Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы қол қойған заңдар:

  • «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы;

  • «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы;

  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу