«Экспо-2017» көрмесіндегі шетелдік технологияларды іріктеу туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 13 қазанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесіндегі шетелдік павильондардың технологияларын іріктеу үдерісі туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ сараптама жұмыс тобының мүшелері шара спикерлері болады:

• «Энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасы» ЗТБ басқарма төрағасы Елдос Абақанов;

• «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаменті директорының орынбасары Сергей Костин.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу