Осы жылдың I жартыжылдығында Жамбыл облысына 217 млрд теңге инвестиция тартылды

ҚР Ұлттық даму жоспарында белгіленген көрсеткіштерді іске асыру мақсатында жергілікті деңгейде 5 жылдық кезеңге арналған Жамбыл облысын дамыту жоспары әзірленіп, облыстық мәслихат шешімімен бекітілген. Бұл Жоспарды іске асыру аясында арнайы іс-шара жоспары дайындалды. Осыған орай өңірдің 2023 жылғы I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындыларымен таныс болыңыздар.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 549,0 млрд теңгені құрап (2023 жылғы 1-тоқсан), нақты көлем индексі 101,4% деңгейінде қалыптасты (2023 ж. жоспар – 103,4%). 2023 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысымен экономикалық өсім 107,3%-ды құрады. Оның ішінде өнеркәсіп 107,4%, ауыл шаруашылығы 102,6%, құрылыс 138,0%, тұрғын үй көлемі 101,8%, инвестиция 132,7%, сауда 102,2%, байланыс 108,8%, инфляция 105,1%, жұмыссыздық 4,9% деңгейінде қалыптасып, бюджеттің игерілуі 99,9%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 573 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оның 553-і – шағын кәсіпорын, 13-і – орта, жетеуі – ірі кәсіпорын. Салада 3,9 мың адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнім көлемі 316,3 млрд теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,6%-ды құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлеміндегі үлес салмағы – 72,1%.

Келесі салаларда өнім көлемінің артуы нәтижесінде жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі артқан. Олар: химия өнеркәсібі (+54,3%), тамақ өнімдері өндірісі (+4,3%), жеңіл өнеркәсіп (+26,2%), машина жасау (+67,1%).

Химия өнеркәсібі

2023 жылғы қаңтар-маусым айларында сала өндірісінің көлемі 156 322,4 млн теңгені (2022 ж. – 132 091,9 млн. теңге), НКИ 154,3%-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 49,4%. Бұл салада «Қазфосфат» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС филиалдары, шағын кәсіпорындар бар. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған; «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианиді мен аммоний сульфатын өндіреді.

2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы заттай мәндегі өндіріс көрсеткіштері:

  • сары фосфор – 37,5 мың т. (2022 ж. – 43,1 мың т.)
  • натрий триполифосфаты – 5,9 мың т. (2022 ж. – 10 мың т.)
  • минералды тыңайтқыштар – 394,4 мың т. (2022 ж. – 321,9 мың т.)
  • натрий цианиді – 5 688 т, (2022 ж. – 7 342 т.).

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Салада 2023 жылғы қаңтар-маусым аралығында 65,9 млрд теңгеге өнім өндіріліп (2022 ж. – 50,2 млрд теңге), НКИ 104,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі – 20,8%. Саладағы негізгі кәсіпорындар – «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС сүт, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін шағын кәсіпорындар. 

2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы заттай мәндегі көрсеткіштер:

  • қант – 103,7 мың т. (2022 ж. – 95,2 мың т.)
  • ірімшік және сүзбе – 1 620 т. (2022 ж. – 1 529 т.).

Машина жасау

Салада 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 10 785,7 млн теңгеге өнім өндіріліп (2022 ж. – 6 394,1 млн теңге), НКИ 167,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі – 3,4%. Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.

Жеңіл өнеркәсіп

Салада 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 3 620,6 млн теңгеге өнім өндіріліп (2022 ж. – 1 881,1 млн теңге), НКИ 138,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі – 1,4%. Өңірде былғары аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты. 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында заттай мәнде 119,5 мың жұп аяқ-киім (2022 ж. – 99,4 мың жұп) өндірілген.

Индустриялық жобалар

Жамбыл облысында өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 1 842,8 млрд теңгені құрайтын 42 өнеркәсіптік-инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс кезінде 2 936 және іске қосылу кезінде 4 565 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. 2022 жылы жалпы құны 56,7 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 625 жаңа жұмыс орны ашылды. 

1. «Қаратау Про» ЖШС – «Майда ұнтақталған мәрмәр толықтырғыш өндіретін зауыттың өндірістік қуатын ұлғайту» Жобаның құны – 1 081 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 127 мың тонна. Жоба бойынша 25 жаңа жұмыс орны ашылды (Талас ауданында).

2. «Alina Group» ЖШС – «Өндірістік алаңды кеңейту және жаңғырту» Жобаның құны – 7 310 млн теңге. Жобаның жылдық қуаты – ПГП – 107,7 мың м2, штукатурка және клей – 147, 8 мың тонна, гипс – 31,7 мың тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылды (Тараз қ.).

3. «Turan Industry» ЖШС – «Табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салу». Жобаның құны – 500 млн теңге. Жобаның жылдық қуаты – 130 мың шаршы м. Жоба бойынша 28 жаңа жұмыс орны ашылды (Мойынқұм ауданы).

4. «Ерсад-2021» ЖШС – «S, SS, SMS, MB тіптегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы». Жобаның құны – 1 652 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 4,2 мың тонна. Жоба бойынша 40 жаңа жұмыс орны ашылды. (Жамбыл ауданы).

5. «Қордай Корм» ӘКК – «Өндірісті кенейту, балықтарға құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы» Жобаның құны – 40,7 млн тенге. Жобаның қуаты – жылына 100 тонна. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орны ашылды (Қордай ауданы).

6. «Япоша» ЖШС – «Кептірілген нан өндеу жобасы». Жобаның құны – 120 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 1 000 тонна. Жоба бойынша 15 жаңа жұмыс орны ашылды (Жуалы ауданы).

7. «Eco-Chiken» АӨК – «Кіші құс фабрикасын салу». Жобаның құны – 440 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 1 030 тонна. Жоба бойынша 55 жаңа жұмыс орны ашылды (Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов аудандар).

8. «Казфосфат» ЖШС – «Минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн тоннаға дейін жеткізу жобасы». Жобаның қуаты – жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Құны – 45 600 млн теңге. Жоба бойынша 400 жаңа жұмыс орны ашылды (Тараз қаласы).

Ал 2023 жылы жалпы құны 27,7 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру және 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

1. «АлельАгро» АҚ – «Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты». Жобаның құны – 25 600 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 135 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Байзақ ауданы).

2. «Мол Даму» ӘКК – «Сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу» Жобаның құны – 300 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 7 мың тонна. Жоба бойынша 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Жуалы ауданы).

3. «Бахор» ЖК – «Сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы». Жобаның құны – 500 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 3 600 тонна. Жоба бойынша 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Меркі ауданы).

4. «KazGazBlock» ЖШС – «Автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыт салу». Жобаның құны – 1 298,5 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 100 мың текше метр. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Байзақ ауданы).

2024 жылы жалпы құны 34,9 млрд теңгені құрайтын 5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, сондай-ақ 426 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

1. «Shagala Mining (Шагала Майнинг)» ЖШС – «Мойынқұм аудандағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу». Жобаның құны – 29 568 млн теңге. Жобаның қуаты – 9 072 тонна. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орны ашылады (Мойынқұм ауданы).

2. «Kazchemtrading» ЖШС – «Цемент зауытының құрылысы». Жобаның құны – 4 500 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 400 мың тонна. Жоба бойынша 167 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Сарысу ауданы)

3. «IMG Group» ЖШС – «Мақсары майы өндірісін құру». Жобаның құны – 120 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 360 тонна. Жоба бойынша 8 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр. (Жуалы ауданы).

4. «Genesis» ЖК – «Қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру». Жобаның құны – 220 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 250 тонна қызанақ, 375 тонна қияр, 35 000 литр қызынық шырыны, 250 тонна жасыл жем. Жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда (Жуалы ауданы).

5. «Satellie GS» ЖШС – «Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы». Жобаның құны – 500 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты. Жоба бойынша 33 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Мойынқұм ауданы). 

2025 жылы жалпы құны 501,3 млрд теңгені құрайтын 20 жобаны іске асыру және 2 088 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр:

1. «Zhanashyr Project» ЖШС – «Мыс кенін өндіру зауытын салу». Жобаның құны – 67 260 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 12 мың тонна. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Шу ауданы).

2. «Есаров» ЖШС – «Форель өсіретін шаруашылықты ұйымдастыру және консерві цехын салу». Жобаның құны – 141,5 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 67 тонна. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орны ашылады. (Қордай ауданы)

3. «Оргстрой» ЖШС – «Гипстен жасалған тағамдық қоспалар өндірісі» Жобаның құны – 220 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 20 мың тонна. Жоба бойынша 13 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Жамбыл ауданы).

4. «Туран Металс» ЖШС – «Құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу бойынша өндірістік кешен салу» Жобаның құны – 440 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 100 кг. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Кордай ауданы).

5.«Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС – «Ванадий және полиметалдар өндірісін құру» Жобаның құны – 891,6 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 110 мың тонна. Жоба бойынша 51 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Жуалы ауданы).

6.«Бастан-Эк» ЖШС – «Құрамында қорғасын бар кендерді өндіру зауыты». Жобаның құны – 1 100 млн теңге. Жобаның қуаты – 100 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Мойынқұм ауданы).

7.«Шоқпар-Гагаринское» ЖШС – «Гагарин кен орнында тау-кен байыту комбинатын (кеніш, алтын өндіру фабрикасы) салу». Жобаның құны – 21 000 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 500 мың тонна. Жоба бойынша 400 жаңа жұмыс орны ашылады. (Қордай ауданы).

8. «Алтай Голд» ЖШС – «Флюорит кен байыту зауыты». Жобаның құны – 3 500 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 9 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Кордай ауданы).

9. «Altek Mining» ЖШС – «Доре қорытпасын өндіру бойынша заманауи тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану». Жобаның құны – 1 000 млн теңге. Жобаның қуаты – 30 мың тонна. Жоба бойынша 32 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Мойықұм ауданы).

10. «Қарағанды – АгроИнвест» ЖШС – «Бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді өңдеу» Жобаның құны – 20 360 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 269,6 мың тонн. Жоба бойынша 209 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Байзақ ауданы)

11. «Dairy Fresh Farm» ЖШС – «Қуаты 600 бас ірі қараға дейінгі сүт-тауарлы фермасын салу» Жобаның құны – 3 200 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 5,6 мың литр. Жоба бойынша 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Байзақ ауданы)

12. «Agro Green Technology» ЖШС – «Сүт және ет өнімдерін өндіру, 20 тонналық жасыл жем-шөп өндіруге арналған гидропоника құрылысын салу» Жобаның құны – 250 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 2 000 тонна. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Тараз қ.).

13. «Адель» ШҚ – «Балық шаруашылығын ұйымдастыру және консерві цехын салу». Жобаның құны – 100 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 100 тонна. Жоба бойынша 10 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Байзақ ауданы).

14. «Qazaq-Soda» ЖШС – «Кальцийленген сода зауытының құрылысы» Жобаның жылдық қуаты – 400 мың тонна. Жобаның құны – 188 000 млн теңге. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орны ашылады. (Сарысу ауданы). 

15. «Максутова» ЖК – «Балық өндеу цехы» Жобаның құны – 250 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 200 тонна. Жоба бойынша 10 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Мойынқұм ауданы).

16. «Нурлы жай» ШҚ – «Сүт өнімдерін өндіру кешенін салу». Жобаның құны – 250 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 1 800 мың литр. Жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Байзақ ауданы).

17. «Qazaq Bio Product» ЖШС – «3 500 бас аналық ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу». Жобаның құны – 20 800 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 37,5 мың тонна. Жоба бойынша 160 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Шу ауданы).

18. «Talas Investment Company» ЖШС – «Натрий циандін өндіретін зауытты салу, 2-кезек». Жобаның құны – 25 438 млн теңге. Жобаның қуаты – 30 мың тонна. Жоба бойынша 250 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Талас ауданы).

19. «КазМеталГрупп» ЖШС – «Магний және қорытпалар өндіретін комбинат салу». Жобаның құны – 144 000 млн теңге. Жобаның қуаты – 100 мың тонна. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (Талас ауданы).

20. «Altyn El Group» ЖШС – «Толық циклді құс фабрикасы». Жобаның құны – 3 141 млн теңге. Жобаның қуаты – 2 477 тонна. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Жуалы ауданы).

Ал 2026 жылы жалпы құны 1 222,2 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыру және 1 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр:

1. «Каратау Цемент Юг» ЖШС – «Темір кені концентратын өндіру жобасы». Жобаның құны – 21 000 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 100 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Жуалы ауданы)

2. «Monterra Qasaqstan» ЖШС – «Жамбыл облысындағы тау-кен металлургия комбинатынын салу және алтын кен орындарын игеру». Жобаның құны – 832 млрд теңге. Жобаның қуаты – 10 000 кг «доре» алтыны. Жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орны ашылады. (Қордай ауданы).

3. «Tas Market-Koмір» ЖШС – «Көмір өндіру». Жобаның құны – 9 844 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 40 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. (Мойынқұм ауданы)

4. «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС – «Минералды тыңайтқыштарды өндіру химзауытының құрылысы». Жобаның қуаты – жылына 1 400 мың тонна минералды тыңайтқыш. Құны – 356 555 млн теңге. Жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орны ашылады. (Талас ауданы)

5. «Golden Compass Capital» АҚ – «Жұмыс істеп тұрған фабриканы жаңғырту және алтын қосуды өндіру бойынша гидрометаллургиялық цех салу». Іске асыру кезеңі – 2023-2027 жж. Жобаның қуаты – жылына 1 251 тонна. Құны – 2 784 млн теңге. Жоба бойынша 26 жаңа жұмыс орны ашылады. (Т. Рысқұлов ауданы)

Барлық өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда.

Тау-кен қазу өнеркәсібі

2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойыншатау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 50,1 млрд теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 110,3%-ды құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлеміндегі үлес салмағы 11,4%-ды құрайды. Өңірдің республика бойынша жалпы тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үлесі небәрі – 0,5%. Себебі облыста негізгі ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірген шикізатты толық өңдеп, дайын өнім шығаруда. Сондықтан өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі басым (72,1%). Жамбыл облысының тау-кен қазу өнеркәсібі саласында «Еврохим-Удобрение», «Казфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс», АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Восточное рудоуправление» ЖШС жұмыс істеп жатыр.

Металлургия өнеркәсібі

2023 жылғы қаңтар-маусымда металлургия өнеркәсібі саласында 36,3 млрд теңгеге өнім өндіріліп, (2022 ж. – 42,1 млрд теңге), НКИ 94,5%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы саланың үлесі – 11,5%.

Саланың негізгі кәсіпорындары – ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ.

2023 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштер:

  • ферросиликомарганец – 6 923 тонна (2022 ж. – 15 250 тонна);
  • алтын – 1 429,5 кг (2022 ж. – 1 133,2 кг.).

Жамбыл облысында өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша металлургия өнеркәсібі саласында келесі жобалар іске асырылуда. Олар: 

  • «Shagala Mining (Шагала Майнинг)» ЖШС – «Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу». Жобаның құны – 29 568 млн теңге. Жобаның қуаты – жылына 9 072 тонна. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орны ашылады. (Мойынқұм ауданы)
  • «Monterra Qasaqstan» ЖШС – «Жамбыл облысындағы тау-кен металлургия комбинатынын салу және алтын кен орындарын игеру». Жобаның құны – 832 млрд теңге. Жобаның қуаты – жылына 10 000 кг «доре» алтыны. Жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орны ашылады. (Қордай ауданы)

Ауыл шаруашылығы

2023 жылдың I жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында 107,6 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4 млрд теңгеге артты. Оның ішінде егін шаруашылығында 4,6 млрд теңгеге, мал шаруашылығында 103,0 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Облыстағы МІҚ саны 569,4 мың басты құрап, 5,1%-ға, қой мен ешкі саны 4,1 млн-ға жетіп, 6,6%-ға, жылқы саны 197,1 мыңға жетіп, 9,1%-ға, құс саны 2,1 млн-ға жетіп, 0,1%-ға артса, 62,0 мың тонна ет өндіріліп, 4,1%-ға, 161,2 мың тонна сүт өндіріліп, 1,4%-ға артты.

Агроөнеркәсіп кешені нысандарына көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары

Қазіргі уақытта саланы қолдауға бөлінген 27 026,1 млн теңге қаржының 14 262,5 млн теңгесі облыстағы 8 мыңға жуық шаруашылыққа (егін шаруашылығы саласы – 1 408,7 млн теңге; мал шаруашылығы – 4 241,9 млн теңге; қайта өңдеу саласы – 1 096,9 млн теңге; инвестициялық субсидия – 5 065,2 млн теңге; кредит және лизинг – 2 295,6 млн теңге, басқа да бағыттарға – 153,8 млн теңге) субсидия ретінде берілді.

Өткен жылы өңірдегі шаруалардың 13 мыңнан астамы мемлекеттік қолдауға ие болса, биыл олардың санын арттыру бағытында субсидия ережелеріндегі өзгертулер мен толықтыруларды таныстыру және түсіндіру шаралары атқарылуда.

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Биыл облыста 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артты. Оның 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар, 72,1 мың гектарына майлы дақылдар, 44,8 мың гектарына көкөніс дақылдары, 18,8 мың гектарына дәндік жүгері, 16,9 мың гектарына бақша дақылдары, 11,8 мың гектарына картоп, 10,8 мың гектарына қант қызылшасы, 27,9 мың гектарына бір жылдық және 30,8 мың гектарына көпжылдық шөп себілді. Облыста өндірілген өнімдер еліміздің бірқатар облысына және Ресейдің Қиыр шығысынан бастап, Еуропа одағына дейін экспортталады.

Өзге салаларды дамыту үшін жасалып жатқан шаралар

Жамбыл облысындағы бірқатар өзекті мәселені шешу бағытында 3 бөлімнен тұратын (1. Жеке инвестициялық жобалар; 2. Бюджеттік жобалар; 3. Жұмыспен қамту) Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспары әзірленді. Ондағы мақсат – әрбір елді мекен бөойынша жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба, негізінен, халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру бойынша бірқатар міндетті шешуді көздейді.

Бүгіне Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №270 қаулысымен бекітілген) аясында бекітілген Өңірлік стандарттар жүйесін басшылыққа ала отырып, Даму жоспары өзектендірілуде. 

Нәтижесінде 2023 жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету аясында 13,6 млрд теңгеге 54 жоба іске асырыла отырып, 32 елді мекенді (31,3 мың адам) қамту көзделген (бүгінге 291 АЕМ-де 642,5 мың адам). Сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі 92,0%-дан 96,5%-ға (тұрғынмен есептегенде) дейін артады. 

Газдандыру мәселесін шешу мақсатында 11,8 млрд теңгеге 16 жоба іске асырылып, 11 елді мекен (9,0 мың адам) табиғи газбен қамтылмақ (бүгінге 274 АЕМ-дегі 1 099,2 мың адам), үлесін 90,2%-дан 91,1%-ға (тұрғынмен есептегенде) жеткізу жоспарланып отыр.

Автожол саласын дамытуға 24,7 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7 млрд теңгеге артық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр жөнделген елді мекен көшелері 367 шақырым болса, биыл 550 шақырымды құрап отыр. Онда 3,3 шақырым көше жолдары құрылыспен, 11,4 шақырым жол қайта жаңғыртумен және 782,1 шақырым жол орта жөндеумен қамтылатын болады. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 97%-дан 98%-ға дейін жетеді.

Әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін көмек түрлері

Осы жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік осал топқа жататын аз қамтылған 6 848 отбасыдағы 36 246 адамға 2,1 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 6 783 отбасыдағы 35 884 адамға 1,7 млрд теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 696 отбасыға немесе 3 138 адамға азайды. 

АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 11 081 балаға 276,6 млн теңге тағайындалып, 11 009 балаға 230,5 млн теңге төленді. Есепті кезеңде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмысалған шығындарды өтеуге 1 055 балаға 34,5 млн теңге көмек тағайындалып, төленді. 2 716 отбасыдағы 11 478 адамға 92,6 млн теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, 2 704 отбасындағы 11 412 адамға 92,4 млн теңге төленді. 

Биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1 054 адамға кәсіпкерлікті дамытуға 1454,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып, есепті кезеңге 525 адам 724,2 млн теңгеге грант алды. Есепті кезеңде әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 80,2%-ды құрап отыр (жылдық жоспар – 90%). Порталда 18 463 өтініш тіркеліп, 14 801 өтініш қанағаттандырылды. Бұл – республикадағы үшінші көрсеткіш (республикалық орташа көрсеткіш – 72,0%).

Өңірде азық-түлік бағасының өсуіне жол бермей, оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар

Жалпы Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің барлығы – қалыпты бағамда. ӘМАТ бағалары тұрақты болуы үшін бірқатар іс-шара атқарылуда. Көкөніс тауарлары бойынша өңірлік тұрақтандыру қорындағы барлық көкөніс қорына интервенция жүргізілді. Бұл ретте өңірде ерте пісетін көкөністердің болуы, кедергісіз Түркістан облысынан және шет мемлекеттерден ерте пісетін көкөністерді жеткізу арқасында көкөніс тауарлары бойынша тапшылық жоқ.

2023 жылдың басынан бері делдалдық схемаларды тексеру және сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жөніндегі комиссияның 60 отырысы өткізілді. Комиссия жұмысының нәтижесінде 29 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда, ӘМАТ тауарларына жататын өнімдерді саудалау кезінде сауда үстемесін 15%-дан асыра сатқан кәсіпкерлер және саудалау кезінде арадағы артық делдалдық буындар анықталып, жойылды. Бұл бағытта жұмыс тұрақты жалғасуда.

Оған қоса облыс бойынша 180 ірі сауда дүкеніне жыл басынан бері 9 тауар түрі бойынша 2 821 тоннаны тікелей делдалсыз жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінде аудандардағы шаруа қожалықтары өз көкөніс өнімдерін ауылдық округтерде орналасқан дүкендерге жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен делдалсыз тікелей жеткізуде.

Сонымен қатар ӘМАТ таураларына жататын көкөністердің 2024 жылғы маусымаралық кезеңге барлығы 7 251 тонна көлемінде тұрақтандыру қорына форвардтық келісім-шарты жасалынды. Атап айтқанда, картоп – 4 390 тонна (100 теңге/кг); пияз – 1 000 тонна (90 теңге/кг); сәбіз – 911 тонна (80 теңге/кг); қырыққабат – 950 тонна (100 теңге/кг). Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағыі ӘМАТ-ның барлық қоры жеткілікті. Атап айқанда, облыстағы барлық қор – 10 194,6 тонна; тұрақтандыру қорында – 2 314,3 тонна; айналым қаражаты шеңберінде – 284,0 тонна; өндіріс кәсіпорнында – 1 415 тонна; қоймаларда – 3 450 тонна; сауда объектілерінде – 2 731 тонна.

Шағын және орта бизнес

Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары санының өсу үрдісі байқалып отыр. Осы жылдың 7 айында облыстағы қаржы институттары 27 004 кәсіпкерге 92,9 млрд теңгеге несие берді.

Бұл қаражаттың 60,3%-ы яғни 56,1 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 14,7%-ы яғни 13,6 млрд теңгесі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 22,1%-ы яғни 20,5 млрд теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы, 3%-ы яғни 2,8 млрд теңгесі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 37,6 млрд теңгені құрайтын 2 590 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.

2023 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 106 122-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,5%-ға өсті. Жыл басынан 13 550 кәсіпкер жұмысын бастаған. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары санының өсуі ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар санының өсуіне ықпал етуде. 2023 жылдың 1-тоқсанына 157 125 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 122%-ға өскен. 

ШОБ нысандарының дамуының арқасында 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді. 2022 жылдың алдын ала мәліметтеріне сай шағын және орта бизнес үлесі 24%, ал жалпы қосылған құн көлемі 658 429 млн теңгені құрады.

Өңірге тартылған инвестициялар мен жүзеге асырылған жобалар

2022 жылдың қорытындысы бойынша 423,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 1,2%-ды құрап, ал биылғы 6 айда өңірге 217 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 32,7%-ды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша $62 млн көлемінде (жоспар – $107 млн) тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артты ($20,2 млн).

2023 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша $30,9 млн көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды (2022 жылдың І тоқсан: -$0,1 млн). Биыл 84,1 млрд теңгеге 401 жұмыс орнын құратын 18 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде (оның ішінде құны 50 млрд теңгені құрайтын шетелдік инвестордың қатысуымен 1 жоба, 30 жұмыс орыны ашылады). 

1. «АлельАгро» АҚ – Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты. Жобаның құны – 25 600 млн теңге. 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2. «Мол Даму» ӘКК – Сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу. Жобаның құны – 300 млн теңге. 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланыпи отыр.

3. «Рузиев» ШҚ – Форель балығын өндіру. Жобаның құны – 30 млн теңге. 3 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

4. «Kisc» ЖШС – Құю цехын жаңғырту. Жобаның құны – 1 800 млн теңге. 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

5. «Новотэкс» ЖШС – ЖЭС құрылысы. Жобаның құны – 1 860 млн теңге. 10 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

6. «Қайнар Агро» ЖШС – Тұқым өндіру. Жобаның құны – 320 млн теңге. 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

7. «Джон Бан МеталлПром» ЖШС – Металлургиялық өндірістің мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу. Жобаның құны – 100 00 млн теңге. 50 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

8. «Тигу» ЖШС – Форель балығын өндіру. Жобаның құны – 6 млн теңге. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

9. «Қырғызбаев» ЖК – Форель балығын өндіру. Жобаның құны – 100 млн теңге. 4 жаңа жұмыс орны ашылмақ. 

10. «Талас 2020» ЖШС – Сүт өңдеу цехы. Жобаның құны – 38 млн теңге. 5 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

11. «Шалқар» ШҚ – Бордақылау алаңы, 1,5 мың бас. Жобаның құны – 680 млн теңге. 20 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

12. «Табыс» ШҚ – Бордақылау алаңы, 5 мың бас. Жобаның құны – 120 млн теңге.16 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

13. «Сарысу ЖЭС» ЖШС – ЖЭС құрылысы 100 Мвт. Жобаның құны – 49 400 млн теңге. 30 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

14. «Малдыбай Агро» ЖШС – Көкөніс сақтау қоймасын салу. Жобаның құны – 24 00 млн теңге. 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

15. «Талдыбұлақ» ШҚ – 1 000 басқа арналған репродуктор. Жобаның құны – 500 млн теңге. 8 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

16. «KazAquaAlliance» ЖШС – тұқы балығын өндіру. Жобаның құны – 516,5 млн теңге. 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

17. «Арнұр» ЖК – Форель тұқы өндіру. Жобаның құны – 40 млн теңге. 5 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

18. «Миллениум Сокол» ЖШС – Қой шаруашылығын дамыту. Жобаның құны – 455 млн теңге. 10 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.

Өңірдегі жолдардың жай-күйі

Облыстағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі 10 000 шақырымды құрайды. 2023 жылы жалпы жергілікті жолдардың жөнделуіне 24,7 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырға қарағанда саланы қаржыландыру 8,5 млрд теңгеге артқанын көрсетеді. Оның ішінде елді мекен көшелерінің жөнделуіне жақсы көңіл бөлініп отыр. Мәселен, 2022 жылы 357 шақырым көше жөнделсе, биыл 550 шақырым көшелер жөнделмек. 

Жалпы биыл облыста 3,3 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 11,4 шақырымды қайта жаңғыртумен және 777,3 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Оның ішінде: 137 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар; 105 шқ – аудандық маңызы бар; 550 шқ – елді мекен көшелері. Барлығы 477 жол жөндеу жобаларын іске асырылуда. 

Оның ішінде: 

  • «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша – 33 жоба немесе 242 шақырым (7,2 млрд теңге); 
  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша – 215 жоба немесе 261 шақырым (6,3 млрд теңге); 
  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша – 4 жоба немесе 10,4 шақырым (1,4 млрд теңге); 
  • «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша – 2 жоба немесе 4,3 шақырым (0,43 млрд теңге); 
  • Жергілікті бюджеттерден – 223 жоба немесе 274 шақырым (7,3 млрд теңге).

Жыл қорытындысы бойынша «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» көрсеткішін 98%-ға, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 85%-ға жеткізу межеленген.

Жамбыл облысы аумағынан өтетін ұзындығы 1 198 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 413 шақырым жол учаскелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: ұзындығы 262 шақырым «Меркі – Шу – Бурылбайтал» жобасында бас мердігер – «Синьсин»/«АБК Автодор-НС» ЖШС консорциумы. 

2022 жылы төрт учаскенің бірі, ұзындығы 62 шақырымнан болатын Шу-Хантау учаскесі аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні 200 шақырымда жұмыстар жалғасуда. 

Жаңа жамылғы бойынша бір бағытта 262 шақырымда қозғалыс ашылған. Ұзындығы 147 км «Балқаш – Бурылбайтал» жобасында бас мердігерлер – «СинеМидасСтрой» ЖШС, «Sinohydro» және «Sinohydro Bureau 16» компаниясы. Бүгінгі таңда жұмыстар 147 км-де жүргізілуде, бұл ретте жаңа жамылғы бойынша қозғалыс бір бағытта 58 км-да ашылған. Ұзындығы 62 шақырым «Күрті – Бурылбайтал» жобасында бас мердігерлер – Todini/SMS консорциумы. Бүгінгі таңда 62 шақырымда жұмыстар жүргізілуде, жаңа жамылғы бойынша қозғалыс бір бағытта 47 шақырымда ашылған. 

Жалпы қалған 785 шақырымда «Қазақавтожол» ЖШС ЖОФ-ы тарапынан және «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мердігер тарапынан күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биыл республикалық маңызы бар ұзындығы 56 шақырым «Шу – Благовещенка» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары бастау алмақ. Мердігер – «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанға техника мен жұмысшы персоналды жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023-2025 жж.

Биыл мобилизациялау, құрылыс материалдарын дайындау, айналма жолдарды ұйымдастыру, қолданыстағы жолды және жасанды ғимараттарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жұмыссыздықты азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар

Осы жылдың 1-тоқсаны бойынша облыстағы жұмыс күші – 571,1 мың адам. Жұмыспен қамтылған халық – 543,2 мың адам, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 361,8 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 181,4 мың адам. Жұмыссыздар саны – 28,0 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%-ыд құрады (2022 жыл қорытындысы бойынша – 5,0%). 

2023 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 33 422 адам (жылдық жоспар – 54 156 адам) тартылды (оның ішінде бос жұмыс орындарына – 12 857 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 18 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 043 адам, жастар практикасына 780 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 205 жұмыссыз тартылды, «Күміс жас» жобасына – 709 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 222 адам, онлайн оқыту курстарына – 2 119 адам, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 6 944 адам жолданды, 525 адам грант алды), оның ішінде есепті мерзімде 23 834 адам (жылдық жоспар – 45 253 адам) жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 1 241 адамды оқыту жоспарлануда (жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес – 853 адамды, жұмыс берушілердің жұмыс орнында – 388 адамды оқыту). Оқу жұмыстары қыркүйек айынан басталатын болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс жастарынан 347 адамға 1735,0 млн теңгенің шағын несие беру жоспарланып, есепті кезеңге құны 1735,0 млн теңгені құрайтын 378 жоба мақұлданып, қаражат ағымдағы шоттарға аударылды. Жамбыл облысы бұл бағытта бірінші орында болып, қаржыны толық игеріп қойғандықтан, қосымша құны 500,0 млн теңгені құрайтын 100 жобаға өтінім беріліп, ол қолдау тауып отыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың IІ тоқсаны бойынша 4,8%-ды құрайды деп күтілуде.

Өңірдегі цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі

«Smart City» тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысында цифрландыру саласында бірқатар әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылуда, бұл жобалар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығымен бекітілген. Бұл «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының «Цифрлық стандартқа (үлгілік сәулет, эталондық стандарт) сәйкес келетін әкімдіктердің үлесі» көрсеткіші болып табылады. 

Жобалардың бірі – жол ақысын толеудің электрондық жүйесі, бұл жоба арқылы қолма қол ақшасыз толеу 98%-ды құрайды, сондай-ақ көп балалы аналар мен І топтағы мүгедектерге тегін жүру құқығы берілді. Ақылды аялдама жобасы аясында 2021 жылы 10 цифрлық табло орнатылды, қала тұрғындарынан жақсы пікірлер түсуіне байланысты 2023 жылы жаңа 9 жарықдиодты цифрлық таблолар іске қосылды.

МЖӘ шеңберінде 2022 жылы «Қауіпсіз қала, жол қозғалысын талдау мен қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі» жобасы бойынша қала аумағында 1 мың 250 бейнебақылау камерасы және «СЕРГЕК» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 48 бекеті орнатылды және 2023 жылдың шілде айында өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2023 жылы 300 бейнебақылау камераларын орнатуға 223 млн 243 мың теңге бөлінді. 

Өңірдің ақпарат жүйесіне сәулет және қала құрылысы саласына қатысты 6 мемлекеттік қызмет және жер қатынастары саласы бойынша 7 мемлекеттік қызмет, жалпы 13 мемлекеттік қызмет автоматтандырылып, енгізілді. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынау нәтижелері бойынша тыңдаудан өтті. Нәтижесі бойынша қорытындысы жақсы сынақ актісі алынып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік деректер қорымен интеграция жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметтерді іске қосу жоспарлануда.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында табиғи монополиялар субіектілерінің халыққа және бизнеске ұсынатын цифрлық қызметтерін енгізу, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» модулін енгізу арқылы Өңірлік геоақпараттық жүйенің алаңында бірінші кезеңінде Тараз қаласы бойынша 15 қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. Тараз қаласының табиғи монополиялар субъектілерімен талқылау жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезеңде автоматтандырылатын қызметтердің тізімі анықталды.

Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасына арналған модуль әзірленіп, бағдарламаға қатысу мақсатында халық өтінімдерді Өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы жібереді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №803 қаулысы негізінде жер учаскелерін электронды түрде беру Электрондық үкімет порталы және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйелерімен интеграциялау негізінде атқарылып, Өңірлік геоақпараттық жүйеде бизнес-процесс жүргізілетін болады.

«Jambyl 109» Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік қызметі 320 мекемемен етене жұмыс атқаруда. 150 қалалық және аудандық мемлекеттік мекеме, 90 ведомствалық және мердігерлік ұйымдар, 36 облыстық және республикалық мемлекеттік мекемелер, 44 ПИК (пәтер иелері кооперативі), лифт шаруашылығы жұмылдырылған. 2023 жылдың шілде айының 31-і мен тамыз айының 4-і аралығында Бірыңғай диспетчерлік қызметке барлығы 864 өтініш түсті, оның ішінде 645 өтініші өңделіп, толық жауап ұсынылды, 212 өтініш – өңделу барысында, орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер – 1, орындалмаған өтініштер саны – 6.

Қазіргі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ақылды» қалаларды (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) құру әдістемесін өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта НҚА электрондық үкіметтің сайтында жария талқылануда.

Бүгінгі таңда 367 елді мекеннің 68 елді мекені (18,52%) 2G, 106 елді мекені (28,88%) 3G, 193 елді мекен (52,58%) 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. «Кар-Тел» ЖШС 2023 жылға жоспарлаған 23 елді мекеннің 7-де 4G мобильді байланысының сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды аяқтады. «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС 2023 жылға жоспарланған 22 елді мекеннің 9-да интернет сапасын 3G-ден 4G-ге ауыстыру бойынша жұмыстарды аяқтады. Жалпы облыстағы барлығы 371 елді мекеннің 192-і (51,75%) талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген, 179 (48,24%) елді мекен қамтылмаған.

Сонымен қатар облыс әкімі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» жол картасын бекітті. Аталған жол картаға сәйкес 2025-2027 жылдары 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G–ге арттыру, 28 елді мекенде жергілікті атқарушы орган тарапынан электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен қамтамасыз етілген жағдайда мобильді байланыс сапасын жақсарту, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен және республикалық, облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген.

2023 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі және ҚР Оқу-ағарту мининистрлігімен бекітілген №153 н/қ бірлескен бұйрығына жалпы облыстағы 446 мектептің 11-і сәйкес келмейді (Интернет жылдамдығы 10 мбиттен төмен). Аталған мәселе бойынша бүгінгі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда, 11 мектеп бойынша басқарма, аудан әкімдіктері және байланыс операторлары тарапынан техникалық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге 11 проблемалық мектептің 2-інде техникалық мүмкіндігі анықталып, қаражаты есептелуде.

Туризм

Қазіргі таңда Жамбыл облысының туризм саласын дамыту негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіліп отыр: 

1. Туристік бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету; 

2. Туристік инфрақұрылымды дамыту; 

3. Туризм саласына инвестиция тарту; 

4. Жарнамалық-имидждік саясатты жүзеге асыру. 

Өткен жылдан бастап туристік бизнес өкілдеріне 4 позиция бойынша мемлекеттік қолдау, яғни субсидиялау мүмкіндіктері қарастырылды. Олар:

  • туристік бизнес өкілдері туризм объектілерінің құрылысын жүргізсе, олардың шығындарының 10%-ы өтеледі. «Турист» қонақ үйі бойынша өтінім беріліп, 21 млн сомасы қаралу үстінде;
  • туристік бизнес субъектілері туристерді тасымалдауға арналған автобустар сатып алатын болса, сол шығындарының 25%-ы қайтарылады; 
  • республикалық автомобиль жолдары бойында жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысы жүргізілетін болса, ол объектілердің сметалық құнының 10%-ы туристік бизнес субъектілеріне қайтарылады; 
  • туристер үшін тартымды аумақтарда және оларға алып баратын жолдарда орналасқан дәретханаларды күтіп-ұстауға кететін бизнес өкілдері шығындарының бір бөлігі айына 83 300 теңге көлемінде субсидияланады. 

Бұл позиция бойынша өткен жылы 6 нысанға қолдау көрсетілді, ал биыл туристік бизнес субъектілерінен 9 өтінім түсіп, мемлекеттік қолдау шаралары жүргізілуде.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Ақыртас» сарай кешені ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жамбыл ауданында орналасқан «Таскөл» демалыс орталығына 77 млн теңгеге электр желісі жүргізілді. 

Жамбыл облысының туризм саласы бойынша 2023-2025 жылдары жалпы соммасы 9 млрд 855 млн теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 

- «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің 3-кезеңі (655 млн теңге); 

- «Koksai resort» туристік демалыс аймағы (3 млрд теңге); 

- «Aksai resort» этно-туристік демалыс орталығы (2,5 млрд тг.); 

- «Ақ жол» этно-туристік кешені (300 млн теңге); 

- «Таскөл» демалыс орталығы (200 млн теңге); 

- «Алмалы resort» туристік демалыс орталығы (2 млрд теңге);

- «Зербұлақ» аквапаркі (1,2 млрд теңге).

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 106 уақытша және 95 тұрақты, барлығы 201 жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл 3 туристік демалыс орталығы ашылды: Жуалы ауданындағы «Koksai resort», Жамбыл ауданындағы «Алмалы» туристік демалыс орталықтары және Тараз қаласындағы «Зербұлақ» аквапаркі.

Сонымен қатар осы жылдың басынан «Жанды сабақтар» жобасы, «Көктем көркі – қызғалдақ» іс-шарасы, Тараз – Түркістан – Тараз бағыты бойынша «Taraz City bus» экскурсиялық бағдарламасы жүзеге асырылды. Жастардың патриоттық сезімін дамытуға және өз өлкесін танып білуге бағытталған бұл іс-шара аясында барлығы 32 ақпараттық тур ұйымдастырылып, жалпы 2 000-нан аса бала қамтылды. 

Осы жылдың маусым айында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысқа келіп жатқан туристерді ақпараттандыру мақсатында туристер көп шоғырланатын орындар – «Март» сауда орталығы мен «Әулие Ата» әуежайында туристерге толық ақпарат беретін, анықтамалық қызметтің барлық ресурсы шоғырланған, бірегей туристік ақпараттық терминалдар орналастырылды. Бұл терминалдар арқылы туристерге облыстағы қонақ үйлер, тамақтану орындары, көлік қызметтері, көрікті жерлер мен туристік маршруттар туралы толық ақпарат бір терезе қағидаты бойынша ұсынылатын болады.

Туризм саласын дамытудағы негізгі мәселелердің бірі – білікті кәсіби мамандар даярлау. Биылғы мамыр айында туристік салада білікті мамандар даярлауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, гидтер мен экскурсия жетекшілері курстары ұйымдастырылып, 30 маман халықаралық дәрежедегі сертификат алды.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2022 жылы облысқа келген туристер саны – 135 712 адам, оның ішінде шетел туристерінің саны – 2 872 адам. Ал биылғы 1-тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 31 144 турист келіп, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116%-ға артып отыр. Олардың 467-сі шетелдік турист болса, қалған 30 677-сі еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер. Келушілерге 498 млн теңгеге қызмет көрсетілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 15 млрд 012 млн теңгені құрап, жылдық жоспардағы көрсеткіш 146,5%-ға орындалған болатын. 

Алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар:

  1. Облыс аумағында орналасқан 65 туристік нысан бойынша инвентаризация жұмыстары жүргізіліп, актілер әзірленеді. Негізгі мақсат – туристік нысандардың инфрақұрылымын жетілдіріп, Жамбыл облысына келетін туристерге қолайлы жағдай жасау. Осы актілер негізінде Жол картасы әзірленіп, абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
  2. Жамбыл облысы аумағында «Хаома фест» іс-шарасы ұйымдастырылмақ.
  3. «Март» сауда орталығында балалар мен жасөспірімдердің сән әлемін дамытуға бағытталған «Fashion show Taraz» іс-шарасы ұйымдастырылады.

Білім беру саласы

Облыстың білім беру жүйесін қаржыландыруға 2023 жылға 284,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдар саны – 573, онда 60 287 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында – 91,7% құраса, 2-6 жас аралығында – 94,1%, ал, 3-6 жас аралығында – 100%. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар саны – 231, онда 25 809 бала тәрбиеленуде. 2022 жылы 2 270 балаға арналған 20 жеке меншік ұйым ашылса, 2023 жылы 1 937 балаға арналған 17 жеке меншік ұйым ашылады деп жоспарланған.

Бүгінде күндізгі 446 мектепте 236 666 оқушы білім алды. 40 жеке меншік мектепте 10 524 оқушы, 3 кешкі мектепте (Тараз қаласы, Қордай, Шу аудандары) 769 оқушы, 5 арнайы мектепте 515 оқушы білім алды. 446 мектептің 315-і қазақ тілінде, 4-і орыс тілінде, 127-сі қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. 133 (24%) шағын жинақталған мектепте 11 839 оқушы білім алды.

Биыл білім саласында бірқатар жетістікке қол жеткізілді. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленіп отыр. Республикалық олимпиадада жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыс командасы республика деңгейінде 9-орынды иеленді (2022 жылы – 11-орын), қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыс командасы республикада 1-орынды жеңіп алды. 

Сонымен қатар облыс оқушылары тек республикалық деңгейдегі емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде. Солардың бірі Шарел Марғұлан 2022-2023 оқу жылында өткен математикадан ХХІІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қола медаль иегері атанса, ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медаль алды. Жуырда Жапония мемлекетінде өткен халықаралық Балкан математика олимпиадасынан да қола медаль иеленіп, ЖОО-ға конкурстан тыс негізде оқуға білім гарнты мен 500 АЕК көлемінде бір реттік сыйақы алды. 

2018 жылы өткізілген PISA халықаралық зерттеуінде Жамбыл облысының оқушылары «Математикалық сауаттылық» бойынша І орынды иеленген болатын. 3 жылда бір рет өтетін PISA халықаралық зерттеуі 2022 жылы өткізілді, нәтижесі осы жылдың желтоқсан айында белгілі болады. Сондай-ақ 2019 жылы өткізілген TIMSS халықаралық зерттеуінде облыс оқушылары республикада І орынды иеленген болатын. 4 жылда бір рет өтетін бұл зерттеу биыл өтіп, нәтижесі 2024 жылы белгілі болады. 2021 жылы өткен PIRLS халықаралық зерттеуінде облыс оқушылары 532 балл жинап, ІІ орынды иеленді.

Ауыл мен қала мектептері арасындағы оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты жою бойынша Қадамдық жоспар әзірленіп, білім сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды. Облыстағы орта білім берудегі тәрбие, оқыту үрдістерін дамыту, оқыту сапасын жақсарту мақсатында консультативтік-кеңесші орган, Директорлар кеңесі, «Ұлағат» педагогтер ассоциациясы құрылған. Мектеп басшылары мен педагогтер арасында озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсету мақсатында «ONLAIN-SHEBERHANA», «TIYTOR TARAZ», «Сабақ Time», «Менторлар мектебі», «Математика мектебі», «1+10», «Шеберлер шеберханасы», «IT шебер», Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірлесіп, «Жетекші мектептер» жобалары іске асырылуда. 12 мектепте эксперименталды-тəжірибелік алаңдардың жұмысы жүргізілуде.

«Ауыл мектебі» пилоттық жобасы аясында «Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесе отырып, тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Сарысу ауданындағы Б. Адамбаев атындағы тірек мектебі аталған қордың қолдауымен заманауи үлгіде жабдықталса, жаңа оқу жылына дейін Жуалы ауданыныдағы №15 Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-гимназия мен Мойынқұм ауданындағы Т. Рысқұлбеков атындағы орта мектептер жабдықталады. 

2022 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 172 мың дана көркем әдебиет сатып алынды. Оқушылар оқулықпен және оқу-әдістемелік кешендерімен 100% қамтылды. 2023 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде көркем әдебиеттер алуға 150 млн теңге қарастырылған.

446 мектептің барлығы толығымен 4 мегабит/сек-тен жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Облыста 54 IT сыныбы ашылды. 277 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталған. 445 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. Оқу үдерісінде пайдаланатын компьютерлер саны – 55 953. 10 740 оқу кабинетінің барлығы компьютермен қамтамасыз етілген.

Облыс бойынша 78 мектептен тыс мекемеде 68 570 оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Мектеп оқушыларының 102 000-ы өз қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қатысады. Мектептердегі 2 736 спорт секцияларына 75 043 оқушы барады. Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі – 75,5%. Сондай-ақ елімізде алғаш рет резиденция ғимараты балалар игілігіне беріліп, жыл бойына жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып ашылды. Бір ауысымда 50 баланы демалыспен қамтитын орталықта жылына 800-ден астам бала оқу-сауықтырумен қамтылмақ.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес басталған «Жомарт түлек», «Мейірім» жобалары жалғасуда. «Жомарт түлек» жобасы аясында білім беру ұйымдарында 4 350 мотивациялық кездесу өтіп, оған 105 590 оқушы қатысты. Жоба аясында 261 мектепке 145,5 млн теңгеге демеушілік жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ «Мейірім» жобасы аясында 1 331 бала облыстағы мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарға бекітіліп, «Отбасы банкі» АҚ-да ашылған шоттарына барлығы 52 млн 300 мың теңге қаражат аударылды.

2022-2023 оқу жылында 7 922 мүмкіндігі шектеулі баланың 6 507-сі оқумен және тәрбиемен қамтылған: облыста осы бағытта 25 арнайы білім беру ұйымы мен жалпы білім беретін мектеп жанынан 8 инклюзияны қолдау кабинетті (ресурстық орталықтар) жұмыс жасайды. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелері: мектептер саны – 397(89%), балабақшалар саны – 180 (80,3%).

Өткен жылы Тараз қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығы және 1 педагогикалық-психологиялық-медициналық консультациясы, 3 инклюзияны қолдау кабинеті, ресурстық орталықтар ашылды. Ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, оларды ерте диагностикалау мақсатында құрылған облыстағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға демеушілердің есебінен қызметтік 6 «Largus» автокөліктерінің кілті табысталып, ерекше балаларға оңалту-дамыту қызметін көрсететін түзету кабинеттеріне демеушілер есебінен қажетті арнайы құрал-жабдықтар табыс етілді. 

Облыстағы 446 мектептің 410-ында асхана бар, 35 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. 2023 жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды әлеуметтік қолдауға 6,1 млрд теңге бөлінді. 2022 жылмен салыстырғанда жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен бөлінген қаржы 6,2%-дан 6,3%-ға артты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі 11 мыңнан аса бүлдіршінді және 1-4 сыныптағы 94 мыңнан аса бастауыш сынып оқушысын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылатын болады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,9 млрд теңге қаржы қарастырылды.

2023 жылы 17 мектеп пен 8 мектептің қосымша құрылысына 23,1 млрд теңге қаржы қарастырылды. 2023 жылы 9 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 оқушыға арналған 12 мектеп салу жоспарлануда. Жоспарға сәйкес 2023 жылы 7 мектептің, 2024 жылы 5 мектептің құрылысы басталады. 2023 жылы құрылысы басталатын 6 200 балаға арналған 7 мектептің құрылысына 15,1 млрд теңге қаржы бөлінді. 

Бүгінде облыс бойынша 4 үш ауысыммен оқытатын, 2 оқушы орны тапшылығы бар және 3 апатты мектеп тіркелген. 2023-2024 жылдары 4 үш ауысыммен оқытатын мектептің екеуі қосымша құрылыс есебінен, 2 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің құрылысы есебінен шешіледі деп жоспарлануда. Оқушы орны тапшылығы бар 2 мектептің мәселесі 2023 жылы пайдалануға берілетін Тараз қаласының Арай алқабындағы 600 оқушыға арналған мектептің құрылысы есебінен шешіледі.

Облыс бойынша бүгінде 3 апатты мектеп тіркелген. Мойынқұм ауданындағы 2 апатты мектептің мәселесін мектеп құрылыстары есебінен шешу жоспарланып отыр. Бүгінде облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін қажетті құжаттар дайындалуда. Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің мәселесі 2023-2024 жылдары спорт зал, асхана, мәжіліс залдың қосымша құрылысы есебінен шешіледі деп жоспарлануда. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама – мемлекеттік сараптамада.

Облыс бойынша 2023 жылға 17 білім нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,4 млрд теңге қаржы қарастырылды. Бүгінlt 17 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары – басқарманың толық бақылауында.

Облыста 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде 25 546 студент білім алса, 13 307-сі мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда. Жалпы орта білім беру азаматтарына кепілдік беру жөніндегі заңнамалық норманы ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға дейін 9-сынып түлектерін тегін кәсіптік біліммен қамтуды 100%-ға ұлғайту жөніндегі міндетті айқындады. Сәйкесінше, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша 2022-2023 оқу жылына 5 734 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Алдағы оқу жылына 6 350 орын мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жоспарланды. Колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж еніп, 3,7 млрд теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінде жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкені және 2 ақылы қызмет көрсету орталығы ашылды. 2022-2023 оқу жылында 44 колледждің 36-сы 57 мамандық бойынша оқытудың дуалды жүйесін енгізіп, 6 414 студент қамтылды.

Денсаулық сақтау жүйесі

Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштері бойынша:

Өмір сүру ұзақтығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,8 жасты құрады. Табиғи өсім 1 000 тұрғынға шаққанда 14,96, туу көрсеткіші – 20,63, өлім-жітім – 5,67. Нәресте өлімі 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 7,7-ні құрап, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ға төмендеген. Қан айналым жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 8,6%-ға төмендеген. 

Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 27%-ға төмендеп, 53,0-ді құрады. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 1,2%-ға өсіп, 18,1-ді құрады. Туберкулездан болатын өлім-жітім көрсеткіші бірқалыпты болып, 0,6-ны құрады. Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 0,6%-ға өсіп, 63,2-ні құрады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,8%-ға төмендеп, 24,5-ті құрады. 

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар көрсеткіші 28,3%-ға төмендеп, 2023 жыл 5-айда 5,3-ті құрады. Жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттарудан болатын өлім көрсеткіші 30%-ға төмендеп, 2023 жыл 5-айда 7,1-ді құрады.

Инфрақұрылымды жақсару мақсатында 2,6 млрд теңгеге 20 жоба басталып, оның 18-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 10 нысанның құрылысы бар. Сонымен қатар 1,4 млрд теңгеге 10 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында 3 ауданда ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар құруға қайта жаңғырту жұмыстары, 3 аудандық орталық аурухананың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы құны 14,1 млрд теңгені құрайтын облыстық онкологиялық диспансер пайдалануға берілді.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында, «СҚ-Фармация» біріңғай дистрибьюторы арқылы амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуге 35 755 405 дана дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар келіп түсті, жалпы қамтамасыз ету сомасы – 7 142 632 054,81 теңге, қазіргі таңда игерілу 80%-ды құрайды.

Соңғы 3 жылда жергілікті бюджет есебінен 9,1 млрд теңгеге материалдық техникалық базаны нығайтуға медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдар алынды. Лизинг шарттарымен 12 санитариялық автокөлік облыстық жедел жәрдем стансасына сатып алынды. 2023 жылдың 6 айында медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету облыс бойынша 92,45%-ды құрап, 4%-ға өскен. 

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар

2023 жылы құрылыс басқармасы арқылы 255 жобаға бюджеттен 71,3 млрд теңге бөлініп, іске асырылуда. Оның 182-сі осы жылы тапсырылуы тиіс, 73-і келесі жылға өтпелі. Оның ішінде:

Білім саласында – 18 нысан, 14-і биыл тапсырылып, төртеуі келесі жылға өтеді.

Жайлы мектеп – 7 нысан, жетеуі келесі жылға өтеді.

Денсаулық саласы – 23 нысан, биыл 21-і тапсырылып, келесі жылға екеуі өтеді.

Спорт саласы – 22 нысан, биыл 15-і тапсырылып, жетеуі келесі жылға өтеді.

Мәдениет саласы – 18 нысан, 12-сі биыл тапсырылып, алтауы келесі жылға өтеді.

Әлеуметтік сала –2 нысан, екеуі биыл тапсырылады.

Тұрғын үй – 74 нысан, 45-і тапсырылып, 29-ы келесі жылға өтеді.

Ауыл шаруашылығы саласы – 11 нысан, 7 нысан тапсырылып, төртеуі – келесі жылға өтпелі.

Ішкі істер органдары/төтенше жағдай – 3 нысан, биыл тапсырылмақ.

Жыл басынан 20 нысанның құрылысы аяқталды. Олар: білім саласында – 1, денсаулық сақтау саласында – 4 нысан, спорт саласында – 2 нысан, мәдениет саласында – 5, тұрғын үй – 4.

Білім беру саласында 18 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда: 10 жаңа мектеп, 8 жапсарлас құрылыс. 2023 жылы 11,6 млрд теңге қаржы бөлініп, биыл 14 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. 23 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2023 жылы 6,5 млрд теңге қаржы бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 21-і тапсырылады. Спорт саласында облыс бойынша 2,4 млрд теңгеге 22 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Биыл 15 спорттық сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 

Мәдениет саласында 18 нысанның құрылысына 2 млрд теңге қаржы бөлініп, осы жылы 12 нысанда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуы қажет. Әлеуметтік саласында 2 оңалту орталығы салынуда. 2023 жылға 2,8 млрд теңге бөлінді. Тараз қаласында 150 орындық оңалту орталығы және Шу ауданында 48 орындық оңалту орталығы биыл пайдалануға беріледі.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 3 929 пәтерлі 74 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысы бойынша 2 564 пәтерлі 45 үйдің құрылысы аяқталады. Бүгінде бюджет қаражаты есебінен 280 пәтерлі 4 несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар облыс аумағында халықтын әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен 797 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Биыл 9,7 млрд теңгеге 77 инженерлік инфрақұрылым жобасының құрылысы жүргізіліп, 2 жаңа алқапта 869 жер телімін таратуға дайындау жоспарланып отыр.

Бұқаралық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар

2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6%-ға жетті. Бүгінде облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 272 штат бірлігі енгізілген. Облыс көлеміндегі 153 ауылдық округ толықтай спорт нұсқаушыларымен қамтылған. Облыстың барлық ауданы мен Тараз қаласы әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталықтары ашылған. 

Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 2 009 спорт іс-шарасы ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 140,9 мың адам қатысты. Облыста мүгедектігі бар 4 063 адам спортпен жүйелі түрде айналысуда. Бұл спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектердің 22,0%-ын құрайды. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын іске асыруға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде 49 өнім беруші 19 спорт түрі бойынша 4-17 жас аралығындағы 7 097 бала мен жасөспірімді спорттық секциялармен қамтылуда.

Сонымен қатар өңірдегі спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтеріп, 23 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 16 спорт нысаны қолданысқа беріледі. Қалған 7 спорт кешені 2024 жылға өтеді.

2022 жылы облыста 18 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, 4 спорт кешені және 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Сонымен қатар биылға 38 спорт алаңшасының құрылысы жоспарланып, 2023 жылдың І жартыжылдығы бойынша облыста 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жалпы облыс көлемінде 2023-2025 жылдары 129 спорт алаңшасын қолданысқа беру жоспарланған.

Облыс бойынша 2 919 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 1 спорт сарайы, 17 стадион, 48 спорт кешені, 739 спорт залы, 430 футбол алаңы, 1 647 спорт алаңшасы және 37 басқа да нысан бар. Аталған спорт нысандарының барлығы облыс тұрғындар үшін қолжетімді. Осы нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылдануының арнайы кестесі жасалып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және басқарманың, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланған. 

Облыстағы жалпы білім беретін орта мектептердің спорт залдарын сабақтан тыс бос уақытта пайдалану үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты меморандум жасаған. Бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда, оның ішінде 51 спорт мекемесі облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарайды, қалған 16 спорт мекеме – аудан әкімдіктерінің қарасты.Аталған спорт мекемелерінде 28 447 спортшымен тұрақты түрде 1 064 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. 

Қазіргі таңда облыста спорттың 78 түрі қамтылған. Бүгінгі таңда 683 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. Оның ішінде 253 спортшы Ұлттық құрама, 225 спортшы жастар құрамасы және 205 спортшы жасөспірімдер құрамасы сапында ел абыройын халықаралық спорт бәсекелерінде асқақтатып келеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу