2025 жылға қарай Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55%-ға артады

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 99,3%-ды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60%-дан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты базалық салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. 

Өңірде машина жасау, металлургия, мұнай-газ кешені (оның ішінде мұнай өңдеу), сондай-ақ өнеркәсіптің тау-кен, қорғаныс және жеңіл (тамақ, тігін) салалары барынша дамып келеді. Батыс Қазақстан облысының аумағында 1051 өндірістік компания тіркелген. Олар өңірдің және бүкіл ел экономикасына зор үлесін қосуда.

БҚО-ның кешенді даму жоспары индустриялық аймақ құруды, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салуды көздейді. Сондай-ақ суармалы жерлердің аумағын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту және Киров су қоймасын қайта жаңартуды бастау жоспарлануда. Ростоши – Тайпақ газ құбырын 29,7 км қайта жаңарту, Орал қаласында автоматтандырылған газ тарату станциясын салу және жергілікті әуежайды жаңғырту жоспарланған.

2025 жылға қарай БҚО өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55%-ға және ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56%-ға өседі, ал электр желілерінің тозуы 80-нен 50%-ға дейін қысқарады.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2022 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары бойынша шарттар жасалды, «Iveco» автобустары мен ершікті тартқыш өндірісіне өнеркәсіптік келісімге қол қойылды, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жабдықтарға лизингтік қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр. 2022 жылда 17 шартқа қол қойылды және 2021 жылғы өтпелі 1 шартты ескере отырып, жалпы сомасы 12,0 млрд теңге қаражат бөлінді.

Осы жылдың 23 қыркүйегінде өткен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде «ОРЕНБУРЖЬЕ» поликарбоксилаттар зауыты» ЖШҚ/«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ; «Саратов сүт комбинаты» ААҚ (РФ)/ «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ; БҚО әкімдігі/ Agrotop ltd и ResumEsferico /«Kazakh Invest» АҚ арасында меморандумдарға және жол картасына қол қойылды.

Форум шеңберінде Саратов облысы тағам өнімдері және жеңіл өнеркәсібі саласының өнімдерін сатып алуға ниет білдірді. «Саратов сүт комбинаты» ААҚ өнімдерді жеткізумен қатар облыс аумағында сүт өндірісін локализациялауға ниет білдірді.

Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің дамуы

Биыл қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 218,7 млрд теңге сомасына өнім өндірілді және жеңіл өнеркәсібі саласында – 3,8 есеге, металлургия саласында – 1,5 есеге, машина жасауда – 18,4%-ға, құрылыс индустриясында – 1%-ға өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен нақты көлем индексі 107,2%-ды құрады.

Жалпы, өңдеу өнеркәсібі саласында 2021 жылдан бері кәсіпорындар саны 425-тен 428-ге дейін ұлғайды. Аталған салада қызмет ететін жұмысшылар саны 2022 жылдың қаңтар-құркүйек айларының қорытындысы бойынша 14,8%-ға артып, 20 мың адамды құрады.

2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12,5%-ға өсіп 361,2 млрд теңгені құрады. Биыл жалпы құны 237,2 млрд теңгеге 1161 жаңа жұмыс орнын құрумен 31 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жалпы құны 222,8 млрд теңгеге 623 жаңа жұмыс орнын құрумен 15 жоба іске қосылды:

Жыл соңына дейін облыста 535 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 14,5 млрд теңгеге 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде ірі жобалар:

– «Сүт-тауарлық фермасы» («Ringo-Milk» ЖШС) – 3,9 млрд теңге (39 жұмыс орны);

– «Кірпіш зауыты» («Westgroup» ЖШС) – 3 млрд теңге (50 жұмыс орны);

– «2 медициналық орталық» («КДЛ ОЛИМП» БҚФ ЖШС және «Талап» АҚ) – 2,7 млрд теңгеге (200 жұмыс орны);

– «Май зауытын кеңейту» («ПоймаМайКомбинаты» ЖШС) – 1,3 млрд теңге (10 жұмыс орны);

– «Меркурий» сауда үйі («Гайсин Р.В. ЖК») – 1 млрд теңге (80 жұмыс орны);

– «Қонақ үй» («NurbergenHealthResort» ЖШС) – 500 млн теңге (30 жұмыс орны).

Сонымен қатар Ресей Федерациясынан кәсіпорындарды релокациялау барысында терезе жақтауын және фанера өндіру бойынша «TerezeStyle» ЖШС, «QazFanCom» ЖШС жобалары іске қосылды. PlyCom-ның фанера өндірісі жобасы мен ООО «РосНефтеХим»-нің химикалық өнімдер өндірісі жобасы бойынша іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар жыл соңына дейін қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ локализациялау аясында басқа да 8 жобамен жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, фармацевтика зауыты құрылысы (NiakPharmaceuticals), қонақ үй («Тон-Авто» ЖШҚ), әйнек өндірісі («AsiaDistillery» ЖШС), фанера өндірісі (PlyTerra), сүт өндіру зауыты («Саратов сүт комбинаты») ААҚ, құс етін өндіру («ChickenLand» ЖШС), резервуар өндірісі (ХимСтальКон-Инжмнмринг), мұнай саласындағы құрылғылар өндіру («Красный пролетарий» АҚ) жобалары. Осы жылы наурыз айында құны 381,6 млрд теңгеге Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 

2023 жылы келесі 2 ірі жобаның іске қосылуы жоспарлануда:

  • мұнай-газ саласына арналған құрылғыларды дайындау бойынша зауыт құрылысы («КаспиМунайКапитал» ЖШС) – 500 млн теңге (100 жұмыс орны);
  • қонақ үй құрылысы («ПСП Серик» ЖШС) – 3,5 млрд теңге (45 жұмыс орны).

Сонымен қатар 2023 жылы құны 60,3 млрд теңге Рожковское ОПЭ көмірсутек шикізатын өндіру («Урал Ойл энд Газ» ЖШС) және келесі ірі жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда:

– сұйық метанол өндірісі («ZhaikPetroleumLtd» ЖШС) – 54,5 млрд теңге (228 жұмыс орны);

– керамзитті гравий өндірісі («Тұмар Орал» ЖШС) – 2,5 млрд теңге (94 жұмыс орны);

– құрғақ қоспалар өндірісі («Бриг Компани» ЖШС) – 1,5 млрд теңге (30 жұмыс орны);

– IVECO сервистік орталығы («ОралАгроРеммаш» АҚ).

2023 жылға негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі бойынша нысаналы көрсеткіш – 575,2 млрд теңге. Жыл қорытындысы бойынша аталған жоспарға қол жеткізу көзделуде.

Тау-кен өнеркәсібі  

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 2950,1 млрд теңге сомасына өнім өндірілді. Жалпы өнеркәсіптің негізгі үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі – 91,2%. Аталған салада қызмет ететін ірі кәсіпорындар Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. және «Жайықмұнай» ЖШС.

Газды конденсат өндірісі бойынша БҚО республикадығы үлесі 97,4%, табиғи газ өңдіру көлемі бойынша облыстың үлесі – 36%, соның ішінде табиғи газдың тауарлық шығарылымы – 90,2% құрайтындығын атап өткен жөн.

Алайда, аталған салада биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 98,2%-ды құрады. Өндіріс көлемінің төмендеуі 28 қазаннан Орынбор газ өңдеу зауытындағы жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және 1-ші, 3-ші техникалық жүйесінің уақытша тоқтатылуымен негізделген. Сонымен қатар КПО б.в. компаниясында осы жылдың 11 қыркүйегінен ГӨК- 2, ГӨК-1 және 12 қыркүйектен КПК кешендерінің толықтай тоқтатылуымен түсіндіріледі.

Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ірі жобалар, оның ішінде көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған жобалар іске асырылуда, олар мұнай өндірудің тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерді сақтап және жақсартады және қоршаған ортаға әсерді барынша төмендетеді.

«Газды кері айдаудың 4-ші компрессорын (4КОЗГ) салу» жобасы енгізілді. Осы жобаны іске асыру қабатқа айдалатын газ көлемін ұлғайтуға, сол арқылы көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша (1-кезең) 1-БЖК базалық жобалау аяқталды. Жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіру сөресін қол жеткізілген деңгейде қолдауға мүмкіндік беретін шикі газды дайындау және кері айдау қуаттарын ұлғайтуды көздейді.

Металлургия өнеркәсібі

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі 19,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық. Сонымен қатар биыл 9 айда металлургия өнеркәсібі экспортының көлемі $21,5 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 2,9 есе көп. Металлургия және дайын металлды өңдеу салаларында негізгі бағытта қызмет ететін 3 кәсіпорын бар. Олар «КазАрмапром» ЖШС, «КазТрубПром» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК.

Сала кәсіпорындарының базасында өндірісті кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және Ресей Федерациясының тау-кен байыту комбинаттары мен облыстың мұнай кәсіпорындарының желісі бойынша өнімге сұраныс металлургия саласын одан әрі дамытуға және дайын металл бұйымдарын өндіруге жағдай жасайды. Мысалы, «ТМК Казтрубпром» ЖШС API стандарттары бойынша диаметрі 102 мм сорғы-компрессорлық құбырлардың және диаметрі 114 мм және 139 мм корпустық құбырлардың жаңа түрлерін, сондай-ақ TMK Премиум сорғы-компрессорлық құбырлар өндірісін игерді. «КазАрмапром» ЖШС келешекте қаттылығы жоғары тегістейтін арлар өндірісін игеру жоспарлануда.

Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша «ТМК Қазтрубпром» ЖШС бірегей бұрандалы қосылысты (ARKA класты премиум ТМК), сондай-ақ муфталы корпустық құбырларсыз өндіру жөніндегі жобаны іске асырды.

Ауыл шаруашылығының даму жағдайы

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласы нық дамып келеді. 2022 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 19,9 млрд теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 8,8 млрд теңгеге 742 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.

Жоғарыда аталған кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 246,5 млрд теңгені (2021 ж. – 188,9 млрд. теңге), соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 111,5 млрд теңгені, мал шаруашылығы – 134,3 млрд теңгені, қызметтер – 0,7 млрд теңгені құрап отыр. Статистикалық ақпарат бойынша нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 104,8%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 109,2%-ды, мал шаруашылығы – 101,6%-ды, қызметтер – 100,0%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласына 14,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы саласында 51,2 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 911,3 мың теңгені (2021 ж. – 776,7 мың теңге), еңбек өнімділігінің индексі 102,5%-ды құрады.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының бірнеше түрі өсіріледі. Биыл жалпы дәнді дақылдардан 319 мың тонна мол өнім алынды, бұл былтырғы көрсеткіштен 81%-ғы артық. Биыл дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрады. Майлы дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 7,7 центнерді құрап, 136 мың тонна өнім алынды. Бұл облыс бойынша соңғы 10 жылдағы ең жоғары өнімділік. Сонымен қатар күздік бидайдың әр гектарынан 45-50 центнерден өнім алған диқандар бар. Тәуекел егіншілік аймағына жататын өңір үшін бұл жақсы көрсеткіш.

Биыл 63 мың тонна картоп, 91,5 мың тонна көкөніс-бақша өнімі жиналды (2021 ж. картоп 54,4 мың тонна, көкөніс-бақша – 85,9 мың тонна).

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүйізді ірі қара 799,3 мың басты (112,1%), қой – 1162,9 мың басты (106,0%), жылқы – 275,0 мың басты (111,9%), түйе – 2,5 мың басты (105,8%), ешкі – 215,9 мың басты (102,9%), құс – 1597,3 мың басты (100,1%) құрап, өсіп отыр.

Осы жылдың 10 айында тірілей салмақта өндірілген ет көлемі 79,1 мың тоннаны (102,5%), сауылған сиыр сүті 217,4 мың тоннаны (100,9%), өндірілген жұмыртқа 163,1 млн дананы (100,8 пайыз) құрап отыр. Жыл сайын өңірдің ауыл шаруашылық тауар өндірушілері шамамен 1,4 млн адамды сиыр етімен қамтамасыз етеді.

Облыстың аудандарында 29,7 мың басқа арналған барлық инфрақұрылымдармен жабдықталған 13 мал бордақылау алаңы тіркелген. Қазіргі таңда оларда 4,7 мың бас бұқашық тұр.

Сүт және сүт өнімдерінің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында облыста 2022-2025 жылдарға арналған «Сүт белдеуі» тұжырымдама жобасы іске асырылуда. Тұжырымдама аясында 2025 жылға қарай тұтыну нормаларына сәйкес облыс халқына қажетті сауылатын сүт көлемін 45,9 мың тоннаға ұлғайтып, 286,0 мың тоннаға дейін жеткізу арқылы қамтылады және облыстың сүт өнімдеріне қажеттілік 50%-дан асады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан өңірінде сүтті бағытта күні бүгінде жұмыс істеп жатқан 23 агроқұрылым және 21 кооператив бар. 2025 жылға дейін Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Тасқала және Теректі аудандарында 23 сүтті бағытта АШӨК құрылатын болады.

Сондай-ақ сүт импортын төмендету мақсатында ірі кешендер де іске қосылады. Осы жылы Теректі ауданында заманауи технологиямен жабдықталған «Ringo Milk» ЖШС 640 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

2022 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 22 млрд теңгеге жуық қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1,7 млрд теңге, мал шаруашылығына – 8,7 млрд теңге, инвестициялық салымдарды субсидиялауға – 4,6 млрд теңге, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беруге – 2,2 млрд теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 3,5 млрд теңге, басқа да шараларға – 1,3 млрд теңге бөлінді. Облыстың агроөнеркәсіп кешені құрылымдарына мемлекеттік қолдау шаралары әртүрлі 15 бағыты бойынша көрсетіледі. Қазіргі уақытта бөлінген қаржының 16,7 млрд теңгесі игерілді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі саласының өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 37%-дан асады. Салада негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек етеді. Ірі және орта кәсіпорындардың қатарында «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Ақ қайнар», «Белес Агро» ЖШС, макарон өнімдерін, ұн мен кебекті, консервілеу өнімдерін өндірумен айналысатын «Кублей», шұжық өнімдерін өндірушілер - «Жайық-АТА» ШС, «Ибрагим» ЖШС және т. б. бар. Тамақ өнеркәсібі саласындағы өндіріс көлемі осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 81,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артық.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында: етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру (37,8%); ұн-жарма өнімдерін өндіру (22,8%); нан-тоқаш, макарон және ұн кондитерлік өнімдерін өндіру (14,2%); балықты, шаян тәрізділер мен моллюсктерді өңдеу және консервілеу (10,2%); сүт өнімдерін өндіру (6,9%) және т. б.

Айта кету керек, жыл басынан бері ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы етінің өндірісі 2,1 есеге, мяса консервіленген және дайын өнімдер 19,7%-ға, шұжық және етке ұқсас өнімдер – 15,9%-ға, пісірілген немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары – 1,2%-ға, өсімдік майы өндірісі ұлғайды – тазартылған және тазартылмаған – 1,9 есе, өңделген сұйық сүт пен кілегей – 1,8 есе, кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын торттар – 14%, дәнді және өсімдік дақылдарынан алынған ұн – 2,7%-ға, сондай-ақ макарон және ұн өнімдері – 5,5%-ға өскен.

Тамақ өнеркәсібінде ет өнімдері мен құс еті, ірі қара еті және т. б. сияқты өндірістеді кеңейтуге болады. Қазіргі уақытта өндірісті кеңейту мақсатында қуаттылығы жылына 5475 тонна «тауар-сүт фермасы» («Ringo-Milk» ЖШС) және қуаттылығы күніне 100 тонна «май зауытын кеңейту» («ПоймаМайКомбинаты» ЖШС) жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ осы жылдың 23 қыркүйегінде өткен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумының қорытындысы бойынша «Аqjaiyq» ӘКК АҚ мен «Саратов сүт комбинаты» ЖШҚ (РФ) арасында сүт жеткізу бойынша меморандумға қол қойылғанын атап өткен жөн. «Саратов сүт комбинаты» ААҚ біздің облыс аумағында сүт өндіруді жеткізуге ғана емес, сонымен қатар оқшаулауға дайын.

Аталған саладағы экспорт соңғы 3 жылда 32,4-тен $52 млн-ға дейін ұлғайды. Осы жылдың 9 айында экспорт көлемі $32,8 млн-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе жоғары, 2018 жылға қарай өсім 17,1%-ды құрады. 

Статистикалық ақпарат бойынша 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қайта өңдеу саласында 81 125,4 млн теңгенің тағамдық өнімі өндіріліп, физикалық көлем индексі 2021 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 102,3%-ды құрады.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нан және нан өнімдері – 11 196 тонна (105,0%), қайта өңделген сүт пен кілегей – 2 837 тонна (178,9%), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы – 7 331 тонна (191,6%), ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер – 3 386 тонна (114,1%), макарон өнімдері – 20 567 тонна (105,5%), шұжық өнімдері – 8 526 тонна (115,9%), ет қалбырлары – 4 311 тонна (126,1%), ұн – 99 189 тонна (102,7%), балық қалбырлары – 2 241 тонна (101,2%) өндіріліп, өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес биыл 9 айда өңірдегі қайта өңдеу саласының кәсіпрындарымен өндірілген өнімдерден 5 564,7 тонна бидай ұны, 201,4 тонна сиыр еті қалбыры, 27,3 тонна өзге дайын өнімдерден жасалған қалбырлар, 8282,3 тонна макарон өнімдері жалпы сомасы $9,9 млн-ды құрайтын өнімдер Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан елдеріне экспортқа шығарылған. Осы саланың ірі өкілдері «Желаев АӨК» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Белес-Агро» ЖШС, «Жайық-Ет» ЖШС болып табылады.

Егін ору маусымында және одан кейінгі кезеңдерде көрші елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау және оларды экспортқа шығару белсенді жүргізіледі. Ал жыл басынан бері осы кезеңге дейін 183 мың тоннаға жуық өнім экспортталған. Оның ішінде бидай көлемі – 105,5 мың тонна, ұн – 40,2 мың тонна. Сонымен қатар ел ішіндегі тасымал бойынша жыл басынан бері облыстан тыс 51,6 мың тоннадай ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың жана өнімдері шығарылған, негізі үлесінбидай (17,6 мың тонна), ұн (13 мың тонна) және кебек (11,8 мың тонна) құрайды. Бұл өнімдер Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан т.б. өңірлерге жөнелтілген.

Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен (Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов облыстары) шектесетін болғандықтан экспортталған өнімдердің негізгі бөлігі транзиттік жүктерге тиесілі екенін атап өткен жөн.

Өнімділікті арттыру бағытында барлық қажетті агротехникалық шараларды қабылдап, дәнді дақылдардан жоғары өнім алған «АгроСервис-Батыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Матевосян» ШҚ, «Заман» ЖШС, «Раздолье» ЖШС, «Тұлпар» ШҚ, «Алтын бидай», «Grain-2030» ЖШС, «Асан Аул» ЖШС сияқты ірі агроқұрылымдарды, сондай-ақ картоп, көкөніс өсіруде жақсы көрсеткіштерге ие «Жаңа Әлем» ШҚ, «Энергетик» ШҚ, «Август» ШҚ, «Плотников» ШҚ, «Руслан» ШҚ, «Балакирев В.А.» ШҚ, «Рубежинский» АӨК, «Байстоун» және «Жайна» ЖШС кәсіпорындарын атауға болады.

Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 871 бірлескен бұйрығына ірі қара малдың және ұсақ малды әкетуге тыйым салуды белгілеу және ІҚМ әкетуге 60 мың бас және ұсақ малды әкетуге 120 мың бас мөлшерінде сандық шектеулер (квоталар) белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу нормативтік актілерінің жобалары дайындалу барысында. НҚА күшіне енген соң, шаруашылықтар квота бойынша тірілей малды экспорттауға мүмкіндігі болады.

Қазіргі таңда облыстан 19,1 тонна сиыр еті және 51,8 тонна қой еті Өзбекстан еліне экспортталды. Бұдан басқа, өндірілген сапалы өнім Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және басқа да облыстарға жеткізіледі. Осы жылы аталған облыстарға 42,8 мың бас ІҚМ, 74,8 мың бас ұсақ мал және 14,3 мың бас жылқы жіберілді.

Облыста ет, ет өнімдерін және тірілей малды экспорттайтын ірі шаруалар бар, олар «Зира Ет» ЖШС, «Зерновая индустрия» ЖШС және т.б.. Сонымен қатар құс шаруашылығында құс өнімдерін өндіретін үш ірі құс фабрикасы бар, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Агрофирма Ақас» ЖШС және «Жайық ет» ЖШС. Бұдан басқа жалпы мал шаруашылығымен айналысатан көптеген ірі шаруа қожалықтары, бордақылау алаңдары да жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Сабит» ШҚ, «Аманер» ШҚ, «Нығмет» ШҚ, «Атамұра» ШҚ, «Муса» ШҚ, «Бауырларм-НАРМ» ШҚ, «Муслим» ШҚ, «Хафиз» ШҚ, «Алға қазақ» ШҚ, «Нарын» ШҚ, «Сисенгалиев Р.» ШҚ, «Әлем» ШҚ, «Жасқанат» ШҚ, «Ғазиз» ШҚ, «Қоржын» ШҚ, «Жібек Жолы» ШҚ, «Перспектива Кан» ШҚ, «Айсұлу» ШҚ, «Мясная Индустрия» ЖШС, «Taskala-Et BKO» ЖШС, «Перизат» ШҚ, «Рауан» ШҚ және т.б..

Облыстың басымдық берілетін салалары

Бес жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 164 млрд теңгеден астам жаңа өндірістер іске қосылады. Өңірде 2021-2025 жылдары агроөнеркәсіптік кешен саласында 94 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 164,7 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратқа сәйкес, биыл 25,8 млрд теңгеге 33 нысан іске қосылады. Мысалы, жылына 7,3 мың тонна көкөніс өсіретін 14 млрд теңгеге жылыжай ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ 300 млн теңгеге 2 мың бас ірі қара малға арналған екі бордақылау алаңы іске қосылмақ. Жалпы қуаттылығы – жылына 500 тонна етті құрайды.

Бұдан басқа, 3,95 млрд теңгеге екі сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 1,07 млрд теңгеге сүт өңдеуді жолға қою көзделген. Жалпы құны 2,08 млрд теңгені құрайтын төрт көкөніс қоймасы іске қосылады, онда жылына 13,6 мың тонна өнім сақтауға болады. Сондай-ақ биыл құс етін өндіретін кәсіпорын жылына 7 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін кеңейтіледі. Инвестициялар – 3,5 млрд теңге.

2022 жылы 2,5 млрд теңгелік бордақылау алаңын пайдалануға беру жоспарлануда. Тағы бір осындай нысанның құны – 1,5 млрд теңге. Оның құрылысы 2024 жылы басталады. Ал 2025 жылға қарай қазақстандық инвесторлар жалпы саны 45 мыңға дейін қой өсіру бойынша репродуктор жасамақ. Жобаның құны 1,7 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету 

Батыс Қазақстан облысы бойынша биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасылар саны – 11 641. Республикалық бюджеттен ай сайын мөлшері бала санына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» медалімен және бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған 6 662 көпбалалы аналарға ай сайын (6,4 АЕК) – 20 352 теңгеден мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетеді. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша:

1. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 3 117 отбасына оның ішінде 15 011 адамға 850,8 млн теңгеге көрсетілді. АӘК алушылар қатарында 1 005 көп балалы отбасы бар. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер (одан әрі – КӘП) АӘК алушы отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 3 361 балаға 196,4 млн теңгеге берілді;

2. тұрғын үй көмегі 1 070 отбасына 39,7 млн теңге көлемінде;

3. үйде оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек 436 отбасына 33,2 млн теңгеге.

4. жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 24 551 отбасына 1 241,0 млн теңгеге көрсетілді, соның ішінде мерекелік және атаулы күндерге біржолғы әлеуметтік көмектер (ҰОС ҚМ, ҰОС ҚМ теңестірілгендер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және т.б.) 8 661 адамға 415,7 млн тенгеге.

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен 7 304 отбасыға 134,3 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Отбасы» орталығына әртүрлі сұрақтамен кеңес алуға аз қамтылған және көпбалалы 1 824 адам жолықты, оларға 2 456 қызмет көрсетілді. Орталықта тұрақты түрде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі, соның ішінде дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, тікелей эфирлар, психологиялық тренингтер. Барлығы 33 дөңгелек үстел өткізілді, 28 мастер-класс ұйымдастырылды. Оған 800 астам адам қатысты. 1 140 кеңес алушыға egov порталы арқылы түрлі анықтамалар алуға, ЭЦҚ алуға көмек көрсетілді.

Облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 24 213 адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 2866.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер алушылардың 9 003-і немесе 85,0%-ы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 913 адам жеке көмекші қызметімен, 247 адам ым тілі маманының қызметімен, 3881 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы ашылды. Аталған порталға, барлық 1737 нысан енгізілді.

Облыс бойынша жыл соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауы, яғни, 517 нысан 4 санатты мүгедектігі бар адамдарға 100% қолжетімді болуы үшін жұмыстар жүргізу көзделген.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша белгіленген 517-нің 467 нысанында толық жетілдіру жұмыстары жүргізілді немесе 90,3%-ы жоғарыда аталған порталға дәлелді фотосуреттерімен енгізілді.

Қоғамдық көліктегі мүгедектердің жағдайын ескере отырып, әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті бюджеттен 193,7 млн теңге бөлініп, 48 автокөлік (оның ішінде 6 арнайы көлік) 4 бағыт бойынша 980 мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси« қызметі көрсетілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер облыс бойынша стационарлық үлгідегі 11 орталық (оның ішінде 9 мекеме шағын сыйымдылықты), жартылай стационарлық үлгідегі 1 орталық, 2 күндізгі болу бөлімшесі, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 31 бөлімше, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, 6 үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетіледі.

Жалпы арнаулы әлеуметтік қызметтермен 5 562 адам қамтылды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-ауқатын жақсарту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту мақсатында осы жылы ментальді бұзушылықтары бар адамдар үшін 20 орындық Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі ашылды. Оның негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың тұрмысты, еңбекті, демалыс уақытын ұйымдастыруда барынша өздігінен жасауды жетілдіру, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау болып табылады. Бүгінгі таңда Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінде 14 адам тұрып жатыр.

Бұдан басқа, Орал қаласында «Мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығын» ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен нысан құрылысына «Ақжайық» шағын ауданынан нақты жайғастыру жобасымен 5,8 га жер учаскесі қарастырылып құрылыс жұмыстары басталды. Оңалту орталығының құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) тұтыну бағаларының индексі жыл басынан бері 123,4%-ды құрады.

«Айналым схемасы» тетігі шеңберінде ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мақсатында жалпы сомасы 996,4 млн теңгеге 4 977 тонна азық-түлік қоры бар. Облыстың 127 шаруашылығы мен жиналатын өнімнің 15%-ын нарықтық бағадан 15%-ға төмен бағамен сату бойынша меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда осы меморандумдар аясында облыстың резервтік қоры үшін 1665 тонна картоп сақтауға қойылды (жоспар - 3500 тн), 425 тонна пияз (жоспар - 500 тн), 56 тонна сәбіз (жоспар - 300 тн.) және 112 тонна қырыққабат (жоспар - 350 тн). Қажет болған жағдайда резервтік қордан алынған өнім маусым аралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін пайдаланылатын болады.

Ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасалды.

Сонымен қатар ірі сауда желісі «Час пик» акциясын өткізеді, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері, қант, қарақұмық жармасы, күріш, тұз, күнбағыс майы, сүт, сары май, пияз, картоп, тауық жұмыртқасы, айран, қырыққабат, сәбіз, тауық еті, сүзбе) үстемесіз сатылады.

Жыл басынан бері апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп келеді, онда азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан арзан сатылады. Қазіргі таңда 562 жәрмеңке ұйымдастырылды.

Баға белгілеуді талдау, артық делдалдарды анықтау және жою мақсатында делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссиялар өткізіледі. Қазіргі таңда 18 отырыс өткізіліп, онда бірқатар делдалдар анықталып, жойылды, ӘМАТ бағалары төмендетілді. Сондай-ақ талдау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінен асып кету бөлігінде бұзушылықтар анықталды, 6 кәсіпкерлік субъектісі ескерту түрінде әкімшілік шаралар қолданды.

Халықтан бағаның өсуіне түскен шағымдар бойынша (барлығы 18 шағым) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша сауда үстемесін асырғаны үшін 7 субъектіге ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 10 субъектіге қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.

Шағын және орта бизнестің даму қарқыны

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің 50 634 бірлігі бар, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға артық (44 105 бірлік).

Қаңтар-қарашадағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6 374 бірлікті құрады.

2022 жылғы қаңтар-маусымда:

– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі – 1000,1 млрд теңгені (2021 жылғы қаңтар-маусым – 714,4 млрд теңге);

– шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 113 мың адамды құрады (4,2%-ға ұлғайды).

Инвестициялар тарту 

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Орал қаласында «Атамекен« өнер орталығында Түркия, Израиль, Португалия, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдердің және Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының, даму институттарының, бизнес қауымдастықтарының және т. б. өкілдерінің қатысуымен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Форум аясында өңірдің және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Пленарлық сессияда облыс әкімі форумға қатысушыларды Өңірдің инвестициялық әлеуетімен және оның мүмкіндіктерімен таныстырды. Түркия, Португалия және АҚШ спикерлері БҚО-да іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобаларын таныстырды, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясының спикері сауда-экономикалық байланыстарды жолға қоюды күшейту жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және IT технологияларға инвестициялар тарту бойынша панельдік сессиялар өткізілді.

Дөңгелек үстел аясында кәсіпкерлердің инвестициялық преференциялар алу, экономиканың басым салалары үшін қажетті жағдайлар жасау және импортты алмастыру мәселелері талқыланды.

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12,5%-ға өсіп, 361,2 млрд теңгені құрады.

Биыл жалпы құны 237,2 млрд теңгеге 1 161 жаңа жұмыс орнын құрумен 31 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жалпы құны 222,8 млрд теңгеге 623 жаңа жұмыс орнын құрумен 15 жоба іске қосылды.

Жыл соңына дейін облыста 535 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 14,5 млрд теңгеге 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішіндегі ірі жобалар:

  • «Сүт-тауарлық фермасы» («Ringo-Milk» ЖШС) - 3,9 млрд теңге (39 жұмыс орны);
  • «Кірпіш зауыты» («Westgroup» ЖШС) - 3 млрд теңге (50 жұмыс орны);
  • «2 медициналық орталық» («КДЛ ОЛИМП» БҚФ ЖШС және «Талап» АҚ) – 2,7 млрд теңгеге (200 жұмыс орны);
  • «Май зауытын кеңейту» («ПоймаМайКомбинаты» ЖШС) – 1,3 млрд теңге (10 жұмыс орны);
  • «Меркурий» сауда үйі («Гайсин Р.В. ЖК») – 1 млрд теңге (80 жұмыс орны);
  • «Қонақ үй» («NurbergenHealthResort» ЖШС) – 500 млн теңге (30 жұмыс орны).

Сонымен қатар Ресей Федерациясынан кәсіпорындарды релокациялау барысында терезе жақтауын және фанера өндіру бойынша «TerezeStyle» ЖШС, «QazFanCom» ЖШС жобалары іске қосылды.

PlyCom-ның фанера өндірісі жобасы мен ООО «РосНефтеХим»-нің химикалық өнімдер өндірісі жобасы бойынша іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар жыл соңына дейін қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ локализациялау аясында басқа да 8 жобамен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, фармацевтика зауыты құрылысы (NiakPharmaceuticals), қонақ үй (ООО «Тон-Авто»), әйнек өндірісі («AsiaDistillery» ЖШС), фанера өндірісі (PlyTerra), сүт өндіру зауыты (ОАО «Саратовский молочный комбинат»), құс етін өндіру (ТОО «ChickenLand»), резервуар өндірісі (ХимСтальКон-Инжмнмринг), мұнай саласындағы құрылғылар өндіру (АО «Красный пролетарий») жобалары. 

Биыл наурыз айында құны 381,6 млрд теңгеге Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

2023 жылы 2 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда:

– мұнай-газ саласына арналған құрылғыларды дайындау бойынша зауыт құрылысы («КаспиМунайКапитал» ЖШС) – 500 млн теңге (100 жұмыс орны);

– қонақ үй құрылысы («ПСП Серик» ЖШС) – 3,5 млрд теңге (45 жұмыс орны).

Сонымен қатар құны 60,3 млрд теңге Рожковское ОПЭ көмірсутек шикізатын өндіру («Урал Ойл энд Газ» ЖШС) және келесі ірі жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау көзделген:

– сұйық метанол өндірісі («ZhaikPetroleumLtd» ЖШС) – 54,5 млрд теңге (228 жұмыс орны);

– керамзитті гравий өндірісі («Тұмар Орал» ЖШС) – 2,5 млрд теңге (94 жұмыс орны);

– құрғақ қоспалар өндірісі («Бриг Компани» ЖШС) – 1,5 млрд теңге (30 жұмыс орны);

– IVECO сервистік орталығы («ОралАгроРеммаш» АҚ).

2023 жылға негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі бойынша нысаналы көрсеткіш – 575,2 млрд теңге. Жыл қорытындысы бойынша аталған жоспарға қол жеткізу көзделуде.

Өңірдегі жолдардың жай-күйі

Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдарының жергілікті желісінің ұзындығы 4762,1 км. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 39%-ға немесе 1875 км жетті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 11,6 млрд теңге қаржы игеріліп, облыстық және аудандық маңызы бар 186 км жол жөнделді. Сонымен қатар өңір үшін әлеуметтік маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 км уч.), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139 км уч.), Чапай-Жаңақала-Сайхин (130-191 км уч.) облыстық автожолдарын қайта жаңғырту, сондай-ақ Тасқала-Аққұрай-Болашақ (96-111 км) және Федоровка-Ақсай (28-58 км) автожолдарын орташа жөндеу жобаларын іске асыру басталды.

2022 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды дамыту үшін бюджеттен рекордтық 23,8 млрд теңге бөлінді, алайда қиыршық тасты жеткізуге қажетті вагондар мен битум тапшылығына байланысты проблемалар жоспардың орындалуына кедергі келтірді. Бүгінгі таңда жоспарланған 350 шақырымның 238 шақырымы жөнделіп, 21 млрд теңге көлемінде қаражат игерілді.

Биыл негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылды:

– Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 км);

– Чапаев-Жаңақала-Сайхин (130-191 км);

– Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139 км);

– Тасқала-Аққұрай-Болашақ (96-157 км);

– Федоровка-Ақсай (28-82 км) және басқалар.

Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесін 39-дан 46-%ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар 238 км автожол жөнделіп, 31 қазандағы жағдай бойынша 20,9 млрд теңге игерілді (73%).

Жұмыссыздық деңгейі

2022 жылдың 3-тоқсанында облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды, 15-28 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,7%-ды құрады.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 23,4 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Ұлттық жоба аясында 18 078 адам жұмысқа орналастырылды, 10 479 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар:

– 946 грант берілді;

– әлеуметтік жұмыс орындарына 668 адам жолданды;

– жастар практикасына 1 220 адам жіберілді;

– ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 454 адам тартылды;

– алғашқы жұмыс орындарына 164 адам жіберілді;

– «Күміс жас» жобасына 89 адам жіберілді;

– «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 4 адам жолданды;

– «Бастау Бизнес» жобасына 3 759 адам жолданды;

– кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында жұмыс берушілердің сұратуы бойынша 296 жұмыссыз адамды білім беру ұйымдарында оқыту жоспарланып, 288 адам жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша аудандар мен қалалардың әкімдері үшін әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнынан кем болмайтын индикаторының жоспарлы көрсеткіші Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілді.

Бүгінгі таңда 2022 жылы индикатордың жоспарлы көрсеткішінде 3 893 жаңа жұмыс орнын құру көзделсе, биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 7267 жаңа жұмыс орны құрылды.

Цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша 2022 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 мемлекеттік қызмет және 157 қосалқы қызмет енгізілген. 2022 жылдың 9 айында 2 985 354 қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе бекітілген жоспар аясында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 142, оған 9 574 тұрғын тартылды.

Байланыс және интернет бойынша ұялы байланыс операторы облыстың 72 АЕМ-де LTE (4G) стандарты бойынша мобильді байланыстың сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізді. Жыл соңына дейін қолданыстағы диапазонды кеңейту бағытында облыстың қалған 30 АЕМ-де LTE (4G) стандарты жабдығын жаңарту арқылы іске қосуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Казталов ауданы Аққурай, Жаңажол, Жалпақтал ауылдарында және Теректі ауданы Барбастау ауылында жаңа базалық станция іске қосылды, жыл соңына дейін облыста 14 жаңа базалық станция орнатылады, оның ішінде 8 АЕМ-де 8 жаңа БС, 4 қосымша БС 4 АЕМ-де, Орал және Ақсай қалаларында.

Сонымен қатар Теректі ауданының Абай ауылында және Жаңақала ауданының Қырықопа ауылында ұялы байланысты қамтамасыз ету бойынша және мобильді интернеттің сапасын 11 АЕМ–де 4G стандартын қосу жұмысы жүргізілді. 2022-2023 жылдарына облыстағы 68 АЕМ-де мобильді интернеттің сапасын жақсарту жоспарланған.

Жыл соңына дейін Орал қаласы, Бәйтерек ауданы Достық ауылы, Жайық ауылы және Бөрлі ауданы Қызылтал ауылында жаңа 10 базалық станция салу жоспарланған. Биыл Бөрлі ауданының Аралтал ауылы және Тасқала ауданы Оян ауылының тұрғындары үшін «РАДИОКӨПІР» арқылы КЖҚ қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда FTTB технологиясы бойынша Интернет желісіне Аралтал ауылында 9 үй, Оян ауылында 28 үй қосылды.

Өңірлік «Smart Uralsk» мобильді қосымшасы «Smart07» атауы деп өзгертілді, «Белсенді азамат», «Рush-хабарламалар», «Менің емханам» және тағы басқа жаңа сервистер қосылды. Ай сайын мобильді қосымшаны белсенді пайдаланатын азаматтар саны 2000-нан асады. Күн сайын ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

2019 жылдың наурыз айында тұрғындардың ТҮКШ саласындағы өтініштеріне дереу ден қою мақсатында Бірыңғай iKomek109 call-орталығы құрылды. Бүгінгі таңда Call-орталық тәулік бойы толық режимде қызмет етеді. 2020 жылдың басында облыстың барлық аудандарын осы 109 Call-орталығына қосу жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаны іске асырудағы басты мақсат – тұрғындар үшін коммуналдық кәсіпорындардан ақпаратты/қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың ТҮКШ сұрақтары бойынша өтініштерін өңдеу уақытын азайту. Бүгінгі күні Call-орталыққа 52 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

IT саласындағы білікті кадрлардың санын арттыру мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бастап БҚО IT-қауымдастығы қолдауымен БҚО IT HUB базасында web-бағдарламалауды үйренгісі келетіндердің барлығына тегін бағдарламалау курстары өткізілді. 2022 жылдың 1 қарашасында Astana Hub гранттары есебінен 35 студентке оқыту курстары басталды. Курс аясында тыңдаушылар html беттеу, web-дизайн және web-бағдарламалау дағдыларын игеретін болады.

Көлік саласында қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі енгізілді. Қаланың барлық автобустарында қоғамдық көліктерде электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген.

Жер қатынастары саласында геоақпараттық портал іске қосылды. Аталған порталды іске қосудың басты міндеті – мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізу.

Қауіпсіздік саласында цифрландыру шеңберінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда пилоттық режимде 112 Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – БКДҚ-112) іске қосылды. Оның шеңберінде бірыңғай 112 нөміріне 101, 102, 103 және 112 нөмірлері біріктірілді. Бүгінгі таңда БКДҚ-112 580 мыңнан астам қоңырау түсті, оның 80%-ын операторлар кеңес беру түрінде қарастырады.

Қауіпсіздік және бейнебақылау камераларын БҚО Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарумен бейнебақылау жүйесін орталықтандыру мақсатында Орал қаласының мектептерінде дабыл түймелерін және «102» операторымен екіжақты байланыс панельдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда Орал қаласындағы ЖОББМ-нің барлық камералары ЖБО-ға шығарылды. Сонымен қатар ЖБО-ға облыс бойынша 61 балабақша (барлығы 86), 76 мектеп (аудан орталықтарында және Орал, Ақсай қалаларында 96 мектеп арасында), 10 мектептен тыс білім ұйымдары (барлығы 48) және 25 колледж (барлығы 34) бейнебақылау камералары қосылған.

Осы жылы бейнебақылау камераларын кеңейту бойынша жоспарларды орындау шеңберінде қоғамдық қауіпсіздік желісі бойынша қосымша 300 бейнекамера орнатылды.

«Электрондық архив» жобасы шеңберінде архив істерін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (2022 жылдың 10 айында 11 703 іс немесе 1 141 014 парақ цифрлық форматқа көшірілді). «Scanweer» арнайы бағдарламалық кешені арқылы архивтік құжаттарды цифрлау жүйесі енгізілді, бұл құжаттарды автоматты түрде тануға, өңдеуге, жүктеуге және сақтауға мүмкіндік береді және осы арқылы аталған процестердің мерзімі айтарлықтай қысқарады.

Туризмді дамыту 

Туризм саласын цифрландыруды дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Туризмді насихаттау мақсатында қонақтар мен тұрғындар үшін туристік өнімдер әзірленді: www.visit-uralsk.kz сайты жаңартылды, «облыс туризмінің интерактивті 3Д картасы», туристік және киелі объектілер бойынша Виртуалды турлар, қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық-туристік терминалдар, виртуалды промоутер, облыс және Орал қаласының виртуалды дүңгіршегі, туркарта, туристік бағыттар, мұражайлар және т. б. туралы трифолдерлер бар.

Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы маусымның ашылуына орай «Aqjaiyq fest» этнофестивалі өткізілді.

Өңірге келушілер саны 2022 жылдың 2-тоқсанында 35,4%-ға артып, 42,8 мың адамды құрады. Бүгінгі күні Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 78 бірлікті құрады, ондағы орналастыру орындары саны 2050 бөлме, бұл ретте біржолғы сыйымдылық 4225 төсек-орынды құрайды. Олармен 42,8 мың адамға қызмет ұсынылды және 1431,3 млн теңге сомасына қызмет көрсетілді. Қонақүйлердің толтырылуы 17,7%-ды құрады.

Туризм, мәдениет және спорт салаларында 2022-2024 жылдарға 15,4 млрд теңге сомасына 336 жаңа жұмыс орнын құрумен 16 жобаның тізбесі қалыптастырылды. Соның ішінде 2022 жылы 4,5 млрд теңге сомасына 193 жаңа жұмыс орнын құрумен 7 жобаны іске асыру жоспарланған. «Green Park» демалыс аймағы 1-кезеңі, Орал қаласындағы шолу дөңгелегі және ат спорты кешені іске қосылды.

Ішкі туризмде келушілер санын көбейту үшін бірінші кезекте туризм объектілерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Мысалы, қазіргі уақытта облыстағы ішкі туризмдегі үлкен сұранысқа ие Бөкей ордасында орналасқан Хан ордасы музей қорығына апаратын жол бағыттарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Білім

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жалғасуда. Үш жыл ішінде 3 563 орындық 58 мектепке дейінгі ұйым ашылса, оның ішінде 47-і жеке меншік ұйымдар. Облыс бойынша жалпы 33 мыңнан астам баланы қамтитын 525 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 127-і жеке меншік. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі қамту – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 87,4%-ды құрады.

Облыста 118 мыңнан астам оқушы контингентімен 379 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеса, оның ішінде 979 оқушы контингентімен 6 жеке мектеп бар.

Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында және нәтижелілігі төмен мектептерге күшті мектептердің «қамқорлық» есебінен 2020 жылдан бастап «БатысINNOVATION» жобасы қолға алынды. 

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде білім алушылардың білім сапасын қолдау және арттыру, педагог қызметкерлерге қажеттілікті азайту мақсатында 2020-2021 оқу жылынан бастап «Мобильді мұғалім» жобасы іске асырылып келеді.

Мектептерде 15 мыңнан астам педагог еңбек етеді, 73 мекеме басшылары ротацияланды.

Облыс бойынша балаларды инклюзивті біліммен қамту барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 68,7%-ын құрайды, оның 13,1%-ы мүгедек балалар.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және олардың білім алуына жағдай жасау мақсатында облыста 3 психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс істейді.

Облыстың әр ауданында және Орал қаласында 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде арнайы педагогтер 465 балаға түзету-дамыту көмегін көрсетеді, оның ішінде 105 мүгедек балаға оңалту іс-шаралары жүргізіледі.

2022 жылы облыста аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) ашылып, еңбек етуде.

Сонымен қатар 50 қосымша білім беру ұйымы бар. 10 8511 (91,7%) оқушы қосымша білім беру жүйесінің барлық түрімен қамтылды. Оқушылардың 46%-ы түрлі спорт секцияларына барады.  

Оқушылар, ата-аналар арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыру және оқуды насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп», «Оқуға құштар колледж» жобасы жүзеге асырылып келеді. 79 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді.

Өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 34 оқу орнында (25 мемлекеттік және 9 жеке меншік) 105 біліктілік 72 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Колледждерде 17 мыңнан астам студент болса, оның 11 мынан астамы (65,1%-ы) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар негізінде және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес айқындауға, сондай-ақ оқытудың мерзімдерін айқындауға мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы индустриялық кеңес құрамына кәсіпорындардан 137 адам енгізілген. 26 колледжде (21 мемлекеттік және 5 жеке) 30 мамандық және 44 біліктілік бойынша дуалдық оқыту жүйесі енгізілді (2180 студент). 108 өндірістік кәсіпорынмен шарттар жасалып, кейіннен жұмысқа орналастыру үшін түлектер машықтанудан өтеді. Колледждердің негізгі серіктестері болып «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Оралагрореммаш» АҚ, «Балзия» ЖШС және т.б.

БҚО-дағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бизнес өкілдердің, соның ішінде әлеуметтік серіктестермен қамқорлығын қамтамасыз ету жөнінде қарастыру бағытында облыстық басқармалар, кәсіпкерлер палатасымен және бизнес қауымдастықтарымен бірлесіп жұмыстар жүргізіліп жатыр. 22 колледжді өз қамқорлығына алу үшін 25 кәсіпорынмен келісімдер жасалып, жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда облыста 9 үш ауысымды және 11 апатты мектеп бар. Мектептердің аппаттылығы, үш ауысымды мектептер мен оқушы орны тапшылығын жою мақсатында 2025 жылғы дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 мың оқушыға арналған 18 мектептің құрылысы жоспарланған. Осы жылы Орал қаласында және Бәйтерек ауданының Жамбыл ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Мектептердің апаттылығын және үш ауысымдылықты жою мақсатында бюджет есебінен 4 мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 16 шағын жинақты мектептің құрылысы (15-і КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері есебінен, 1-і төтенше жағдайлар бюджеті есебінен) жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 2 шағын жинақты мектептің құрылысы басталды.

Жеке мектептер ашу бағытындағы шаралар қолға алынып, өткен жылы 2 жеке мектеп ашылса, осы жылы 1 жеке мектеп ашылды.

Сонымен қатар 19 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлінді. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 білім беру нысаны, жергілікті бюджет есебінен 5 білім беру нысаны.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен 535,0 млн теңгеге 40 оқу кабинеті мен 7 STEM лабораториясы сатып алынды. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен бөлінген 940 млн теңгеге пәндік кабинеттер және 60 млн теңгеге мектеп жиһаздары, оқушылардың күнделікті тасымалын сапалы ұйымдастыру үшін лизинг арқылы 54 бірлік автокөлікті сатып алынды. Қазіргі таңда жеткізілген 9 автобустың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған автобустар жеткізіледі деп күтілуде.

Әкімдік апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жүйелі шаралар қабылдайды, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы мәселесі шешімін табуда. Бүгінгі таңда облыста 9 үш ауысымды және 11 апатты мектеп бар.

Биыл Мемлекет Басшысының Жолдауын орындау аясында 6 ауыспалы мектептің құрылысын аяқтауға бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша Орал қаласында 300 орындық №18 мектеп, Жамбыл ауылында 308 орындық мектеп, Щапово ауылында 420 орындық мектеп және Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жұлдыз ауылында 108 орындық мектепте 38%-ға, Казталовка ауылында 600 орындық мектепте 86%-ға құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жылдың соңына дейін жоғарыда аталған мектептерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты облыстың 7 ауданында 60 және 108 орындық 15 шағын жинақты мектептің құрылысы КПО б.в. Компаниясы есебінен жүргізілетін болады. Бүгінгі күні барлық жобалар бойынша ЖСҚ әзірленіп, 1 ШЖМ бойынша мердігер анықталып, қабырғалардың кірпішін қалау және жертөле қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізілуде, нысанның дайындығы – 10%, қалған 14 ШЖМ бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Іске қосу 2023 жылға жоспарланған.

Төтенше жағдай салдарын жою аясында 60 орындық 1 ШЖМ Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында салынуда. Нысанның дайындығы – 40%. оны да келесі жылы іске қосу жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдар желісі 38 заңды объектіні құрайды. Оның ішінде, стационарлар, диспансерлер, аудандық ауруханалар, ауданаралық оңалту орталығы, қалалық емханалар, өзге де ұйымдар бар. Сондай-ақ құрамына заңды емес ұйымдар кіреді: 1 ауылдық аурухана, 66 дәрігерлік амбулатория, 60 фельдшерлік-акушерлік пункт, 208 медициналық пункт. Облыста ТМККК және МӘМС шеңберінде 49 мед. қызмет көрсетуші, оның ішінде 38 мемлекеттік және 11 жеке медициналық ұйым бар.

2022 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 72,7 млрд теңге көзделген. Аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдарды (аудандық ауруханалар) жабдықтау үшін республикалық бюджет қаражатынан 910,2 млн теңге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 3 дана маммограф аппараты, 1 флюорографиялық аппарат орнатылды. Қаржылық лизинг шеңберінде жедел медициналық көмекке арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 бірлік реанимобиль сатып алынды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бәйтерек ауданы Чирово, Кирсаново, Жамбыл ауылдарының медициналық пункттеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін 67,0 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта ғимараттардың күрделі жөндеуі жүргізіліп жатыр. Демеушілік қаражат есебінен Бәйтерек ауданының Раздольный аулындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК базасында сәулелік терапия қызметтерін ұсыну» жобасы іске асырылды. Шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 12 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп келеді. Аудандардың шалғайдағы елді мекендеріне ЖМК-лардың шығулары бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде 70,2 мыңнан астам ауыл тұрғыны ЖМК медициналық кызметімен қамтылды, оның ішінде 15 450 бала. Салалық мамандармен 63 868 кеңес, 19 441 диагностикалық қызмет, 18 570 зертханалық қызмет көрсетілді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің «қадамдық қолжетімділігі» жобасы шеңберінде жалпы тәжірибе дәрігерлерінің 416 учаскесі жұмыс істейді. Емханаларда COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін мобильді топтар құрылды. Амбулаториялық науқастарға қашықтан консультация кеңес беру үшін ахуалдық орталықтар жұмыс істейді.

Облыстық денсаулық сақтау жүйесінде 1 730 дәрігер және 6 678 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өңірге 47 жас маман келіп, 26 маман ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілді. Дәрігер кадрлардың тапшылығы 282 штаттық бірлікті құрап отыр.  жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинекологтар, инфекционистер, кардиологтар және т. б. мамандықтар бойынша дәрігерлер тапшылығы байқалады.

2022 жылы денсаулық сақтау саласында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысы тиісінше 26,4%-ға және 24,7%-ға дейін арттырылды.

Жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай кадрларды нысаналы даярлау үшін жергілікті атқарушы органдардың резидентурада оқу гранттары көзделген.

2022 жылы жергілікті бюджеттен 56 грант (абитуриенттер), республикалық бюджеттен 88 грант (резидентура) бөлінді. Сондай-ақ жергілікті деңгейде жатақхана беру, коммуналдық шығындарды өтеу, байланыс қызметтерін көрсету, жалдау төлемдерін бірлесіп төлеу, балабақшалардан орын бөлу, дәрігерлер отбасын жұмысқа орналастыру және басқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ биыл ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» МКК базасында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің филиалы ашылды. Филиалда медицина саласының 13 бағыты бойынша резиденттер (интернатура түлектері) білім алып, ауруханада тәжірибе жинақтайды, сондай-ақ 700-ден астам резидентті оқыту жоспарланған. Қазіргі уақытта 58 маман біліктіліктерін арттыруда.

Осы жылдың 10 айында 15,6 млрд теңге көлемінде дәрілік заттар және медициналық бұйымдар алынып, медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде амбулаториялық деңгейде – 7,8 млрд теңге, стационарлық деңгейде – 7,8 млрд теңге.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары шеңберінде қалалық сумен жабдықтаудың 55 шақырымы, қалалық су бұру желілерінің 29,7 шақырымы және Орал қаласының жылу желілерінің 46,2 шақырымы, облыстағы электр желілерінің 2051 шақырымы, газбен жабдықтау бойынша қайта құрылымдау және жөндеу жұмыстары қарастрылған.

Кешенді даму жоспары шеңберінде су бұру бойынша 13 жоба, сумен жабдықтау бойынша 7 жоба, жылумен жабдықтау бойынша 8 жоба, электрмен жабдықтау бойынша 12 жоба, газбен жабыдқтау бойынша 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Осыған байланысты 2022 жылы Кешенді даму жоспары аясында су бұру бойынша 2 жоба (КСС-19 және КСС-21), сумен жабдықтау бойынша 1 жоба (Орал қаласының жерасты суалғышында су алғыш ұңғымалар салу (бұрғылау) жүзеге асырылып жатыр.

2023 жылға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне Орал қаласындағы КСС-2 қайта құырлымдау бойынша 1,87 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Жобаның жалпы құны – 2,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар кешенді жоспар шеңберінде КСС-1, КСС-3, КСС-14, КСС-2 дейінгі Сарайшық көшесі бойындағы кәріздік коллектор бойынша жобалар мемелекеттік сараптамадан өткізіледі. 

Камен топтық су құбырын қайта құрылымдау бойынша ЖСҚ дайындалу үстінде (мемлекеттік сараптамаға 1,2,3 кезеңдер бойынша 5 ұңғыманы биыл желтоқсан айының басында ұсыну жоспарлануда). 

Кешенді жоспар аясында Орал қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысын қайта құрылымдау қарастырылған. Қазіргі уақытта Орал қаласы әкімдігі мен «Красная звезда» ААҚ арасында Орал қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысын жаңғырту бойынша меморандумға қол қойылды. Инвестор тарапынан жобалық-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық қорытынды дайындалатын болады.

2022 жылғы 3 қарашада Ақсай қаласының кәріздік тазарту қондырғысын қайта құрылымдау бойынша жобасы мемлекеттік сраптамаға берілді, жобаның құны – 16,8 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған соң бюджеттік өтінім ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолданатын болады. Ақсай қаласының кәріздік тазарту қондырғысын қайта құрылымдау бойынша жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 2023 жылға қарастырылған.

Мемлекет басшысының электр желілерін қайта құру және жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында және 2022 жылғы 2 наурызда Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарының сапасын арттыру және электр желілерінің тозуын азайту жөніндегі іс-шаралар бекітілді.

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС өңірдің желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсетеді. Электр желілерінің ұзындығы – 20 305 км, тозуы 82%-ды құрайды.

Басқармамен 12 жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтау жұмыстары басталды. Аталған 12 жоба шеңберінде облыстың 2019,5 км электр желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл желілердің физикалық тозуын 82-ден 62%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жобаларды іске асыру үшін 20 млрд теңге қажет.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) күрделі жөндеу Батыс Қазақстан облысы бойынша 2005 КПТҮ бар, оның ішінде1280 КПТҮ немесе 63,8%-ы  күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.

Биыл Орал қаласы бойынша 9 КПТҮ шатырына күрделі жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен 279,7 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жалғасуда, оларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар 2023 жылы республикалық бюджеттен 27 КПТҮ-ді жөндеуден өткізу үшін бюджеттік өтінім жолданды.

Ауылдық елді мекендерді газдандыру бойынша 2022 жылы 3,3 мың халқы бар 27 АЕМ табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 9 нысанның құрылысы жалғасуда. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 518 953,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 496 608,0 мың теңге бөлінді.

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 15 АЕМ (Бәйтерек ауданының 3 АЕМ, Теректі ауданының 4 АЕМ және Казталов ауданының 8 АЕМ) газдандыру бойынша 6 нысан аяқталды.

Қазіргі таңда 12 АЕМ газдандыру бойынша 3 нысанның құрылысы жалғасуда.

Жоғарыда көрсетілген нысандар аяқталған жағдайда облыс халқының табиғи газбен қамтамасыз етілу үлесі 99,8%-ды құрады.

«Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары

2022 жылы БҚО бойынша 621 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 439,015 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 105%-ы пайдалануға берілді, оның ішінде 166,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үй, 267,1 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй, 5,7 мың шаршы метр жатақхана және мамандырылған үйлер. Пайдалануға берілген пәтер саны – 2 976. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 151,2 млрд теңгені немесе 100,5%-ды құрады.

Биыл бюджет қаражаты есебінен 16 көппәтерлі тұрғын үй (1 998 пәтер) және АЕМ-де 71 тұрғын үй (714 пәтер) құрылысы қарастырылған, барлығы 2 712 пәтер.

Бүгінгі күні Орал қаласында 3 көппәтерлі тұрғын үй (т/үй №7, 28, 29, барлығы 392 пәтер) және АЕМ-де 5 тұрғын үй (Жаңақала ауданында 1 үшқабатты тұрғын үй (21 пәтер), Казталов ауданында 2 екіқабатты тұрғын үй (24 пәтер), Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында 1 үшқабатты тұрғын үй (24 пәтер), Тасқала ауданы Тасқала ауылында 1 үшқабатты тұрғын үй (18 пәтер) қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар «Aqjaiyq» ӘКК есебінен Орал қаласында 1 көппәтерлі тұрғын үй (№27 т/үй, барлығы – 180 пәтер) қолданысқа енгізілді. Жалпы 10 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен барлығы 659 пәтер іске қосылды, оның ішінде 479 пәтер жергілікті атқарушы орган есебінде тұрғандарға беріледі.

2022 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банк филиалдарына 107 036,4 млн теңгеге 10 775 өтініш берілді, оның ішінен 1841 өтініш бойынша 17 549,9 млн теңге көлемінде қарыз берілді.

Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдардың есебінде 31 498 адам тұр, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша 11 470 отбасы және көпбалалы отбасы санаты бойынша 3 246 отбасы.

Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан барлығы 282 пәтер берілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына – 251 пәтер, ал көпбалалы отбасыларға – 72 пәтер берілді.

«Бақытты Отбасы» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері (2019-2021 жж.) облыс бойынша 679 азамат 6,4 млрд теңгеге ипотекалық несие алды. 

Бұқаралық спортты дамыту

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыста 1 757 спорттық құрылым жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау, «100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылы «КПО б.в.» компаниясы есебінен 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жеке кәсіпкерлердің есебінен 2 спорттық кешен, ауыл тұрғындарының қоры есебінен 4 хоккей қорапшасы, 1 теннис корты, жергілікті бюджет есебінен 33 спорттық алаң қолданысқа берілді. Орал қаласында 2 спорт алаңы, аудандарда 23 спорт алаңы және 1 хоккей қорапшасы пайдалануға берілді.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында 94 197 адамның қатысуымен 2 256 іс-шара өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде 1844 іс-шараға 55 568 адам қатысты.

Биыл 10 айда допты хоккей, президенттік көпсайыс, волейбол, тоғызқұмалақ, бодибилдинг, дойбы, үстел теннисі, велосипед спорты, бадминтон спорт түрлерінен 13 Қазақстан Республикасының чемпионаты, каратэ WKF-тен 1 халықаралық турнир, самбо күресі, көгалдағы хоккей, дзюдо және грек-рим күресінен 4 Республикалық турнир, 50 жастан асқан ардагерлер арасында Республикалық спартакиада өткізілді.

Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 232 860 адамды немесе облыс халқының 35%-ын құрайды.

2022 жылдың соңына дейін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын 39%-ға жеткізу жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу