6 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 6 наурызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • 2018 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау;

  • Инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook«Вконтакте»TwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу