Қазақстанда креативті индустрияларда 95 мың адам жұмыс істейді – Аида Балаева

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау тақырыбы бойынша баяндама жасады.

«Жалпы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазір қайта құру процедурасын аяқтап жатқанын білесіздер. Дегенмен жетекшілік ететін барлық бағыт бойынша жұмыстар тоқтамай, жалғасуда. Министрлік ақпарат, мәдениет, азаматтық қоғам, дін және ұлтаралық қатынастар, отбасы және жастар, сондай-ақ мұрағат ісі салаларын реттеумен айналысады», — деді деді министр.

Одан басқа Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында Үкімет алдына бірқатар жаңа міндет қойды. Оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустрияны дамытуды қолға алуды тапсырды. Шығармашылық индустрия, креативті экономика немесе білім экономикасы – бұл, ең алдымен, идеялар мен технологиялар негізінде дамитын зияткерлік қызметпен тығыз байланысатын экономика секторы. Бұл уәкілетті орган ретінде министрлік жұмісінің ең негізгі бағыты.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика үшін аса қажетті креативті индустрияны қолға алуды осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан. Қазір сол бастама ел игілігі үшін маңызын көрсетіп отыр. Мәселен, Үкімет Шығармашылық индустрияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, жүзеге асыруды бастады. Оған қатысты 43 қызмет түрі (зергерлік бұйымдар, IT және ойын әзірлеу, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени және демалыс мекемелері) белгіледі. Нәтижесінде ел бойынша 95 мың адам жұмыспен қамтылып, 32 мың кәсіпкердің жұмысы жанданды. Жақында шығармашылық жобалардың питчингтері, соның ішінде оқу семинарлар өткізілді. Оған 200-ден астам адам қатысты. 

Екінші деңгейлі банктер (Forte, Jusan) мен BI Group құрылыс компаниясы білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ салаларда 5-тен астам жобаны қаржыландырып, 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Қазір бұл индустрияның әлемдік нарықтағы көлемі $104,2 млрд-қа бағаланады, ал шығармашылық салалардың капиталдануы $2 трлн-нан асады. Жыл сайын көрсеткіш тағы 15%-ға өсуде.

«Айта кету керек, креативті дамытуды тек пайда үшін ғана қарастырмауымыз керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасына сәйкес шығармашылық және мәдени салалар қоғамымыздың инклюзивті және тұрақты дамуына айтарлықтай әсер етеді. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға зор үлесін тигізеді», — деді Аида Балаева.

Сондықтан, министрдің сөзінше, Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін айтты. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойды. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізілуде:

Бірінші. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулер барысында институционалдық инфрақұрылымды құрудың негізгі тәсілдері, креативті индустриямен жұмыста мемлекеттік мүлікті (мәдениет, білім беру нысандары және т. б.) пайдалану тетіктері және т. б. талқыланды.

Екінші. Қазіргі уақытта сараптамалық қоғамдастықпен және индустрия өкілдерімен бірлесіп, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар новелланы, креативті индустриядағы мамандар үшін қолдау шаралары мен преференцияларды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттерін қосуды көздейтін креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқылануда.

Үшінші. Креативті хабтардың тиімді жұмысын құру мақсатында ел өңірлерінде креативті индустрияны қолдау жөніндегі шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпарат жиналады.

Бұдан басқа Үкімет креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, іске асырып жатыр, онда креативті индустрияларды дамыту жоспарлары мен негізгі тәсілдер айқындалған.

Үкімет шығармашылық технологияларға қатысты 43 қызметті анықтады (зергерлік бұйымдар, IT және геймдевелопмент, мәдени мұра, телевизиялық бағдарламалар, фотография және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени және демалыс мекемелері). 

«Бүгінгі таңда креативті индустрияларда 95 мың адам жұмыс істейді, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны – 32 мың», — деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 

Сонымен қатар соңғы уақытта Астанада білім беру саласындағы воркшоп-сессияларын қамтитын шығармашылық жобалардың питчингтері өтті. 200-ден астам адам оқытылды. Екінші деңгейдегі банктер мен бизнесті қаржыландыру қорытындысы бойынша білім беру, сәулет және урбанистика, IT және т. б. салаларда 5-тен астам жоба іске асырылды. Осылайша, питчинг 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартты. Министрдің айтуынша, бұл – жұмыстың бір бөлігі ғана.

Қазақстан экономикасында креативті индустриялардың үлесін ұлғайту 2025 жылы 5%-ға (2023 жылы – 4,07%, 2024 жылы – 4,53%), креативті индустрияларда жұмыспен қамтуды ұлғайту 2025 жылы 4%-ға дейін (2023 жылы – 3,8%, 2024 жылы – 3,9%) жетеді, креативті индустрияларда ШОБ нысандарының саны 2025 жылға қарай 1,5 есеге ұлғаяды (2023 жылы – 66 мың, 2024 жылы – 73 мың) деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін креативті технологияларды дамыту есебінен 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, ал креативті индустриялар өнімдерінің экспорты $200 млн-ға дейін өседі.

«Әрқайсымыз креативті индустриялар біздің өңірлерімізді де, жалпы елімізді де дамытудың кешенді құралы екенін түсінеміз. Медиа, мәдениет пен креатив салаларын біріктіру кешенді және жүйелі жұмыс үдерісін құруға мүмкіндік береді, ал біздің міндетіміз – осы бағытты дамыту жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін бар күш-жігерімізді салу», — деді А. Балаева. 

Жалпы, министрдің айтуынша, алда көп жұмыс бар, өйткені креативті экономика осы уақытқа дейін дамып, өсіп келе жатқанына қарамастан, қазір ғана оның дамуы мемлекеттік деңгейде кеңейтіліп, жеделдетілмек.

Сонымен қатар Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заң бойынша пікір білдірді

Министрдің сөзінше, «Масс-медиа туралы» заңды жасау қажет болды. Өйткені 1999 жылы қабылданған «БАҚ туралы» заң моральдық тұрғыдан ескірген. 20 жылдан астам уақыт ішінде ақпараттық сала толығымен өзгерді. Заңға ондаған түзету енгізілді, бірақ соңында жаңа заң жобасын әзірлеу мәселесі туындады.

Сонымен қатар заң жобасы БАҚ сұрауларын қарау мерзімдерін қысқарту, шығармашылықты грантпен қаржыландыруға көшу, БАҚ материалдарына талап қою мерзімін белгілеуді көздейді. Оған қоса журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама жасау, баспасөз картасы арқылы аккредиттеуді жеңілдету жайы да бар. Бұл новеллалар заңнамалық жүйеге алғаш рет енгізілгенін атап өту маңызды.

«Баспасөз карталарын енгізуге қатысты айтар болсам, бұл тетік қолданыстағы аккредиттеуге балама ретінде әзірленіп жатқанын атап өтемін. Бұл, ең алдымен, журналистердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін жасалады. Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз және оларды журналистердің игілігі үшін пайдалану қисынды. Нәтижесінде біз оған бәрібір келеміз. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия сатысында алынып тасталған ескіру туралы норма мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, заң жобасына қайта енгізілді. Ескіру мерзімін үш жыл қылу туралы айтылып отыр. Бірақ мен министр ретінде медиа-қауымдастық ұсынған мерзім – 1 жылды қолдаймын», — деді А. Балаева.

Бұдан басқа «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналардың хабар тарату көлемін 50%-дан 70%-ға дейін ұлғайту ұсынылады. Ал 50 де 50 балансы қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға 1999 жылы енгізілген еді. 25 жылға жуық уақыт ішінде елдегі мемлекеттік тіл мен отандық контентті дамыту бағытындағы трендтер өзгерді. 

Сонымен қатар мәдениет және ақпарат министрі шекара маңындағы аудандарда радио хабарларын таратуды дамытуға қатысты ақпарат берді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында шекаралық аумақтардағы отандық радиожиіліктермен қамтылмаған аудандарда радиостанциялар желісін кеңейту жобасын іске асыруда. Отандық радиоарналар қосылмағандықтан, жергілікті тұрғындар бұған дейін шекаралас елдердің хабарларын тыңдауға мәжбүр болды.

Радиостанциялар желісін кеңейту шекаралық өңір тұрғындарына қазақстандық арналарды, негізінен «Қазақ радиосын» тыңдауға мүмкіндік береді. Арнайы әзірленген Жол картасына сәйкес жоба 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта төрт кезеңде іске асырылады.

2021 жылы Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралық елді мекендерінде 107 жаңа радиотаратқыш пайдалануға берілді. Барлығы 430 мыңнан астам тұрғын радиохабармен қамтылды.

Сондай-ақ министрлік Алматы, Жетісу, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының шекаралық елді мекендерінде 82 радиожиілікті тарату бойынша конкурс өткізді. Қазір жаңа радиотаратқыштарды қосу жұмыстары жүргізілуде. Министрлік жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы және Қызылорда облыстарында 38 радиожиілікті тарату бойынша конкурс өткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы бүгінде «Қазақ радиосы» ел халқының 92%-дан астамын радиобағдарламамен қамтып отыр.

Сонымен қатар мәдениет және ақпарат министрі қоғамдық бақылау туралы заңға қатысты айтып өтті.

А. Балаеваның айтуынша, өтініштерді орналастыру және қол жинау азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері мен ұсыныстарын жіберуге арналған «e-Otinish» порталы арқылы жүзеге асады. Екі жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан порталда жылына 2 млн-нан астам азаматтың өтініші қаралады.

Айта кетерлігі, аталған портал мемлекеттік органға жолдаған өтініштердің қаралу барысын толық бақылауға мүмкіндік береді. Өтінішті қарастырып жатқан лауазымды тұлғаларды және олардың байланыстары көрсетіліп тұрады. Егер азамат мемлекеттік органның әрекетімен немесе жауабымен келіспесе, e-Ontinish арқылы әкімшілік сотқа шағымдануына болады.

Оған қоса енгізілген түзетулер өтініштер қанағаттандыруға тиіс 3 нақты шартты белгілейді.

Біріншіден, порталда орналастырғанда ұқсас петициялардың болмауы. Бұл бірнеше өтініштерді қараған кезде қайталау болмас үшін қажет.

Екіншіден, өтініш қаралмайтын тақырып жоқ. Себебі «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес референдумның нысанасы бола алмайтын тақырыптар тізбесіне сай тақырыптар тізбесі ӘРК-да нақты белгіленген. Негізінен бұл Конституция бойынша Президенттің құзыретіне жататын мәселелер (рахымшылық жасау және кешірім жасау, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін лауазымды тұлғаларды тағайындау) немесе сот тәртібімен шешілетін мәселелер.

Үшіншіден, петицияны кем дегенде 50 мың адам қолдауы керек. Халықаралық тәжірибеге сәйкес бұл петицияда көтерілген мәселелерге қоғамдық мән беру үшін қажет.

«Сондықтан ашықтық пен қолжетімділік шенеуніктердің шектен шығуына қарсы басты кепілдік болмақ. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті орган ретінде мұны қадағалайтын болады», — деді министр Аида Балаева.

Петиция түзетулері туралы ақпарат төмендегідей:

2 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне онлайн петициялар институтын реттеуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңның негізгі ережелері:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті электронды (Е-Өтініш АЖ-да модуль әзірленеді) немесе жазбаша түрде өтініш бере алады.

2. Республиканың басқару нысанын, әкімшілік-аумақтық құрылымын және мемлекеттік шекарасын өзгерту, сот төрелігі, рақымшылық, ұлттық қауіпсіздік және т.б. мәселелер бойынша өтініштер берілмейді. Тақырыптар тізбесі конституциялық және қылмыстық құқықтың, сондай-ақ референдум туралы заңға сәйкес осы негізде қалыптасады. 

3. Азаматтар петицияға қосыла алады және/немесе пікір қалдыра алады.

4. Мемлекеттік органдардың өтінішті міндетті түрде қарауы үшін шекті мәндер белгіленді.

5. Орталық мемлекеттік органдар үшін өтінішті қарау мерзімі тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күнінен, әкімдіктер мен мәслихаттар үшін 20 күннен аспайды.

Өтінішті қарау барысында мемлекеттік орган бірқатар шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Атап айтқанда, жергiлiктi аралау, өтiнiш берушiні шақырып, шешiм жобасын қоғамдық талқылау, жеке комиссия немесе жұмыс тобын құру, өтiнiш бойынша келiп түскен ескертулерге талдау жасау, халықаралық тәжiрибенi зерделеу және салыстырмалы құқықтық талдау жүргiзу.

6. Өтініштің шешімін тек мемлекеттік органның бірінші басшысы қабылдайды. Қарау қорытындысы жайында бірінші басшы БАҚ-та ресми мәлімдеме жасауы керек.

7. Шекті мәнге жетпеген өтініш Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс белгілеген жалпы тәртіпте жеке хабарлама, жауап немесе ұсыныс ретінде қаралады.

8. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу