ҚР Президентінің Жолдауы аясындағы қазақстандық кәсіпорындардың жаңа технологиялық қалпы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 16 ақпанда, сағат 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жолдаудың «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атты бірінші бағыты аясында қазақстандық кәсіпорындардың жаңа технологиялық қалпы» тақырыбында брифинг өтеді.

Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев пен ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаева шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу