл ішінде төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін азық-түлік ваучерлеріне ие болады. Пилоттық жоба осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. 2026 жылы оны елдің басқа аймақтарына кеңінен тарату жоспарлануда. Айдарбек Сапаров 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында малдың барлық түрлерінің саны артқанын, тиісінше, халықтың етке деген қажеттілігі толығымен қамтамасыз ететінін айтты. Мал саны 17%-ға өсті. Бұрын 7,9 млн бас болса, қазір — 8,7 млн.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу