Қазақстанда «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру акционерлер қатарына 34 мың азаматты тартуға мүмкіндік берді
Қазақстанда «Халықтық IPO» (IPO ағылшын тілінде Initial Public Offering) бағдарламасын жүзеге асыру еліміздің азаматтарына алғаш рет ірі ұлттық компаниялардың бірге иемденушілері болуға мүмкіндік берді. Сонымен, өткзілген «ҚазТрансГаз» АҚ ІРО 34 мыңға жуық қазақстандық газ-көлік компаниясы акцияларының шамамен 8% иеленді.
Сарапшылардың пікірінше, «ҚазТрансОйл» IPO қазірдің өзінде жағымды әсер берді: қазақстандықтардың экономикаға инвестициялауға сенімінің артуы, еліміздің қор нарығында инвесторлар санының артуы. Жалпы компаниялар үшін акцияларды орналастыру инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша қаржыландыруды тартуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде бүгінде сауалнама тапсырған қазақстандықтардың 51,7% «Халықтық IPO» бағдарламасы туралы хабардар болған. Сонымен бірге, жауап берген қала тұрғындарының 56,5%, ауыл тұрғындарының арасында - 45,3% ол туралы біледі. Сатылымға жеті ірі отандық компаниялардың акциялары қойылады, олардың ішінде 2014 жылы - "KEGOC" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ; 2015 жылы - "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ және "Казтеміртранс" АҚ; 2016 жылы - "Қазатомпром" АҚ мен "ҚазМұнайГаз" АҚ.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз