24 Қазан 2017, 09:15
Сәрсенбі күні, 25 қазанда сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған энергия тиімділігі бойынша жобалар туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР ЭМ жанындағы Қоғамдық Кеңестің Экология жөніндегі комиссия жетекшісі Салтанат Рахымбекова, «Led System Media» ЖШС директоры Амангелді Таукенов, сондай-ақ техникалық ғылымдар докторы Баянды Диханбаев шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу