Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобаларын Индустрияландыру картасына және «е-үкімет» жүйесіне қосу керек - ҚР Премьер-Министрі

ҚР Премьер-Министрі Серик Ахметов жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі жаңа жобаларды  «е-үкімет» жүйесінде есепке алудың мүмкіндігін  қарастыру және олардың ішінен ірі деген  жобаларды Индустрияландыру картасына қосу  туралы тапсырма берді.

                        

«Жаңартылатын  энергия көздерін  дамытудың барлық  жобаларын  жинақтау керек.   Индустрия министрлігі «Самұрық-Энерго»  компаниясымен  бірлесіп жұмыс істесін -  бірде-бір жоба   сырт қалмауы тиіс.   Олардың барлығы  есепке алынуы тиіс және  бұл есепті «е-үкіметтің» жүйесінде  қалай жүргізуге  болатынын  зерделеп көріңіздер», - деді  С.Ахметов жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелеріне арналған Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үкімет басшысы  сондай-ақ,  ең маңызды   жобаларды    республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына  енгізу керектігін   айтты. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу