Өңірлік даму, су ресурстары, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау бойынша баспасөз конференциясы

Бейсенбі, 7 тамыз, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Күн тәртібі – Мемлекет басшысының өңірлік даму, су ресурстары және ирригация салаларына қатысты тапсырмаларын, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы.

Баспасөз конференциясына:

- ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов;

- ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;

- ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов;

- ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев;

- ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов;

- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев қатысады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Баспасөз конференциясы #Инфрақұрылымдық даму

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу