Қазақстан Президенті Денис Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің өліміне қатысты тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ. Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ. Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу