Энергетика министрлігі: 2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылға арналған стратегиялық жоспарлар

Астанада ҚР Энергетика министрлігінің 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысы барысында «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сияқты негізгі ұлттық компаниялардың басшылары 2024 жылға арналған жұмыс қорытындылары туралы есептерін ұсынып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, Парламент депутаттары, ұлттық компаниялардың, мұнай-газ және энергетика саласындағы ірі кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде сын-қатерлерге қарамастан, 2024 жыл еліміздің отын-энергетикалық кешені үшін тұрақтылық пен үдемелі даму жылы болғанын атап өтті. Бірқатар бағыттар бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді. 

«2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 87,7 млн тоннаны немесе 2024 жылғы жоспарға 97,1%-ды құрады. Ал, мұнайды өңдеу 17,9 млн тонна немесе 100%, мұнай өнімдерін өндіру 14,5 млн тонна немесе 102,1%, газ өндіру 59 млрд текше метр немесе 97,5%-ға жетті», — деп нақтылады министр. 

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, сұйытылған мұнай газ өндірісі 3 млн тоннаны немесе 101,4%-ды, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру 540 мың тоннаны немесе 102,9%-ды, электр энергиясы 117,9 млрд кВт/сағ немесе 102,5%-ды, жаңартылған энергетия көздері 7,58 кВт/сағ немесе 112,3%-ды құраған.

Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді және уранды барлауға және өндіруге 345 келісімшарт қолданылады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске геологиялық барлауға инвестициялар тартуды және сарқылатын (жетілген) кен орындарын одан әрі игеруді ынталандыратын нормаларға өзгерістер енгізілді. 

«Бұл жыл сайын қосымша 200 млрд теңгеге дейін тартуға және жетілген кен орындарында мұнай өндіру көлемін 2045 жылға қарай 60 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді», — деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Ведомство басшысының сөзінше, 2023–2024 жылдардың қорытындысына сәйкес 8 жақсартылған модельдік келісімшарт негізінде шамамен $9,2 млрд инвестиция жасалды. 

«2024 жылы мұнай бойынша алынатын қорлардың көлемі – 115,6 млн тонна, газ бойынша – 25 млрд текше метр болатын 30 кен орны барлау кезеңінен өндіруге ауыстырылды. 3 жыл ішінде бұл кен орындары өнеркәсіптік дамуға енеді. Үш кен орнына 31 млрд текше метрден астам алынатын газ қорларының көлемімен газ өндіру басталды. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге өткізілген аукциондардың қорытындысы негізінде 2024 жылы 9,5 млрд теңге сомасына қол қою бонусымен және геологиялық барлауға ең аз инвестициялармен $72,5 млн-ға 14 жер қойнауы учаскесі сатылды», — деді ол. 

Министр 2024 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61,9% немесе 3,8 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді. Қазақстандық тұтынуды оқшаулау және дамыту үшін 16 тауар тобы бойынша елеулі әлеует бар, олардың үлесіне барлық сатып алулардың, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың 60%-ы тиесілі. Отандық инжиниринг үлесін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда жобалау жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын қазақстандық және әлемдік инжиниринг компанияларының қатысуымен бірқатар бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Министрліктің 2025 жылға арналған жоспарында инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу, жаңа өндірістерді оқшаулау арқылы жер қойнауын пайдалану сатып алуларындағы Қазақстандық тұтыну үлесін 62%-ға дейін арттыру, бірегей тауарларды әлемдік өндірушілердің инвестицияларын тарта отырып, мұнай-газ саласында анағұрлым сұранысқа ие жаңа 10 тауар өндірісін оқшаулау қарастырылған.

2024 жылдың қорытындысына сәйкес, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 87,7 млн тоннаны, жоспар бойынша 90,3 млн тоннаны құрады. Ірі кен орындарында күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты өндірісте төмендеу байқалды. 

«Оған Теңіз, Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс кідірістер, Орынбор газ өңдеу зауытына газ қабылдауды шектеу, ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді орындау әсер етті», — деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.

Өткен жылы Қарашығанақта шикі газды кері айдау 5-компрессорын енгізу жұмыстары аяқталды. 2024 жылғы қыркүйекте Теңізшевройл ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. 2025 жылға мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары 96,2 млн тоннаны құрайды. 2025 жылдың ІІ тоқсанында негізгі ұлғайтудың іске қосылуы жоспарланған Теңіз кен орнын келешекте кеңейту жобасын іске асыру есебінен жоспарланып отыр. 2025 жылы Инвестициялар шамамен $598 млн-ды құрайды. Қарашығанақта ПРК-1Б бойынша 6 шикі газды қайта айдау компрессорын іске қосу жұмысы жалғасуда. Бұл өндіріс үстіртін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді. 2025 жылы инвестиция көлемі шамамен $140 млн-ды құрайды. 

«Қазіргі таңда “Қаламқас-теңіз” және “Хазар” жобалары шеңберінде жұмыстар жалғасып жатыр. 2025 жылы FEED жобалауды аяқтау, ЕРС тендерлер өткізу, жоба жөнінде түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау жоспарланып отыр. Ол бойынша ең жоғары мұнай өндіру көлемі 4 млн тоннаға дейін болады. Жобаны іске асыруға $6,6 млрд инвестиция салынады», — деді министр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорттаудың көлемі 68,6 млн тоннаны құрады, оның ішінде:

  • каспий құбыр консорциумының мұнай құбыры бойынша – 54,9 млн тонна;

  • Атырау – Самара мұнай құбыры бойынша – 8,8 млн тонна;

  • Атасу – Алашанькоу – 1,2 млн тонна;

  • Ақтау порты арқылы – 3,6 млн тонна;

  • теміржолмен мұнай тасымалдау – 0,05 млн тонна.

  • 2025 жылға арналған қазақстандық мұнай экспорттаудың жоспары 70,5 млн тоннаны құрайды.

  • 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрады.

  • 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің 5 жекелеген түрін өндіру 14,5 млн тоннаны құрады, оның ішінде автобензин – 5,46 млн тонна, дизель отыны – 5,38 млн тонна, мазут – 1,99 млн тонна, авиакеросин – 0,75 млн тонна, битум – 0,92 млн тонна.

2025 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары 17,6 млн тоннаны құрайды, мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,6 млн тоннаны құрайды.

2025 жылға арналған жоспарлар:

  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 850 мың тоннадан астам дизель отынымен қамтамасыз ету;

  • Министрлік, ҚазМұнайГаз және CNPC арасындағы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жобасы бойынша негіздемелік келісімге қол қою;

  • Шымкент мұнай өңдеу зауытының 2 жылдық жөндеу аралық цикліне көшу;

  • биылғы наурыз айында Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасы бойынша инвесторлармен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысына қатысты шешім қабылдау;

  • Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге жанар-жағармай материалын әкетуге тыйым салуға бұйрықты ұзарту;

  • осы жылдың ІІ тоқсанда «Caspi Bitum» битум өндіру бойынша жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін кеңейту жөніндегі жобаны аяқтау, бұл битум зауыттарының қуатын жылына 1,2-ден 1,45 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  • Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспарлы – алдын ала жөндеу;

  • Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі келісімді ратификациялау;

  • Атырау мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалау-сметалық құжаттамасын, Павлодар мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.

2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд м3 құрады, жоспар бойынша 60,5 млн тонна. Газ өндірудің шамалы төмендеуінің мынадай себептері бар: Орынбор газ өңдеу зауытын шикі газды қабылдауды шектеу Қарашығанақ кен орнынан газ өндірудің 539 млн текше метр төмендеуіне әкелді, газ өңдеу зауыты жоспардан тыс жөндеу Жаңажол кен орнында газ өндірудің 240 млн текше метр төмендеуіне әкелді. Жалпы, Республикада өндірілетін газ ілеспе. Осыған байланысты мұнай өндіру жоспарының орындалмауы газ өндіру көрсеткіштеріне әсер етті.

Газдың өзіндік ресурстық базасын кеңейту мақсатында қазіргі уақытта газ өңдеу зауытын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2025 жылға арналған жоспар:

  • 62,8 млрд текше метр деңгейінде газ өндіру;

  • қуаты 1 млрд текше метр Қашағандағы мұнай өңдеу зауытын салу жобасы шеңберінде құрылыс алаңына жабдықтарды жеткізуді аяқтау және вахталық кентті салу жоспарланып отыр;

  • Қашағандағы газ өңдеу зауытында қуаты 2,5 млрд текше метр, ағымдағы жылы Pre-FEED жобасын әзірлеу аяқталады, 2025 жылғы 4 тоқсанда FEED-EPC келісімшартына қол қойылады деп күтіліп отыр. Шикі газды қайта өңдеу туралы келісімдерді пысықтау жоспарлануда;

  • Жаңаөзен қаласында қуаты 0,9 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтіледі.

  • ПК-2 бойынша 4 тоқсанда өндірістік бақылауға қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы;

  • 1,5 млрд текше метр шикі газ қоры алынатын «Барханная» кен орнын іске қосу жоспарлануда;

  • жергілікті атқарушы орган үшін сұйытылған мұнай газын бөлу жоспарын цифрландыруды аяқтау;

«Елімізді газбен жабдықтау – Министрліктің басым міндеттерінің бірі. Өткен жылы газ тасымалдау жүйесін жаңғырту бойынша үлкен жұмыс атқарылды», — деп мәлімдеді министр.

Энергетика министрлігінің Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының 3 желісін, «Алматы – Байсерке – Талғар» магистралды газ құбырының 2-желісін, «Жаңаөзен – Ақтау» магистралды газ құбырының 4-желісін салу аяқталды. Өңірлердің газға қосымша қажеттіліктерін жабуға бағытталған «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының 2-желісін салу, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 4-кезеңін салу және «Ақтөбе – Қостанай магистралды газ құбырын салу жобаларына техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталды; Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салу басталды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша газбен қамтамасыз ету деңгейі 61,8%-ды құрады немесе 12,3 млн адам газға қол жеткізе алады.

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2024 жылы республикалық бюджет пен «Самұрық-Қазына» қаражаттарынан қаржыландырылуы 193,8 млрд теңгені құрайтын газбен жабдықтаудың 200 жобасы жүзеге асырылды.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адам немесе 92 елді мекен газға қол жеткізді. 4 мың шақырымнан астам газ құбырларының құрылысы жүргізілді, 93 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды», — деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

2025 жылға арналған жоспарға сәйкес халықты газбен қамту деңгейін 62% дейін жеткізу, 2 ірі жоба бойынша жұмыстарды аяқтау көзделіп отыр:

1.«Атырау облысында «Финская-120» автоматтандырылған газ тарату станциясын және «Редут – Финская-120» автоматтандырылған газ тарату станциясын салу». Бұл жобаны іске асыру Атырау қаласының оң жағалау бөлігінің және өнеркәсіптік, әлеуметтік объектілері тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етеді.

2. «Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері арқылы «Шахтинск» автоматтандырылған газ тарату станциясын және бұру-газ құбырын салу». Бұл жоба елорданы газдандыру желілері үшін тұрақты гидравликалық режимді қамтамасыз етеді. Қуаты сағатына 50 мың текше метр;

«2024 жылы басталған газбен жабдықтаудың 51 жобасын аяқтау және жалпы сомасы 112,4 млрд теңгеге 29 жаңа жобаны іске асыруды бастау, оларға республикалық бюджеттен 65,9 млрд теңге қарастырылған. Самұрық-Қазына қаражаты есебінен 2024 жылы басталған 35 жобаны аяқтауға 46,5 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру қажет етіледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 540 мың тоннаны құрады. 2024 жылғы 31 желтоқсанда Үкімет «Zhaik Petroleum Ltd»-мен өнімділігі 130 мың тонна метанол өндіру жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасасуды мақұлдады. Осылайша, мұнай-газ химиясы саласында инвестициялар туралы алғашқы келісім жасалды», — деді Энергетика министрі. 

2025 жылға арналған жоспарлар: 550 мың тонна деңгейінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру, «Мұнай-газ химиясының өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысын бастау, газ бөлу кешенінің жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтау, нарықты контрафактілік өнімдерден және тағы басқа қорғауға бағытталған мотор майларын міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізуді пысықтау.

2024 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 117,9 млрд кВт құрады. Жаңартылған энергия көздерін өндіру – сағатына 7,58 млрд кВт, жаңартылған энергия көздерінің үлесі жалпы генерацияның 6,4% құрады. Жыл қорытындысы бойынша жалпы қуаты 608 МВт дәстүрлі генерациялау жобалары, сондай-ақ қуаты 163 МВт болатын жаңартылған энергия көздерінің 8 жобасы енгізілді. 2024 жылы жөндеу науқаны барысында 10 энергия блогы, 55 қазандық, 45 турбина бойынша жұмыстар жүргізілді. Электр желілерінде 20,8 км электр беру желілері, 422 кіші станция жөнделді. 2024 жылғы жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтардың 18% төмендеуіне қол жеткізілді және тозу 66% 64% дейін төмендеді.

2025 жылға арналған жоспарлар:

  • шамамен 166 МВт дәстүрлі генерацияны енгізу, сондай-ақ жиынтық қуаты 455,5 МВт 9 жаңартылған энергия көздерінің жобасын енгізу;

  • сағатына 117,1 млрд кВт деңгейінде электр энергиясын өндіру, оның ішінде жаңартылған энергия көздеріне сағатына 7,2 млрд кВт;

  • 10 энергия блокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны күрделі жөндеу;

  • 17 км электр желілері мен 423 кіші стансаны жөндеу.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 285 км жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еліміз бойынша жылумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 52%-ды құрайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жобаларын республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша функциялар қабылданды, ағымдағы жылдан бастап жаңа бюджеттік бағдарлама ашылды.

«2025 жылға бекітілген үш жылдық бюджет шеңберінде 2025 жылға арналған жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау мен салудың 27 жобасын іске асыруға барлығы 40,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл ретте, тұтастай алғанда, өңірлердің республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерге қажеттілігі бекітілген сомадан әлдеқайда жоғары екенін және нақтылауға арналған бюджеттік өтінімдерге сәйкес 168 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Осыған байланысты халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін мүмкін болатын жедел шешім ретінде республикалық бюджет пен Үкімет резервін нақтылау шеңберінде қаражат бөлуді қарау ұсынылады», — деді спикер.

Министрдің мәліметінше, бұл ретте республикалық бюджет қаражатының шектелуін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың капитал сыйымдылығын ескере отырып, өңірлер әкімдіктерінің бірлесіп қаржыландыруын қарастыру және жылу желілері жобаларында жергілікті бюджеттің қатысу үлесін 10%-дан 30%-ға дейін ұлғайту қажет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 23,27 мың тоннаны, уран өнімін сату 308 тоннаны, дайын ядролық отын экспорттау 380 жылу бөлгіш құрастырманы құрады. Өткен жыл ішінде атом электр станцияларын салу үшін консорциумды таңдау бойынша ашық бәсекелестік диалог рәсімі шеңберінде ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілді.

2024 жылғы желтоқсанда Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданы – атом электр станциясын салу ауданын бекітті.

2025 жылға арналған жоспарлар:

  • сатушыны немесе консорциумды таңдау;

  • Үкіметаралық келісім және тиісті келісімшарттар жасасу;

  • Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясын әзірлеу, ол бұдан кейінгі келесі атом станцияларын салу жөніндегі жоспарларды да, ядролық-энергетикалық бағдарламаны тиімді іске асыру және ядролық кластерді дамыту үшін қажетті атом саласының басқа да бағыттарын дамытуды да қамтитын болады. 

  • 2024 жылдың 4 тоқсанында Министрліктің ситуациялық-талдау орталығы іске қосылды.

Орталық энергетикалық объектілердің негізгі көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде бақылауға және салалық тәуекелдерді талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Орталық отын-энергетика кешені жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді басқару және жедел қабылдау үшін негізгі құралға айналады. 2024 жылы өнеркәсіптік пайдалануға берілді, мұнай жеткізу графигін қалыптастыру бойынша цифрлық сервис, жанар-жағармай материалын тарату жүйесі іске асырылды, сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру бойынша мемлекеттік функцияны автоматтандыру жүргізілді, отын-энергетика кешені саласындағы процестерді бақылау мен оңтайландыруды қамтамасыз етуге бағытталған EnergyTech технологиялық платформасы іске қосылды.

2025 жылға арналған жоспарлар:

  • күзгі-қысқы кезеңге дайындық және өту мониторингі жүйесін іске қосу;

  • мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша цифрлы сервисті іске асыру;

  • салалық білім беру платформасын іске асыру;

  • салалық ақпараттық жүйелерде де жасанды интеллект элементтерін енгізу.

Ситуациялық орталықтың негізгі бақылау тақталарының визуализациясы ұсынылады, мысалы:

  • электр энергиясын өндіру және тұтыну;

  • мұнай мен газды өндіру және тасымалдау;

  • күзгі-қысқы кезеңге өту мониторингі;

  • отын-энергетика кешені объектілерінің ситуациялық-талдамалық картасы.

#Атом энергетикасы #Жылумен жабдықтау #Мұнай-газ саласы #Энергетика

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу