30 Қазан 2017, 10:30
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан, сондай-ақ, Норвегия арасындағы халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы заңдарға қол қойды:
— «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»,
— «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы».
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу