17 Қыркүйек 2018, 07:06
Сейсенбі күні, 18 қыркүйекте, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
2018 ж. егін жинау жұмысының барысы.
Жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту бойынша жол картасы.
Астана қаласының 2019–2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу