22 Қаңтар 2018, 09:44
Сейсенбі күні, 23 қаңтарда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
• «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру.
• Құқық қорғау қызметін, атқарушылық іс жүргізу мен сот сараптамасының мәліметтерін цифрландыру.
• Азаматтық авиацияның одан әрі даму мәселелері.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры мен басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаевтың, сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу