11 Қаңтар 2018, 12:50
Бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен Айдар Әбішев ҚР-нан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды.
Е. Әлімбаевтің алдында істеген қызметтерінің қатарында Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінде Қазақстанның кеңесші-уәкілі қызметі бар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу