ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау: 2027 жылға дейін үш қалада 5G технологиясының үлесі 75%-ға дейін артады

Цифрлық инфрақұрылым аясында азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің 100%-ы қашықтан онлайн беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Бүгінде eGovMobile қосымшасын 13 млн адам пайдаланып, 17 млн астам қызмет көрсетілді. 26 қызмет проактивті форматта көрсетіледі. 

Платформалық модельге көшу үшін «QazTech» отандық платформасын құру бойынша бұлттық технологияларға көшу кезеңі іске асырылады.   

«Әлеуметтік қорғау» бағыты аясында «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық режимде іске қосылды. Қазіргі уақытта 80 критерий бойынша 6,5 млн отбасына мониторинг жүргізілді. Келесі жылы оны өндірістік пайдалануға қосу жоспарланып отыр. 

«Жаңа цифрлық мүмкіндіктер бағыты бойынша барлық қалалар мен аудан орталықтарында кең жолақты Интернетті қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі ұялы байланыс бойынша жағдайға тоқталсақ, 3G технологиясы бойынша 3 мыңнан астам елді мекен, 4G – 1 628 елдімекен қамтылған», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. 

Мыс кабелімен өткізілген сымды байланыс 34%-ды, ал оптика 26%-ды құрап отыр. Әлемде мыс кабелі мен 3G технологиясының ескіруін назарға ала отырып, 2027 жылға дейін оларды түпкілікті ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. 

Сондай-ақ мобильдік 4G технология 100%-ға жеткізіліп, оптика инфрақұрылымы 90%-ға арттырылады. 

Сонымен қатар 2027 жылға дейін 5G технологиясының Астана, Алматы және Шымкенттегі үлесі 75%-ға, ал облыс орталықтарында 60%-ға көтеріледі.    

Бағдат Мусиннің айтуынша, келесі маңызды іс-шара – бұл республикалық және басты облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосу. 

«Қазіргі кезде интернет осы жолдардың 25%-да ғана қосылған. Ал, ұялы байланыс 86%-ды құрайды. 2027 жылға дейін осы жолдардың 100% интернетпен және ұялы байланыспен қамтылатын болады», — деді ведомство басшысы.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, бұл іс-шаралар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде жүргізіліп, операторларға берілген салық преференциялары мен олардың инвестициялары негізінде қаржыландырылып, республикалық және жергілікті бюджет шығындарымен толықтылырады.                                                                

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 25 мың жұмыс орны құрылады. Ал экономиканың жыл сайынғы өнімінің өсуіне цифрлық технологиялардың қосатын үлесі 1%-ға дейін жеткізіледі. Яғни, бұл жерде жыл сайынғы экономиканың өсу динамикасына АКТ-ның қосқан үлесін бүгінгі 0,3%-дан 1%-ға дейін артады.   

Оның сөзінше, бұл үшін айти мамандарын 3000 ваучермен қолдап, барлық қалаларда өңірлік технологиялық хабтарды ашумен қатар, елімізге шетелдік компаниялардың «релокациясы» қолдау табады.    

2023 жылдан бастап әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлерді жалға беру бағдарламасы бекітіледі. Келесі жылы 20 мың бала қамтамасыз етіледі. 

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару және тиімді қолдануды мониторингілеу үшін Қазақстан ғарыш сапары негізінде JerInSpectr платформасын 1 шілдеден бастап іске қосылды. Платформа жер пайдаланудағы бұзу фактілерін анықтау және шаралар қабылдауға бағытталған.

«Алдағы уақытта мемлекетке қайтарылған жерлердің ашық әрі әділ бөлінуін қадағалау үшін AGROSPACE ауыл шаруашылығы өндірушілерінің платформасы құрылады. AGROSPACE-те жеке кабинет негізінде өрістердің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді», — деді Бағдат Мусин.

Сайлауалды Президент бағдарламасына тиімді мониторинг жасау үшін 2023 жылы жобалық басқару жүйесі іске қосылады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу