17 Қараша 2025, 12:57
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қарқынды түрде цифрландыру жалғасуда. Бүгінгі таңда электронды форматтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі 90,4%-ды құрайды. Тізілімде 1 448 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бар, оның басым бөлігі онлайн форматта қолжетімді. Одан бөлек, көрсетілетін қызметтердің 90,6 %-ын смартфон арқылы алуға болады, бұл процесті азаматтар үшін барынша ыңғайлы ете түседі. Елімізде сондай-ақ цифрлық құжаттардың 39 түрі енгізілген, олар қағаз түрлерін толықтай алмастыра алады.
IT-сектордың дамуы
Отандық IT-компаниялар көрсеткен IT-қызметтердің көлемі 2021 жылғы 646 миллиард теңгеден 2024 жылы 1,74 триллион теңгеге дейін, IT-қызметтердің экспорты 2021 жылғы $60,07 млн-нан 2024 жылы $690 млн-ға дейін өсті. 2025 жылдың І тоқсанында IT-қызметтердің экспорты $515,5 млн-ды құрады.
Astana Hub алаңында стартаптар мен IT-компанияларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасуда. Astana Hub өзінің экожүйесінде 1832-ге жуық компанияны жинады, оның ішінде 465-і шетелдік компаниялар. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Astana Hub-қа қатысушылардың кірісі 368,3 млрд теңгені құрады. InDrive, Netcracker, Playrix, Telegram сияқты және т.б. технологиялық алыптармен ынтымақтастық қарқынды түрде жүруде.
Елімізде жасанды интеллекті экожүйесін дамыту
Жасанды интеллекті экожүйесін дамытудың негізі қалануда. Сенатта жасанды интеллекті туралы заң жобасы қаралуда, ол технологияларды қауіпсіз және тиімді дамыту үшін құқықтық негіз қалайды. 5 жылда 1 млн азаматты жасанды интеллекті негіздеріне оқыту жоспарлануда. Қазірдің өзінде еліміздің 20 жоғары оқу орнында тиісті білім беру бағдарламалары енгізілді. Осы жылы қазанда Alem.AI – Халықаралық ЖИ орталығының ашылуы жоспарланып отыр.
Суперкомпьютерді іске қосу
Осы жылы 9 шілдеде Аlem.cloud Ұлттық суперкомпьютер орталығы іске қосылды. Суперкомпьютердің мүмкіндіктері мемлекеттік органдарға, ғылыми институттарға, жоғары оқу орындарына, бизнес пен стартаптарға қолжетімді болады. Суперкомпьютер негізінде мемлекеттік қызметтерде қолданылатын қолданбалы ЖИ модельдерін, оның ішінде үлкен тілдік моделдерді оқыту, ЖИ агенттерін әзірлеу, деректерді талдау, контент құру және модельдеу міндеттерін тестілеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қарашадағы ТОР500 рейтингіне өтініш беру үшін High Performance LINPACK (HPL) тестін өткізуге байланысты есептеу ресурстарын қолжетімділік тоқтатылды. Аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін есептеу ресурстарына қолжетімділік қалпына келтірілетін болады. Оның есептеу ресурстарын қолжетімділік Ұлттық жасанды интеллект платформасы арқылы қамтамасыз етіледі. ЖИ енгізу контекстінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюрократиядан арылтуға және мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасуда.
Ұлттық жасанды интеллекті платформасы тәжірибелік пайдалануға берілді, ол ЖИ экожүйесінің барлық негізгі құралдары мен қызметтеріне орталық қосылу нүктесі болады. Бүгінгі күні ҰЖИП базасында ЖИ шешімдерінің 14 прототипі жасалды.
Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру үшін Премьер-министрдің жетекшілігімен Цифрлық штаб құрылды. Штабтың шешімімен бүгінде 200-ден астам құрамдас бөлікті қамтитын Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл интеграцияға жұмсалатын еңбек шығындарын қысқартуға, функционалдылық пен статистикадағы айырмашылықтар бөлігінде ақпараттық жүйелердің бірін бірі қайталау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды интеллектіге арналған деректер массивтерімен жұмыс істеу регламенті және оны жүзеге асыру жоспары бекітілді. Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша барлық мемлекеттік органдардың Aitu қазақстандық мессенджеріне көшуі жүзеге асырылып жатыр. Одан бөлек, азаматтарға шотында нөлдік теңгерім болған жағдайда да EGOV, eOtinish, Aitu сынды және басқа да бірқатар қызметтердің тегін қол жетімді болуына шара қарастырылған.
Елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету
Бүгінгі күні 6 179 елді мекеннің ішінде 119 қала (оның ішінде 90 қала және 29 қала үлгісіндегі кент) пен 4 906 ауыл 3G (2 724 ауыл) және 4G (2 182 ауыл) технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. ADSL технологиясы бойынша 1 902 ауылда, ал талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша 2 654 ауылда қолжетімділік бар. 2027 жылдың соңына дейін 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Байланыспен қамтамасыз ету Үкімет үшін басым міндет. Бүгінде байланыспен 119 қала, 6 179 ауылдың 4 906-ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Оған қосымша 504 шалғайдағы ауылды спутниктік технологияны қолдана отырып интернетке қосу жоспарлануда. қазірдің өзінде KazSat спутниктері арқылы 176 ауыл қосылған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауылды OneWeb спутниктік байланыспен қамту жоспарланып отыр. 2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink Қазақстанда спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсына бастады. Қазіргі таңда Starlink спутниктік интернеті 1700-ден астам ауыл мектебінде жұмыс істеп тұр. 2025-2027 жылдары «Қазақтелекоммен» келісім шеңберінде
3 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады.
Білім және ғылым: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Жыл басынан бері 26,6 мың орындық 303 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатындағы отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін 5,5 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойынша қаржыландырудың ваучерлік тетігі енгізілуде, пилоттық жобамен 20 қала мен 7 аудан қамтылды, мектепке дейінгі 4,8 мың ұйым қатысады, 505 мыңнан астам ваучер берілді. Балалардың кезектілігі 44%-ға төмендеді.
Орта білім: мектептер құрылысы және реновациясы
2024–2025 жылдары барлығы 526,8 мың орынға арналған 359 мектеп, соның ішінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 386,2 мың орындық 173 мектеп салынды. Олардың арасында 2025 жылдың басынан бері 153,8 мың орындық 102 мектеп, оның ішінде жоба шеңберінде 68 мектеп, бюджеттен тыс көздер есебінен 34 мектеп бар. Жыл соңына дейін тағы 92 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде жоба аясында – 44. 245 мектепке кешенді жаңғырту жүргізілуде, бұл 95 мыңнан астам оқушының білім алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта 132 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 104 мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда:
Балаларға арналған қосымша білім беру
2025 жылдың 9 айында балаларды қосымша біліммен қамту жалпы оқушылар санының 86,3%-ынан (3,2 млн бала) 87,2 %-ына (3,4 млн бала) дейін өсті, оның ішінде тегін үйірмелер мен секциялармен балалардың 62 %-ы (2,4 млн) қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 %-ға жоғары.
2025 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін қосымша білім беру ұйымдарының желісі өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға өсіп, 2 142 бірлікті құрады (2023 жылы – 1625 бірлік, 2024 жылы – 1713 бірлік). Тегін үйірмелер мен секциялардың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында 2025 жылғы маусымнан бастап 6 қалада (Астана, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда) пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Сабаққа қатысу күн сайын цифрлық форматта тіркеледі, ал бірыңғай платформа процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Балалардың демалысы мен оларды сауықтыру
2025 жылы балаларды сауықтыру және еңбекпен қамту өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 200 мың балаға – 3,2-ден 3,4 млн балаға дейін өсті. Мектеп жанында 10 043 лагерь және қала сыртындағы 192 балаларға арналған сауықтыру орталығы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін осындай 50 орталық құрылады, қазірдің өзінде оның 7-еуі ашылды, 2025 жылдың соңына дейін тағы 24 орталықты ашу жоспарлануда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру-сауықтыру қызметтерін лицензиялау енгізіледі.
Тамақтандыру
2025 жылы 1,7 млн мектеп оқушысы, олардың ішінде әлеуметтік осал топтар санатындағы 1,4 млн астамы бастауыш сынып оқушысы және 340 мыңнан астам 5-11 сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Осы мақсатқа шамамен 192 млрд теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік осал топтар санатындағы 99 056 тәрбиеленуші тамақпен қамтамасыз етілді, бұл мақсатқа 18,4 млрд теңге бөлінді. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында көкөніс пен жеміс тұтынуды арттыруды, тұз, қант және май мөлшерін азайтуды, сондай-ақ табиғи емес өнімдерді (шұжық өнімдері, қақталған тағамдар, құрамында қосылған қанты бар шырындар) алып тастауды көздейтін тамақтану стандарты енгізілді. Балаларды тамақтандыру, орналастыру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу мен сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы алатын субъектілерді «жоспардан тыс» тексеру қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізілуде.
Балалар құқықтарын қорғау
Өңірлерде балалар мен ата-аналарға көмек және шұғыл консультация беруді қамтамасыз ететін балаларды психологиялық қолдаудың 20 орталығы жұмыс істейді. 2025 жылдың 9 айында КҚО балаларға, ата-аналарға және педагогтарға 23 мыңнан астам жеке консультация өткізілді. Әр мектепте отбасы, әйел құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығының QR-кодтары орналастырылған. Жыл басынан бері 90 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап отбасылық орналастырудың жаңа нысаны – баланы қабылдайтын кәсіби отбасы енгізілді (әр балаға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы, әрбір тәрбиешінің қызметтеріне ақы төлеу – 70 АЕК), жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге көзделген. Балалардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында қорғаншылық органдары мамандарының штат санының нормативі 5 мың балаға кемінде бір маман арақатынасында енгізілді, ол 1 жыл ішінде мамандар санын 3 есеге – 303-тен 1 006 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды, ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың жинақтаушы шоттарына аударуды көздейді, оны мерзімінен бұрын алуға болмайды, кейіннен қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге пайдалану мүмкіндігі беріледі. 2024 жылы Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100,52 есептелген. 2025 жылы Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $129,38 есептелген. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге 185 924 өтінім берілді, оның ішінде жалпы сомасы 22 921 132 АҚШ долларына 156 956 өтінім орындалды:
- тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 108 629 өтінім берілді, оның ішінде 98 046 өтінім орындалып, $14 142 897 төленді;
- білім беру ақысын төлеуге 77 295 өтінім берілді, оның ішінде
58 910 өтінім орындалып, $8 148 236 төленді.
Техникалық және кәсіптік білім беру
2025–2026 оқу жылында колледждерге 189 мың талапкер қабылданды (2024 жылы – 177 мың): мемлекеттік тапсырыс бойынша – 145 мың (2024 ж. – 143 мың), ақылы негізде – 44 мың (2024 жылы – 35 мың). Сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 9-сынып базасында білім алушылардың 100%-ы қамтылды (геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік, құрылыс, тағы да басқалар). Мемлекеттік тапсырыстың 70% техникалық мамандықтарға бағытталған. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір студенттің жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2024 жылы 437 мың теңгеден 2026 жылы орташа есеппен 913 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Студенттердің шәкіртақысы 2 есе өсті (2022 ж. салыстырғанда) және орта буын мамандықтары бойынша – 41 896 тг, жұмысшы біліктіліктері бойынша – 43 574 теңгені құрайды. Жұмысшы біліктіліктер бойынша білім алатын барлық студенттер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 622 колледжге 4 мыңнан астам кәсіпорын қамқорлық көрсетеді. Жыл сайын міндетті жұмыспен қамтылған кәсіпорындардың өтінімдері негізінде 10 мың талапкерді қабылдау, осы жылы – 13 мың адам (барлығы 33 мың студент). Кәсіптік стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс берушілермен бірлесіп 9 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 18 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен 552 колледжде 2024 жылы 90 мыңнан (немесе 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың 28,9%) дуальды оқытумен 108 мың студентке дейін қамту ұлғайтылды. 2025 жылдың соңына дейін 35%-ға дейін қамту немесе 130 мың адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2025 жылдың басынан бастап 74 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, жыл соңына дейін тағы 39 колледж жаңартылады. Академиялық ұтқырлық, халықаралық салалық аккредиттеу т.б. стратегиялық серіктестік мәселелері бойынша Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада, Сингапур, Италия, Ұлыбритания және Швейцария елдерінің шетелдік колледждерімен 50-ден астам келісім жасалды. 2025 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы Euroskills Herning 2025-те (Дания) жақсы нәтижелерге қол жеткізді: 5 құзыреттілікте 7 үздік медальон және «Ұлттың үздігі» номинациясын иеленді: веб-технологиялар, мехатроника, графикалық дизайн, желілік және жүйелік әкімшілендіру, CAD инженерлік дизайны. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Наурыз Жұмыскер» жеңілдікті ипотекасы іске қосылды (мөлшерлеме 7-9%, займ 36 млн теңгеге дейін). 2025 жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы аясында 2361 өтінім мақұлданып, оның ішінен 46,5 млрд теңге сомасына 1918 займ берілді.
Жоғары білім. Қолжетімділікті қамтамасыз ету
2025–2026 оқу жылына 93 232 білім беру гранты бөлінді, оның ішінде бакалавриатқа – 77 084 грант, магистратураға – 13 229 және докторантураға – 2 919 грант бөлінді. Мемлекеттің (бір реттік бастапқы капитал – 60 АЕК), қорлардың, ата-аналар мен банктердің қатысуымен 5 жастан бастап білім беру капиталын қалыптастыруға арналған «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі енгізілді. Жиналған қаражат есебінен жоғары білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға болады. Қазіргі таңда 133,9 мыңға жуық салым ашылған. Стипендия мөлшері екі есеге артып (2020 жылмен салыстырғанда), 52 372 теңгені (педагогикалық мамандықтарда – 84 000 теңге) құрады (2020 жылы – 26 186 теңге, 2024 жылы – 47 135 теңге).
Студенттік жатақханалар
2025 жылы 10 276 орындық 29 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған, жыл басынан бері 5 597 орынмен 11 жатақхана пайдалануға берілді. Жалпы 2018 жылдан бері тапшылық 72,5 %-ға – немесе 2024-2025 оқу жылы 61,4 мыңнан 2018-2029 жылға қарағанда 16,9 мың орынға қысқарды.
Халықаралық білім беру кеңістігіне интеграция
2025 жылы жетекші шетелдік ЖОО-ның – Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, РФ филиалдарының 9-ы ашылды (бүгінгі күні 33 филиал жұмыс істейді). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Омск қаласында (Ресей Федерациясы) және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Ош мемлекеттік университетінің базасында (Қырғызстан) филиалдары ашылды. 2025 жылы 20 қазақстандық ЖОО QS WUR 2026 рейтингісіне енді, оның ішінде 3 ЖОО QS World University Rankings (WUR) 2026 рейтингісінде жоғары орындарға ие болды (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (166-шы орын), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (317-ші орын), К.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЖ (Satbayev University) (331-ші орын). Times Higher Education 2026 рейтингісінде Қазақстан бес университетпен ұсынылған. Назарбаев Университеті өткен жылғы нәтижесін (501–600) жақсарта отырып, топ-500-ге енді (501–600 орын). Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) – 1501+ санатында рейтингіге алғаш рет енді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1201-1500 орын), Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (1501+ орын), Сатпаев Университеті (1501+ орын). Қазақстандық репортер-ЖОО саны 19-дан 27-ге дейін артты. 30 ЖОО-да жасанды интеллект саласында 38 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындалуда. AI-Sana бағдарламасы енгізілді, жасанды интеллект және кәсіпкерлік саласындағы бағдарлама бойынша 440 мыңнан астам студент оқытылды.
Маңызды оқиғалар
2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында өткен жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ІІІ Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 4 күміс және 11 қола. 2025 жылдың 10 қыркүйегінде Coursera жылдық конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім саласы Coursera «Learning Hero» халықаралық сыйлығымен марапатталды, бұл сыйлық бүкіл ел мен сала бойынша оқыту үшін цифрлық құралдарды енгізуіге, жаһандық онлайн-платформалар арқылы білімді трансформациялауға қатысты берілді.
Ғылым. Ғылымды коммерцияландыру
Satbayev University металлургия институтының технологиясы бойынша «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-де алғаш рет вакуумдық дистилляция әдісімен СТ-1 маркалы техникалық селен алынды. Өнімнің тазалық деңгейі 99,5 %-ға жетіп, селеннің қосылған құнын
30 %-дан 97 %-ға дейін арттырды. 100 тоннадан тұратын алғашқы экспорттық партия халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және түсті металлургияның жаһандық нарығында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Назарбаев Университетінің ғалымдары литий-ионды аккумуляторлар үшін отандық шикізаттан катодты материалдар прекурсорларын өндіру технологиясын әзірлеп шығарды. Өндірістің әлеуетті көлемі 40 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл шешім аккумулятордың құрамдас бөліктерін жеткізудің жаһандық тізбегінде Қазақстанның негізгі өндірушіге айналуына жол ашады. Сілтісіздендіру бойынша шешімдер әзірлеу мақсатында «Казгидромедь» ЖШС жанынан «Қазақмыс» компаниясының R&D орталығы іске қосылды. Аризона университетінің, Қозыбаев университетінің ғалымдары «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бірлесіп, күкіртті қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар жаңа материалдарға қайта өңдеу бойынша жұмыс жүргізуде. 2025 жылы ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша жаңа 62 шарт жасалып, жалпы 267 жоба жүзеге асырылу сатысында.
Ғылыми жобаларға жеке инвестициялар көлемі бүгінде 20,4 млрд теңгеге жетті, алдағы уақытта тағы 8,8 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Жобалардың аяқталуына қарай жеке қоса қаржыландыру үлесі 32 %-ға дейін өседі. 2025 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның атом саласын дамыту, кадрларды даярлау және атом энергетикасына ғылыми-техникалық қолдау көрсету, ядролық технологияларда фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді қолдану туралы шешімдер қабылданды.
Денсаулық сақтау саласы: кадрлық қамтамасыз ету
2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 10 530 маман бітірген. (2024 жылы – 10 570), оның ішінде 2025 жылғы түлектердің 1333-і (34%) ауылдық медициналық ұйымдарға бөлінген (2024 жылы – 370 адам немесе 17%). 2025 жылы өңірлердің өтінімдері мен қажеттіліктерін ескере отырып, 5 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бастап 8,5 млн теңге бойынша біржолғы ақшалай төлемді ауылдық денсаулық сақтауда жұмыс істейтін 16 аса тапшы мамандық бойынша 254 дәрігер, 2025 жылы – 105 маман алды. Жүргізілген шаралардың нәтижелері бойынша дәрігерлердің тапшылығы өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға және орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 13%-ға төмендеді. Бұл ретте ауылдағы дәрігерлер тапшылығының 17%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. МСАК және ауыл деңгейінде тар бейінді бағыттар бойынша мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 1 қыркүйектен бастап 6 мамандық (ЖПД, терапия, педиатрия, хирургия, балалар хирургиясы, акушерлік және гинекология) бойынша интернатурада дайындық басталды. Сондай-ақ осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 14 балалар мамандығы бойынша резидентурада дайындық басталды. Сапаны арттыру мақсатында жалпы білім беру есебінен базалық пәндерге 10 кредитке ұлғайту жағына қарай дипломға дейінгі деңгейде дәрігерлік кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламалары қайта қаралды. Медициналық білім беруді халықаралық кеңістікке интеграциялау шеңберінде:
- осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды медициналық және Қазан Федералды университеттері (70 білім алушы) арасындағы меморандум шеңберінде қос дипломды бағдарламаға бакалаврларды бірінші қабылдау жүзеге асырылды;
- Пәкістанда медицина университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталуда.
Медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін бап бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, ІІМ-мен Бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді, оның шеңберінде 152 полиция бекеті белгіленді.
Бүгінгі таңда 98% мемлекеттік және 76% жеке медициналық ұйымдардың 3,1 млрд теңге сомасына кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға шарттар жасасты. Бұл ретте, тек 16 жағдайда (өтінім – 156) 106,5 млн теңге сомасына төлем жүргізілді. Осыған байланысты сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін қайта қарау қажет.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Дәрілік заттарға баға белгілеудің ашықтығын арттыру мақсатында шекті бағаларды қалыптастыру тетігі қайта қаралды: артық шығыстар алынып тасталды, генериктердің шекті бағасы бастапқы препараттар құнының 30%-ына дейін төмендетілді. Тек ТОП-20 шығыны көп препараттар бойынша болжамды үнемдеу шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Жалпы ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде шекті бағалардың 19%-ға, көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде 30%-ға дейін төмендеуі күтілуде (ерекше және жоғары технологиялық препараттарды қоспағанда, дәрілердің 90%-дан астамы). «Бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттарды тіркеу мерзімі 100 жұмыс күніне дейін қысқартылды, реттеушілік беделі жоғары елдер (АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Ұлыбритания, Жапония) үшін 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жеделдетілген тіркеу енгізілді.
Отандық фармацевтика өндірісі
Отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін 2029 жылы 50 %-ға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдануда. 210 қазақстандық тауар өндіруші тіркелді (2024 жылы – 207), оның
43-і дәрілік заттар шығарады. Өткен жылы фармацевтикалық өнім көлемі 21,8%-ға ұлғайып, 175,8 млрд теңгені құрады, тартылған инвестициялар көлемі 2 есе (2024 жылы 46,9-дан 91,3 млн АҚШ доллары) ұлғайды. 2024 жылы экспорт көлемі 32,9%-ға артып, $52,1 млн-ды құрады.
Қазақстандық 34 тауар өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 151,4 млрд теңге сомасына 2 466 фармацевтикалық өнім атауын шығаруға 90 ұзақмерзімді шарт, сондай-ақ Pfizer (АҚШ), Hoffmann-La Roche (Швейцария), AstraZeneca AB (Ұлыбритания (британ-швед)) компаниясымен 6 түпнұсқа дәрілік затты жеткізуге 3 ұзақмерзімді келісімшарт жасалды. Жаңа тетіктер енгізілуде: бірқатар преференциясы бар инвестициялар туралы келісімдер. Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде дәрілік заттарды өндірушілер үшін ерекше жағдайлар қолданылады. Бүгінгі таңда 398,2 млрд теңге сомасына 9 инвестициялық жоба қаралуда. Жалпы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10-13 %-ды құрайды.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде 601 МСАК объектісі салынды және ағымдағы жылы тағы 54 нысанды аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ 32 аудандық аурухананы көпбейінді орталық аудандық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғырту жалғасуда, оның ішінде Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 8 аурухана көпбейінді болып қайта құрылды (Қарағанды облысының Теміртау қаласы, Балқаш қаласы, Ұлытау облысының Жаңаарқа КОАА, Абай облысының Үржар КОАА, Жамбыл облысының Шу, Меркі, Талас КОАА, Маңғыстау облысының Бейнеу КОАА).
Денсаулық сақтауды цифрландыру
Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмыстары жалғасуда. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді цифрлық сәйкестендіру бойынша «Цифрлық құжат» және Face ID жобасы іске қосылды. Есеп айырысу мен төлемнің ашық және әділ жүйесін құру мақсатында барлық өңірлерде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» енгізілді. Медициналық анықтамаларды электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру дәрежесі 87,3 %-ды құрайды. Дәрігерлердің қауіпсіздігін арттыру үшін Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері үшін бейнежетондарды енгізу бойынша пилот іске қосылды. Барлық медициналық деректерді шоғырландыру үшін медициналық деректерді бірыңғай сақтау орны құрылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу