30 Наурыз 2018, 06:11
29 наурызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Цифрлық темір жол» ақпараттық технологиясын дамыту Стратегиясын орындау мәселелері жөнінде брифинг өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев көлік, мультимодальды тасымалдар және темір жол инфрақұрылымында жүзеге асырылатын басқа да жобалар, сондай-ақ корпоративтік басқару саласында «Цифрлық темір жол» бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді.
«Цифрлық темір жол» стратегиясы Компанияның жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистикасы секілді маңызды қызмет көрсету сегменттеріне жаңа технологияларды енгізу мен бизнес-моделді цифрландыруды қарастырады», — деді вице-президент.
А. Нұрышев жолаушылар тасымалындағы цифрландыру жобаларына тоқталып өтті, онда клиентке бағдар беруді арттыру мәселесі қаралады. Электрондық билеттерді сату жүйесі іске асырылды. Тарифтерді динамикалық басқару және клиенттердің сұранысын 24/7 тәсілімен орталықтандырылған басқару жүйесін енгізу көзделген.
17 станцияда цифрлық жол диагностикасын, Көліктік бақылау және сандық қызметтер орталығын енгізу бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.
«Көліктік-логистикалық кешенді цифрландыру тасымалдарды ұйымдастыру процестерінің ашықтықтығын қамтамасыз етеді, тиімділікті арттырады және операциялық шығындарды азайтады», — деді вице-президент.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ ықпалдасқан жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Владимир Петров тасымалдау үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатындағы ақпараттық жүйені өндіріске енгізу туралы баяндады.
В. Петровтың айтуынша, автоматтандыру тасымалдауды оперативті басқаруға, бағыттарды кешенді өңдеуге, пойыз-вагон қозғалысын жоспарлау мен болжауға, локомотивтердің электр энергиясы мен отын тұтынуын бақылауға бағытталған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк шаруашылығындағы «Келісім және коммерциялық жұмыстарды» автоматтандырылған басқару жүйесі табысты жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша «бірыңғай электронды терезе» қағидасымен жоспарлау, тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, тасымалдау жұмыстарына қатысты электронды ақы төлеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жүк жөнелтушілер Интернет арқылы «ККЖ» АБЖ көмегімен тасымалдауды жоспарлап, оған тапсырыс береді және тасымалдау құжаттарын ресімдеп, тасымалдаудың тарифтік көрсеткішін алдын ала есептеуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда бұл жүйеде 20 мыңнан астам тапсырыс беруші және 5 мыңнан астам жүк станцияларының жұмысшылары тіркеліп, жұмыс жасап жатыр», — деді В. Петров.
Цифрландыу процестері корпоративтік міндеттерді де қамтиды. «ҚТЖ» бөлімшесінің «Жоспарлаудың ықпалдастырылған жүйесі» бағытының — «Бизнесті трансформациялау орталығының» басшысы Мадияр Сұлтанбек Machine Learning элементтерімен жоспарлау жүйесін енгізудің соңғы нәтижелері туралы айтып берді. Ол ресурстарды тиімді түрде бөлуге, эксплуатациялық, коммерциялық және инвестициялық жоспарлауда тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 2021 жылға қарай тасымалдау үдерісіне қатысты шығындарды 3-4%-ке оңтайландыру жоспарда бар.
Брифинг барысында спикрлер өндірістік процестерді, көліктік логистиканы, жеткізу тізбектерін одан әрі цифрландыру, электрондық билеттерді сату технологиясын жетілдіру және темір жол шаруашылығының қызметін дамыту туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу