Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, 22 қарашада, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, ҚР ДСМ электронды денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының м. а. Бейбіт Есенбаев, сондай-ақ ҚР ДСМ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» ШБҚ-дағы РМК бас директоры Олжас Әбішев шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу