Роман Скляр Ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдері ішкі нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады. 

Комиссия «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ға өңірлерге жанар-жағармай материалдарын басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг агенттіктеріне жанар-жағармай материалдарының бағасын белгіленген шектен асыру фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу