27 Ақпан 2018, 10:50
Сәрсенбі күні, 28 ақпанда, сағат 11:00-де Үкімет үйінде «Самұрық-Қазына» ЭСАЖ электронды сатып алулары 2.0: жаңа форматта» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясы барысында келесі мәселелер қозғалады:
Бірыңғай сатып алу платформасына көшу;
Алдын-ала квалификациялық іріктеу процесін жетілдіру;
Цифрлық форматқа толықтай көшу;
Сатып алулар жүйесін жетілдірудің нәтижесі.
«Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу методология қызметінің басшысы Мұхит Магажанов және «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, «Вконтакте», Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу