20 Мамыр 2019, 04:30
Сейсенбі күні, 21 мамырда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері;
Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу