Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстың оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Онда полиметалл және темір, уран, фосфор және т.б. кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – өңдеу, тау-кен, мұнай және химия. Машина жасау саласы электр жабдықтары мен трансформаторларды өндіруге бағытталған. Түркістан облысы өнеркәсіпті дамыту үшін барлық алғышарттарға ие. Өңірде ресурстарға бағытталған өндірісті одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. 

Сонымен қатар өңір Өзбекстан нарығына тікелей қол жеткізе алады, бұл өңірдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштеріне оң әсер етеді. 

Әлеуметтік-экономикалық даму  

Түркістан облысында негізгі экономикалық салаларға қатысты аралық қорытындылар жасалды. Өңірде өнеркәсіптік өнімділік көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Биыл өңірде жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын 26 инвестициялық жоба іске асырылды. 

Аймақтың дамуындағы ерекше маңызды факторды көптеген жұмыс орындарын құру деп атауға болады. Есептік кезеңде жобаларды іске қосудың нәтижесінде 936 адам жұмысқа орналастырылды. 

Қазақстандағы барлық жылыжайлардың төрттен үш бөлігі осы Түркістан облысында орналасқані. Облыстың ауыл шаруашылығы қызметінен алынған өнім көлемі биыл 8 айда 477 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4%-ға асып түсті. Алқаптардан 3 миллионнан астам бақша, көкөніс дақылдары мен картоп жиналды. Сонымен қатар жемшөп дақылдарын жинау жоспары шамамен 1 млн тоннаға асып түсті. 

Түркістан облысының құрылыс саласы да қарқынды өсім көрсетіп отыр. 2022 жылғы 1 қыркүйекте өңірде 500 мың ш м тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үштен бірге артық. Құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаржы 169 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы алаңы 325 мың шаршы метрден асатын 85 үйді тапсыру жоспарлануда. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы 338 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жеке инвесторлар қаражаты есебінен іске асырылып жатқан төрт жоба іске қосылды, соның арқасында 128 жұмыс орны ашылды. Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу көзделген. Жақын арада өңірде поливинилхлорид, цемент, мұнай өнімдері, мотор майын өндіруге маманданатын зауыттар пайда болады.

Өңдеу өнеркәсібінің дамуы

Жалпы облыс аумағында 350-ден аса өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 2022 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібі саласында 297,0 млрд теңгеге өнім өндіріп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,0 млрдтеңгеге артық өнім шығарған және бұл салада 22092 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

2022 жылы Қазақстан Президентінің Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру жөніндегі өкімімен Түркістанда «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылатын болады. Ол жұмыс істеп тұрған «TURKISTAN» АЭА аумағында орналасады және өңдеу өнеркәсібіне қатысты барлық қызмет түрлерін қамтиды.

Бүгінгі таңда 2022-2026 жылдар аралығында «TURAN» АЭА аумағында іске асырылатын 71 инвестициялық жобаның тізбесі өзектендірілді, жобалардың жалпы құны – 1,9 трлн теңге. Оның ішінде 9 жоба жалпы құны 225,6 млрд теңгені құрайтын шетелдік капиталдың қатысуымен құрылатын болады.

Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд теңге болатын 25 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жалпы құны 17,7 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске қосылды.

Бұдан басқа, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін құны 1,4 трлн теңге болатын ірі жобалар іске асырылып жатыр. АЭА-да халықаралық, өңірлік стандарттар және дауларды шешу кезінде британдық (төрелік) құқық қолданылатын болады. Қазақстанның «TURAN» АЭА құру туралы бастамасын 2022 жылғы қараша айында Самарқандағы Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен саммитте барлық мүшелер қолдады. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жедел дамыту және оның инвестициялық әлеуетін арттыру. Жаңа АЭА ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қамтитын өнеркәсіптік-өндірістік кластер құруды көздейді.

«TURAN» АЭА алаңы 4 гектарды құрайды және алты кіші аймақтан тұрады: тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, Гринфилд (Орангай ауылы), браунфилд өнеркәсіптік бөлігі (Кентау қаласы) және халықаралық әуежайы бар Түркістан қаласының аумағы.

Индустриялық жобалар

Биыл Түркістан облысында жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылды, мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Өңірдің негізгі капиталына инвестиция тарту көрсеткіші 340 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Жалпы жылдық жоспар – 772,8 млрд теңге.

Өңірде 2026 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 100-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде 10-ы – ірі жоба. Атап айтқанда, «Састобе» химия кешені ЖШС, «Созақ Фосфат» ЖШС, «Standart Petrolleum» ЖШС, «Ocean Energy Company» ЖШС, «Саутс-ойл» ЖШС (2 жоба), «Ecoculture Eurasia» ЖШС, «ARM wind» ЖШС, «Ecoinvest» ЖШС, «ПМУ Түркістан» ЖШС. Бұл өндірістерде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, электрмен жабдықтау, денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылатын болады. Биыл жалпы құны 45,1 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, 1520 жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ орналасқан. Жалпы ауданы 538 га құрайды. 6 индустриялық аймақта құны 34,169 млрд теңге болатын 44 жоба (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИ-Бадам (Ордабасы ауданы), Мақтаарал, Қазығұрт) іске қосылды, 2500-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында инфрақұрылымдық жүйелермен толық қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар жақын арада қаралады. Кейбір аудандарда агроиндустриялық аймақтар құру жоспарлануда.

Сонымен қатар Түркістанда 2019 жылы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның аумағы 4 га және 6 бөліктен тұрады. Атап айтқанда, тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, өндірістік аймақтар және әуежай аймағы. «TURKISTAN» АЭА-да жалпы сомасы 771,1 млрд теңгеге 91 жобаны іске асыру жөніндегі шартқа қол қойылды. Оның ішінде 74 жоба қала құрылысы бойынша іске асырылып жатыр. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Барлық жобаларды іске асыру кезінде тағы 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысында жалпы аумағы 538 га құрайтын 9 индустриалды аймақ орналасқан. Оларда жалпы құны 42,5 млрд теңгені құрайтын 3023 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде, бүгінгі таңға құны 34,1 млрд теңгені құрайтын 2496 жұмыс орнымен 44 жоба іске қосылды.

2022 жылы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын және 246 жаңа жұмыс орнын құратын жобаларды іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда іске асырылған жобалар:

  • «Баянды құрылыс» ЖШС – 593 млн теңге., асфальт сұйығын және тауарлы бетон өндіру жобасы;
  • «Оспан» ЖК – 100 млн.теңге, газобетон өндіру жобасы;
  • «ZHANASSYL» ЖШС – 2 500 млн.теңге, мақта талшықтарын қайта өңдеу жобасы;
  • «Асыл Бастау.KZ» – 200 млн теңге., бөтелкедегі ауыз-су өндіру жобасы.

Іске асырылатын жобалар: 

  • «МЖ Алихан» ЖШС – 200 млн теңге, темір бетон бұйымдарын өндіру жобасы;
  • «СимТас» ЖШС – 600 млн теңге, керамзитті кірпіш өндіру жобасы.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі саласында құны 11,2 млрд теңгені құрайтын 476 жаңа жұмыс орнын ашумен нақты 17 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында 2022 жылы 2 жоба жүзеге асырылды.

– «Almaty NS-Group» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт (инвестиция құны 1,7 млрд теңге, 50 жұмыс орны);

– «Темір Бетон» ЖШС темір-бетон өндіру зауыты (инвестиция құны 1,2 млрд теңге, 30 жұмыс орны).

Осымен бірге Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында жалпы құны 236,5 млрд.теңгені құрайтын 2111 жаңа жұмыс орнымен 15 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «ZHANASSYL» ЖШС 2 500,0 млн теңгеге 100 жаңа жұмыс орны бар мақта талшығын өңдеу зауытын іске қосты.

Тау-кен өнеркәсібі 

Түркістан облысы аумағында тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазуда 2022 жылы қаңтар-қазанда 343,4 млрд теңгеге өнім өндірілді, жұмыспен қамтылғандар саны – 8 401 адам. Республикада облыстың тау-кен өндіру саласының үлесі 19,0%-ды құрайды. Бұл салада жұмыс істейтін кәсіпорындар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты еншілес кәсіпорындары болып табылады.

Осы орайда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмысына ерекше тоқталу керек. Компания 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өте күшті қаржылық нәтижелер көрсетті, бұл өткен жылдағы уран нарығы конъюнктурасының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Кіріс 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда екі есе өсті және 2022 жылдың ұқсас кезеңінде шамамен 500 млрд теңгені құрады. Кірістің өсуі, өз кезегінде, операциялық пайданың 182%-ға артуына және түзетілген таза пайданың үш есе дерлік 167,4 млрд теңгеге дейін өсуіне әкелді. Бұл нәтижелер нарықтық жағдайдың жақсаруына және осы жылдың бірінші жартыжылдығында клиенттердің жеткізу сұраныстарының артуына байланысты сатылымның жоғары көлеміне байланысты болды. 

Операциялық көрсеткіштерге келетін болсақ, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен төмен болды. 

Металлургия өнеркәсібі

Металлургия өнеркәсібі саласында 2022 жылдың 10 айында 83,8 млрд теңгеге өнім өндірілді. Салада жұмыс жасайтын кәсіпорындар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тиесілі. Сонымен қатар қара металлургия саласында шағын «KARLSKRONA LS AB» ЖШС және «Гульсан» ЖШС кәсіпорындары жұмыс атқаруда. Металлургия саласы өңдеу өнеркәсібі саласының 25,7%-ын құрайды.

Бұдан бұрын Түркістан облысында металлургия комбинатын салу жоспарланған болатын. Жоба Абай кен орнында жүзеге асырылды. Жалпы құны – 36,8 млрд теңге. Ақпаратқа сәйкес, теміржол тұйығы мен газ құбырына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Айта кетейік, кен орнында бастапқыда 31 млрд теңгеге темір рудасын өндіру мен байытуды ұйымдастыру жоспарланған болатын. Оның жобалық қуаты жылына 250 мың тонна кенді өндіру тиіс еді. Бұдан басқа, 7,8 млрд теңгеге бағаланған тікелей қалпына келтірілетін темір өндіру зауытының құрылысы жүргізіледі.  

Ауыл шаруашылығының даму жағдайы

Түркістан облысында көкөніс басқа өңірлерге қарағанда 1,5-2 ай бұрын жиналады. Жалпы өңір республика халқын әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы дақылдарымен: ерте пісетін картоп, пияз, сәбізбен қамтамасыз етеді. Енді бұл өнімді сату және тасымалдау оңайырақ болады – әкімдіктер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжат шаруалардың өнімді сату бойынша жұмысын жеңілдетеді. Бұл бағаны тұрақтандыруға оң әсер етеді деп күтілуде. 

Сонымен қатар облыс басқа аймақтардан қолайлы климатпен – ыстық ауа райы және ұзақ күндізгі жарықпен ерекшеленеді. Өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа технологиялар қолданылады. Су үнемдеу, тамшылатып суару, жеке учаскелерде көкөніс егу, агроқұрылымдарды ірілендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс күші жеткілікті. Бір алаңнан жылына 2-3 өнім алу тәжірибесі белсенді қолданылуда. Осының арқасында шаруалардың табысы 2-3 есе өсті. Биыл осы тәжірибе аясында 133 ауылдық округте 8,4 мың гектар аумақта 3000 жоба жүзеге асырылды.

2022 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 950,6 млрд теңгені құрап, 102,0%-ға артты. Ауыл шаруашылығында 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 889,7 мың теңгені құрап, тиісті кезеңнен 118,0%-ға артты.

Өңірде 70,6 мың бірлік агроқұрылым тіркелген, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылар саны 184,6 мың адамды құрайды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,5 млрд теңгеге инвестициялар тартылып, 116,1%-ға ұлғайды. Тамақ өндірісіне 6,7 млрд теңге инвестиция салынды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның – 100%-ы, жүзімнің – 76%-ы, бақшаның – 64%-ы, жеміс-жидектің – 40,0%, мақсарының – 29%, жүгерінің – 26%, көкөністің – 25%-ы облыстың үлесінде.

Бұған дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 19 басым бағыты айқындалған болатын. Бұл жұмыстар егін шаруашылығы, мал шаруашылығы сияқты салаларда және қайта өңдеу саласында жүзеге асырылады. Жоспарды іске асыру кезінде бұл көрсеткіш 2022 жылға қарай 4,4 млн теңгені құрайды. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 482,3 млрд теңгеден 1225,0 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің экспорты $231,5 млн-нан $578,8 млн-ға жетеді деп күтілген еді.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде егіс алқаптарын тиімді пайдалану және әртараптандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Егіс алқаптарының көлемі 798 мың гектардан 926 мың гектарға дейін ұлғайту арқылы егін шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 3 есеге өсіп, 842,7 млрд теңгеге жетеді.

Айта кету керек, жалпы облыста 8 бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін сыйымдылығы 105,0 мың бас болатын 26 жаңа бордақылау алаңын салу жоспарлануда. Бордақылау алаңдарын бұқашықтармен қамтамасыз ету үшін 2 413 шаруашылық 103,6 мың басты тұқымдық түрлендірумен айналысады. Алдағы уақытта қосымша 3 мың шаруа қожалығын ашу, 150 мың бас ірі қара мал сатып алынады деп жоспарланған болатын.

Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары

2022 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдауға мемлекет тарапынан 33,7 млрд теңге бөлінді. Қаңтар-қазан айларында 20 079 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 23,8 млрд теңге бөлінді.

Түркістан облысы – еліміздегі ақ мақта өсіретін жалғыз өңір. Биыл облыста мақта егіс алқабы 126,3 мың га құрады. Бұл жалпы егіс алқабының 15%-ын құрайды. Шикі мақтаның өнімділігі гектарына 27,3 центнер болған кезде 333,4 мың тоннаны құрайды деп болжануда, 595 комбайн бар. Бұл салада барлығы 25 мыңнан астам агроқұрылым жұмыс істейді.

Шикі мақтаны сату бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей байланысты және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Өткен жылы бір тонна шитті мақта 320 мың теңгеден қабылданды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізді. Бүгінгі таңда мақта бағасы тоннасына 374 мың теңгені құрады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мақтаны аграршыларды қанағаттандыратын баға бойынша қабылдай бастағанын хабарлады.

Геосаяси жағдайға байланысты көптеген логистикалық тізбектер үзіліп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өскендіктен мақта сатып алушы шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына деген қызығушылығын төмендетті. Шитті мақтаны қабылдау бойынша 18 мақта өңдеу зауытының 209 мақта қабылдау пункті жұмыс істейді.

Мемлекет күзгі егін жинау жұмыстарына 48 мың тонна жанар-жағармай берді (бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен), ал 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнының 50%-ын субсидиялау үшін бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа, өсімдіктердің 653 түрлі зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн теңге бөлінді, агроқұрылымдармен сатып алынған тұқымдардың құнын арзандатуға 600 млн теңге көзделген.

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті кредит берумен қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау – инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау және технологиялық жабдықтың кредиттері мен лизингі, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы жүзеге асады.

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін өңір билігі АӨК дамытудың 19 басым бағытын айқындады. Өңделген өнімнің экспорты 2022 жылы $578,8 млн-ға жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді, оған сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2022 жылы 482,3 млрд теңгеден 1225,0 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

Бағдарламаға сәйкес егін шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізу көзделген және айналымға жаңа жерлер енгізіле отырып, олардың жалпы ауданы 2022 жылы 798 мың гектардан 926 мың гектарға дейін ұлғаюы тиіс.

Жоспарланған қайта құру нәтижесінде өңірде саладағы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуі күтілуде.

Облыс аумағынан жеміс-көкөніс және бақша дақылдарының 80%-ы Ресей, Қырғызстан және Беларусь еліне экспортталса, қауын өнімі Латвия, Германияға экспортталды. Сонымен қатар мақта талшығы Түркия, Бельгия, Латвия, Германия, Франция, ҚХР және Молдова елдеріне экспортталуда. Ұн өнімі Өзбекстан, Ауғаныстан, Тәжікстан және Қырғызстанға жөнелтілді. Сиыр және қой еті түгел Өзбекстанға экспортталса, құс еті Ресей мен Өзбекстанға шығарылды. Балық өнімдері Ресей, Германия, Латвия, Польша, Австрия, Венгрия Израилға экспортталып жатыр. Сиыр және қой етін экспорттаушылар: «Тұран Агро Ет-Сүт» АШӨК, «On Export» ЖШС, «Агро-Қазақстан-2050» АШӨК, «Ет Агро Манкент»АШӨК, «Юг Агро 21» АШӨК, «Сардор KZ» АШӨК және т.б. Құс етін экспорттаушы: «Ордабасы құс» ЖШС; Балық өнімдерін экспорттаушылар: «Хамит» АШӨК, ЖК «Жалгасбаев Т.С», ЖК «Назарбекова К.А», ЖК «Абдибилал А», ЖК «Байкошкаров А.С», «Балжан» ШҚ, ЖК «Томай», «Торг Рыба» ЖШС, «Шардара-Балык-1» ЖШС, «Ser-Kun» АШӨК.

Басым салаларды дамыту

Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспары инвестициялық жобаларды іске асыруды, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейтін 142 іс-шарадан тұрады. Оны іске асыруға жалпы 3,6 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 539,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 339,9 млрд теңге, жеке инвестициялардан – 2,7 трлн теңге қажет.

Өнеркәсіп саласында 26 іс-шара жоспарланған, оның ішінде мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техника өндіретін зауыт салу, сондай-ақ «Түркістан» АЭА аумағын 973 гектарға және басқаларына ұлғайту көзделуде.

Ауыл шаруашылығын дамыту саласында 810 млрд теңгеге 93 инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, су құбыры мен станциясын қайта жаңарту, ауыл шаруашылығы техникасы мен тракторлар паркін 37%-ын жаңарту көзделген. 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 695 млрд теңгені құрайды, ал ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады.

Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Қасқасу» тау шаңғысы курортына инфрақұрылым тарту, Түркістан қаласында туристік-рекреациялық орталық, 3 қонақ үй, рухани-мәдени орталық және т.б. салу жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға қарай облыста туристер саны 2,5 млн адамға дейін артады.

Сондай-ақ тұрғын үй, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген. Қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жүзеге асырылады, сондай-ақ газбен жабдықтау, электр желілерін жаңғырту және салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде халықтың 100% ауыз сумен, 85,4%-ы газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 4,9 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 1,4 млн шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана (МЖӘ), ауысымда 500 адам қабылдайтын үш емхана, жедел медициналық жәрдем станциясы, сондай-ақ ана мен бала орталығы салынады. Күлтөбе қалашығының кесенелерін, тарихи нысандарын қалпына келтіру, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының аумағын абаттандыру және т. б. жоспарлануда.

Сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 45%-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ол үшін теннис орталығы, мұз сарайы, ат спорты кешені және басқа да нысандар салынады.

Бұдан басқа, өңірдің қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген. Атап айтқанда, ғимараттар кешені мен полиция департаментінің жедел басқару орталығы, өрт сөндіру деполары салынады.

Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 3 есеге және өнеркәсіптің 35%-ға өсуін, еңбек өнімділігінің 52,1%-ға ұлғаюын, халықтың нақты табысының 54,8%-ға өсуін қамтамасыз етеді.

Тұтастай алғанда, кешенді жоспарды орындау өңірдің экономикалық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді жеке инвестициялар ағынына серпін және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді. Түркістан облысының қалалық елді мекендерінде сумен жабдықтау қызметтеріне 98,9%-дық қолжетімділік бар.

Ауылдық елді мекендерде қолжетімділік 92,1%-ды құрайды. 2021-2025 жылдары 836 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жоспарлануда, сондай-ақ 49 ауылдық елді мекенде жергілікті бюджет қаражаты есебінен суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылатын болады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 100%-ы сапалы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

АЭА аумағының инфрақұрылымын салуға арналған кешенді жоспар шеңберінде 7,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, 6 396 жұмыс орнын құрумен 352,7 млрд теңге сомасына 37 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Облыстың табиғи газбен қамтылуы 64,4%-ды құрайды немесе шамамен 1,3 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Кешенді жоспардың жобасында өңірді газдандыру шеңберінде Созақ ауданындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан магистральдық газ құбырын және Мақтаарал ауданындағы 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын салу сияқты жобалар іске асырылмақ. Сондай-ақ газ тарату желілері мен елді мекендерге газ құбырларын салу жоспарлануда.

Жалпы 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендер санын 423-тен 722 бірлікке дейін ұлғайту немесе халықты газбен қамтуды 1 274 мың адамнан 1 720 мың адамға дейін кеңейту көзделіп отыр. Бұл өңірді газдандыру деңгейін ағымдағы 64,4-тен 85,4%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Түркістан қаласының азық-түлік белдеуін сумен қамтамасыз ету үшін биыл Кентау қаласының маңындағы «Кенсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы аяқталып келеді. Нәтижесінде 18,5 млн текше метр жиналады, 2,5 мың га жаңа суармалы жер іске қосылады, ауыл шаруашылығында 1,4 мың жұмыс орны ашылады.

Әлеуметтік осал топтарды қолдау

Бүгінде Қазақстанда  мүгедектігі бар азаматтар саны 707,9 мың (халықтың 3,7%) болса, оның 97,1 мыңы Түркістан облысында (облыс халқының 4,7%-ы) тұрады, бұл республикадағы мүгедектердің 13,7%-ы.

2021 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарға техникалық оңалту құралдары жаңадан енгізілген «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы ұсынылады. Яғни, порталда тіркелген өнім берушілерден қажетті тауарларды және қызметті мүгедектігі бар адамдар өздері таңдайды, ал тауар мен қызметтің құнын мемлекет өтейді. 

Бүгінгі таңда порталдағы тізілімде 111 өнім беруші бар, оның ішінде 15 ым тілі маманы, 18 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 28 оңалту техникалық құралдары және 50 ұйым санаторий-курорттық емдеу қызметін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар 32 ым тілі маманы және 308 жеке көмекші порталда жеке тұлға ретінде тіркелген.

2022 жылы облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 6,4 млрд теңге бөлінген. 16 қарашадағы жағдай бойынша қаралған қаржы есебінен 43 мыңнан астам техникалық оңалту құралы мен қызметтер ұсынылды немесе қажеттіліктің 78,1%-ы қамтылды.

Өңірде 179 633 зейнеткер тұрады. Аға буын өкілдерін сауықтыру мақсатында 4,0 мың жекелеген санаттағы азаматтар облыстағы екі «Ардагерлер үйінде» ем алуда.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 956 отбасы, 1359 адам қандас мәртебесін алған. Қоныс аударған қандастар ТМД және шет елдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендер.

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жыл басынан бері 39 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрақтандыру қорынан жалпы құны 41,5 млн теңгенің 202,8 тонна көлеміндегі өнімдер сатылды. Әр аптаның жұма, сенбі күндері Экобазар аумағында азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық бағадан төмен бағада тұрақты түрде сатылады. Алдағы уақытта жәрмеңкелер ұйымдастыру жалғасатын болады.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында жалпы құны 1 054,4 млн теңгенің 5 873,1 тонна және 900 мың дана жұмыртқа өнімдері бар.

Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейту мақсатында қосымша жер телімдері мен көкөніс сақтау қоймасын салуға 5 гектар жер телімдері бөлініп жатыр. Жер телімдерінің құжаттары толық «Түркістан» ӘКК» АҚ-на берілген жағдайда, жерді жалға беру арқылы жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен әлеуметтік дүкендер мен көкөніс сақтау қоймасы салынатын болады.

Шағын және орта бизнестің даму қарқыны

Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 42,9 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада бірінші орында. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңгеге жобаларды қолдау жоспарлануда. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.

Облыста инвестиция көлемі де артты. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,3 есеге ұлғайып, 660,3 млрд теңгені құрады.

2020-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына құны 323,3 млрд теңге болатын 4823 жаңа жұмыс орнын құрумен 34 инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде 2020-2021 жылдары 13,6 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылып, 2015 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Инвестиция тарту

Түркістан облысында сегіз өндіріс ашылып, оның екеуі экспортқа бағытталған. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 23,6 млрд теңгені құрады, 750-ден астам жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы өндірістік қуаттар Кентау мен Түркістандағы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар аумағында ашылды. Сондай-ақ нысандар Созақ және Сайрам аудандарында іске қосылды. Жобалардың бірі түркиялық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Мәселен, облыста 18 млрд теңгеге бағалы металдар өндірісі жолға қойылды. Мұнда 400 адам жұмысқа орналасты. Түрік инвесторы 2021 жылы жөргектер мен дымқыл майлықтар өндірісін бастауға көмектесті. Бұл жобаға инвестиция 2 млрд теңгені құрады, 60 жұмыс орны құрылды. 

Сондай-ақ 1,2 млрд теңгеге темірбетон бұйымдарының өндірісі ашылды, 30 адам жұмысқа орналасты.

«Түркістан» индустриялық аймағында 2,2 млрд теңгеге жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, жол-құрылыс материалдары мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, онда 241 адам жұмыспен қамтылды. Жоба 1,1 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 1,04 млрд теңгеге бетон және 114 млн теңгеге газдалған бетон блоктарын шығарады. Сонымен қатар Кентаудың индустриалды аймағында 189,5 млн теңгеге асфальтбетон қоспасы мен 55 млн теңгеге гипохлорид өндірісі ашылды.

Түркістан облысында мақта майын өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Жоба Түркиядан келген инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Жалпы құны  – 2 2,6 млн теңге, қуаты – 10 мың тонна мақта майы, жылына 12 мың тонна тазартылған май, айына 1,5 тонна мақта тұқымының қалдықтарынан жасалған сабын және 650 тонна мақта жапырағынан жасалған жем.

Сонымен қатар 2025 жылға дейін жеті ірі жоба жүзеге асырылады. Облыста 136,6 млрд теңгеге химиялық кешен салынады. Бұл кәсіпорында каустикалық сода, кальций карбиді, цемент шығарылады. Жобаны 2021-2023 жылдары іске асыру жоспарланған, 1 мың жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ 130 млрд теңгеге мұнай өңдеу зауыты іске қосылады, 650 жұмыс орны құрылады. Қуаты – жылына 2 млн тонна көмірсутек. Келесі нысан – фосфор кендерін өңдеу өндірісі. Оның құны 129,9 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2022-2025 жылдары іске асыру көзделген. 

Сонымен қатар аймақ басшысы натрий цианидін өндіретін зауытқа жеке тоқталды. Бұл нысан 2021-2023 жылдары салынады, жалпы құны – 25,8 млрд теңге. Сонымен қатар облыста мыс өндіру және барлау зауытын ашу жоспарланған. Инвестициялар 216,6 млрд теңгені құрайды, 1 мың жұмыс орны ашылмақ.

Өңірде қолға алынған тағы бір ірі жоба – 129,9 млрд теңгеге фосфор кенін өңдеу кәсіпорны. Сонымен қатар 36 млрд теңгеге тұрмыстық техника өндірісі жолға қойылады. Облыста 1,5 млрд теңгеге көмір химия комбинаты іске қосылды.

Инвестиция тартуға келетін болсақ, соңғы үш жылда Түркістан облысының экономикасына 1,4 трлн теңге қаржы құйылды. Өңір құрылған сәттен бастап 396 млрд теңгеге 114 жоба іске асырылды, онда 6,3 мың жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта экономиканың 75%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі, осыған байланысты облыста өндірістік қуаттар белсенді дамып келе жатыр. 

Сондай-ақ 2,6 трлн теңгеге 181 инвестициялық ұсыныстың пулы қалыптастырылды. Нысандар 2021-2025 жылдары ашылады деп күтілуде. Статистикалық деректерге сәйкес негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі көрсеткіші бойынша 2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында 511,4 млрд теңге инвестиция бағытталды. 

Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 9 596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 млрд теңгеге 915 жұмыс орны ашылатын 9 жоба бар.

Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд теңгеге 1197 жұмыс орны ашылатын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде жалпы құны 17,7 млрд теңгеге 986 жұмыс орны ашылатын 18 инвестициялық жоба іске қосылды.

Одан бөлек, облыста жалпы құны 1,4 трлн теңгеге 3 595 жұмыс орны ашылатын үздік 10 инвестициялық жобаның тізімі қалыптастырылған. Атап айтқанда:

1. «ПГУ Түркістан» ЖШС (Төлеби ауданы) – генерациялаудың маневрлік режимімен қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысын салу (инвестициялық құны – 722,7 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта газ құбырының магистральдық желілеріне қосылуға қажетті техникалық шарттарды және «KEGOC» АҚ электр желілеріне қосылуға қуат беру схемасын ала отырып, алдын ала техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.

2. «Састөбе химиялық кешені» ЖШС (Түлкібас ауданы) – каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты (инвестициялық құны – 136,6 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жүргізілуде (электрмен жабдықтау, су құбыры, газбен жабдықтау). Жыл соңында кешен құрылысын бастау жоспарлануда.

3. «Созақ Фосфат» ЖШС (Созақ ауданы) – фосфорит кендерін өңдеу зауыты (инвестициялық құны – 129,9 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Кен қорларының көлемін барлау, сондай-ақ зауыттың жұмыс жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны қаржыландыру және салу бойынша қытайлық China tianchen Engineering Corporation (TEC) компаниясымен уағдаластық бар.

4. «Standard Petroleum & Cо» ЖШС (Ордабасы ауданы) – мұнай-химия зауыты (инвестициялық құны – 130 млрд. теңге). Ағымдағы жағдайы: «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша теміржол жүргізу аяқталды. Зауыттың құрылысы 60%-ға аяқталды. I кезеңін 2023 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарланған. 

5. «Ocean Energy Company» ЖШС (Қазығұрт ауданы) – Өгем өзенінде Каскад ГЭС салу (инвестициялық құны – 130 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жоба стратегиялық нысандар тізіміне енгізілген. Жобаның тұжырымдамасы әзірленді және ҚР Үкіметімен келісілді. Қытайлық «Рower CHINA» компаниясымен EPC-келісімшарты жасалды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен өткен кеңесте ұлттық саябақ аймағынан жер телімін бөлу мақұлданды. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жобалық -сметалық құжаттама жыл соңына дейін дайындалады.

6. «Саутс ойл» ЖШС (Түлкібас ауданы) – қуаты 320 МВт газ электр станциясын салу (инвестициялық құны – 119 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: алдын ала техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ нысан аумағында іздестіру жұмыстары аяқталды. China Tianchen Engineering Corporation (TEC) қытайлық компаниясымен EPC-келісімшарт жасалды.

7. «Эко-Культура» АӨХ (Келес ауданы) – 51 га жылыжай кешенін салу (инвестициялық құны – 130 млрд. теңге). Ағымдағы жағдайы: жылыжайдың жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленді. Сыртқы желілердің ЖСҚ әзірленді. 51 га жылыжайдың жобалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынды, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі алынды. Қазақстан Даму банкі арқылы қаржыландыру алу және ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2022 жылдың соңында бастау жоспарланып отыр. 

8. «Саутс ойл» ЖШС (Түркістан қаласы) – 50 МВт бу-газ қондырғысын салу (инвестициялық құны – 39 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жер учаскесі анықталды, техника-экономикалық негіздемесі аяқталды, жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. 2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖЭ) шартын жасасу және жылу электр орталығының құрылысын бастау көзделген. 

9. «ARM WIND» ЖШС (Отырар ауданы) – 50 МВт күн электр станциясының құрылысы (инвестициялық құны – 12,5 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: құрылыс монтаж жұмыстары (ҚМЖ) 50% аяқталды. Жобаның жаңа бас мердігері – «СемАрко» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

10. «HEVEL Kazakhstan» ЖШС (Сауран ауданы) – 20 МВт күн электр станциясының құрылысы (инвестициялық құны – 9,4 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта Сауран ауданы Иассы ауылында жер учаскесін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңірдегі жолдардың жай-күйі

Түркістан облысындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды.

Түркістан облысы құрылғаннан бері 2018-2021 жылдары аралығында 7 218,5 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, оның 6 336,7 шақырымы пайдалануға берілді. Нәтижесінде халық сапалы әрі қауіпсіз жолмен қамтамасыз етіліп, облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 64,4-тен 87%-ға артты.

2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 741 нысан немесе 1 959,6 шақырым жол мен көше қамтылуда. Жыл қорытындысы бойынша 636 нысан немесе 1288,5 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп көзделген.

Облыстың автожолдары – Шымкент қаласын оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналып өту, Түркістан қаласын Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады.

Жалпы, кешенді жоспар шеңберінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 2,3 мың шақырымын жөндеу және реконструкциялау ұсынылды, бұл 2025 жылға қарай жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 99,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Автожол саласы саласында 2025 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде республикалық және жергілікті маңызы бар 2 276 шақырымға жуық автожол жөнделіп, реконструкцияланатын болады. Өңірде атқарылған жұмыстар есебінен жолдардың нормативтік жағдайы түбегейлі жақсарады.

Қабылданған шаралар 28 ауылдық елді мекенге дейінгі 3 республикалық және 3 жергілікті жолдарды, сондай-ақ ұзындығы 1 995 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды реконструкциялауға және жөндеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 87-ден 92%-ға артады деп күтілуде.

Аталған нысаналы индикатор көрсеткішін 2025 жылға қарай 95%-ға жеткізу жоспарланған. 

Жұмыссыздық деңгейі 

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 22 818,1 млн теңге қаралып, 70,3 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделген.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша нақты 97 910 адам курстарға жіберілді, бекітілген жоспар 139,4%-ға орындалды.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде (Кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту) 627 адам қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді (74,4%). Жыл соңында оқуды аяқтаған азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 1 893-і онлайн оқудан өтіп, сертификат алды.

Ұлттық жобаның екінші бағыты – Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде 66 905 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды (жылдық жоспар – 110,3%).

– 37 291 адам бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасты (жылдық жоспар 103,4%);

– 3 482 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қатысып (жылдық жоспар 111,6%), бөлінген қаржының 778,8 млн теңгесі (72%) игерілді;

– 7 189 жас түлек жастар практикасына жолданып (жылдық жоспар 127,1%), бөлінген қаржының 2 792,0 млн теңгесі (43,5%) игерілді;

– «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 672 адам қатысып (169,7%), 309,6 млн теңге қаржы немесе 70,3% игерілді.

– 17 810 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберіліп (жылдық жоспар 148,4%), қаралған қаржының 4 599,6 млн теңгесі (52,6%) игерілді.

– зейнеталды жасқа дейінгі 454 адам «Күміс жас» жобасына жіберіліп (жылдық жоспар 87,6 %), қаралған қаржының 106,2 млн теңгесі игерілді.

Ұлттық жобаның үшінші бағыты – Өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау аясында 2022 жылғы 25 шілдеден бастап «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 25 564 адам оқытылды.

Жаңа-бизнес идеяларын дамыту мақсатында 400 АЕК мөлшерінде (1225,2 мың теңге) 2 921 адам қайтарымсыз грант алды, жоспар 105,6%-ға орындалды.

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2022 жылдың IІІ тоқсанының қорытындысы бойынша:

  • жұмыссыздық деңгейі 5,3%;
  • жұмыссыздар саны 43 400 адам;
  • жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%
  • әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%-ды құрады. 

Өңірде білім беру жүйесін дамыту көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 60-тан аса мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде 300-ден 2000 оқушыға арналған білім беру ұялары бар. Бұл бастама өз игілігін бермек. Нәтижесінде ұлттық жоба аясында облыстағы анықталған апатты мектептер мен үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі

Қазіргі таңда Түркістан облысында білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірленіп жатыр. Осы жоспарға сәйкес ауқымды жобалар іске асырылады.

«TURKISTAN BILIMI» экожүйесінде білім саласын автоматтандыру және білім сапасын арттыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды. Биыл оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» жасалды.

Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне облыс мекептері 100% тегін қосылды.

Сонымен қатар педагогтерді аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде. Сондай-ақ мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылды.

Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ұлттық жобаны жүзеге асыру мақсатында биыл қосымша жан басына шаққанда қаржыландыруға өткен 92 мектептің 32-сі (физика-14, химия-14, биология-16, STEM-13) пәндік кабинеттерімен жабдықталды.

Білім беру саласында 3 ауысымды және апатты мектептерді жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 130 жаңа мектеп салынады.

Бұдан басқа, Назарбаев зияткерлік мектебі мен жатақханасы бар «Дарын» мектеп-интернатының құрылысы жоспарланған.

Әкімдік жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 13 мектеп салынады. Сондай-ақ облыстан көмек аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 мыңнан астам балаға беріледі: бұл қаражатқа жергілікті бюджеттен шамамен 2 млрд теңге жұмсалды. Балаларға мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтары сатып алынды.

Облыста туризмді дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар

Туризм Түркістан облысы экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 1000-нан астам тарихи-мәдени және археологиялық нысан мен 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Туризм саласында жыл сайын облысқа келетін туристер саны артып келеді. Мәселен, соңғы 3 жылда туристер саны 25%-ға өсті. Қонақ үйлердің саны 131 бірлікті құрайды.

Түркістан облысында туризмді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Туризм саласын дамыту бойынша стратегиялық жоспар қажет. Нақты индикаторлар мен оларға қол жеткізу жолдары нақтылануы тиіс. Тек жүйелі жұмыс арқылы ғана туризм дамып, туристер саны көбейеді. Өңірде туристер санын арттыру бойынша жан-жақты зерттеулер, сараптамалар және жұмыстар жүргізілуде.

Түркістанның басты бренді – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Қажылардың саны артып келеді. Алайда, туризм аймаққа нақты табыс әкелуі үшін саяхатшылар облыста және Түркістанда кемінде 2-3 күн болатын жағдай жасау қажет. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. 2021 жылы Түркістандағы кесенеге 1,4 млн адам келді, ал орналастыру орындарында қызмет көрсетілетіндер саны 100 мыңға жуық адамды құрады. Инфрақұрылымды жақсарту, туристік аймақтарға жол салу, өңірдің ерекшелігіне сәйкес жаңа брендтерді қалыптастыру қажет.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы

2025 жылға дейін өңірде 10 денсаулық сақтау нысаны салынады. Облыстық көпбейінді аурухана, симуляциялық орталық, ана мен бала орталығы, Жедел жәрдем станциясы, стоматологиялық емхана, перинаталдық орталық және басқа да бірқатар денсаулық сақтау объектілері Түркістан облысында 2025 жылдың соңына дейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде пайда болады.

Түркістан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы көзделген, оның жетеуі Түркістанда салынады, үш нысан Арыс және Сарыағаш қалаларында пайда болады.

Мәселен, Түркістан облысында 2023 жылы 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді аурухананы пайдалануға беру жоспарланған. Жобаны YDA мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асырады. Жобаның құны – 180 млн теңгеден астам. Халықаралық деңгейдегі клиника облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғары технологиялық қызметтер көрсететін болады.

Облыстық балалар ауруханасын салуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 33 млн теңгеден артық қаражат бөлінетін болады. Бұл нысанды тапсыру 2024 жылға жоспарланған.

2014 жылы салынған облыстық балалар ауруханасының ғимараты санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді, бірақ оның құрамында хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімшелер, консультациялық-диагностикалық емхана, диагностикалық бөлімше жоқ, бұл жаңа жоба шеңберінде іске асырылатын болады. Түркістан облысындағы балалар ауруханасының жаңа ғимараты 190 орынға есептеледі. 

Ал Түркістандағы аймақ дәрігерлері үшін 2024 жылдан бастап Симуляциялық орталық жұмыс істейтін болады. Аталған орталықта дәрігерлер біліктілігін арттырудан өтіп, нақты клиникалық жағдайларда практикалық дағдыларын пысықтайды. Жоғары медициналық технологияларды оқытуды әртүрлі модельдерде, тренажерларда және виртуалды тренажерларда жүргізу жоспарланған. Бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің өзге де аспектілерін сенімді модельдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Түркістанда жеке инвестициялар есебінен білікті амбулаториялық көмек көрсету үшін ауысымына 300 келушіге арналған стоматологиялық емхана салынады деп күтілуде. Нысанды 2023 жылы тапсыру жоспарланған.

Ал Түркістан қаласында жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы ғимаратының құрылысы басталды. Түркістандағы Sheikh Mohamed bin Zayed Al Nahyan қорынан ана мен бала орталығын, Сарыағаштағы орталық аудандық ауруханада 240 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарлануда.

Жыл сайын Сарыағаш ауданында облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші тіркеледі. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 31,9 құрады. Сарыағаш ауданында перинаталдық орталықтың ашылуы Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарындағы жүкті әйелдерге білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл аудандардың тұрғындарының саны 723 926 адамды құрайды. Бұл – облыс халқының жалпы санының 35%. Сонымен қатар Арыс және Сарыағаш қалаларында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын екі типтік емхана салу жоспарлануда.

Жалпы жоғарыда аталған медициналық объектілердің құрылысы 280 млрд теңге инвестиция тартуға, ана мен бала өлімін, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ 2,8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және ұзақ мерзімді кезеңге жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламаларының іске асуы

Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Барлық қаржыландыру көздерінен жыл соңына дейін 855 мың шаршы метр тұрғын үй (5 мың 935 пәтер) іске қосылады.

Баспана «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынып жатыр.

Жыл басынан бері Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Жыл басынан бері 365,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоспар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,6 мың шаршы метрге, 122,2%-ға асыра орындалды. Жалпы Түркістан облысында 7 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд теңгені құрады. 2025 жылға дейін өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 4,9 млн шаршы метр немесе 46 мың тұрғын үй, оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 23 мың пәтер жалға беріледі және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 78,1 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ 64 мың жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысындағы тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша биыл 101 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғыртуға 3,3 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылға дейін 4,6 млрд теңгеге 240 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жоспарлануда. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында 7,9 млрд теңгеге 341 көппәтерлі тұрғын үй жөнделеді. 

Бұқаралық спортты дамыту

2022 жылдың 10 айында Түркістан облысы аумағында 1 943 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 258 828 адам қатысты. Оның ішінде, ауылдық жерде 1 431 іс-шара ұйымдастырылды, оған 178 765 адам тартылды. 

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 808 509 адамға жетті, бұл облыстағы жалпы халықтың 38,31%-ын құрап отыр.

Ауылдық жерлерде жыл басынан бері 202 спорт жөніндегі әдіскер мен 175 спорт жөніндегі нұсқаушы штаттық бірліктері енгізілген.

Сонымен қатар басқарманың 2022 жылға арналған республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, облыс спортшылары бірқатар маңызды спорттық жарыстарға қатысты.

Түркістан облысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауда балаларды тегін шығармашылық үйірмелелермен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша:

– 2021 жылдың 1 мамырдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру artsport.edu.kz платформасы арқылы спорттық секцияларға 175 812,0 мың теңге бөлініп, 33 кәсіпкер 17 спорт түрінен 90 секцияға 6 113 бала қамтылды.

– 2022 жылға спорттық секцияларға 700 000,0 мың теңге бөлініп, 101 кәсіпкер 20 спорт түрінен 270 секцияда 23 982 бала қамтылды. Қаңтар-наурыз айларына 573 000,0 мың теңге жұмсалды. Қалған 127 000,0 мың теңге қазан айына шегерілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

Түркістан облысында 97 508 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның ішінде, 45 000-ның спорт және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 4 113, ауылды жерде 2 959 адамды құрап отыр, бұл спорт және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулі жандардың 9,1%-ын құрайды. 

Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы №70 қаулысымен спорттың басым түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Сауран» спорт клубы құрылды. Бүгінгі таңда спорт клубындағы 39 жаттықтырушы 196 мүмкіндігі шектеулі жандармен күнделікті жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстанның тарихында тұңғыш рет параканоэ спортынан Түркістан облысының спортшысы Бибарыс Спатай Токиода өткен паралимпиада ойындарына қатысып, 9 орынды иемденді. 2022 жылғы наурыз айында (Тайланд елді) Паттая қаласында өткен параканоэ спортынан Бибарыс Спатай Азия чемпионы атанды. Маусым айында параконэ спортынан Тайкенов Жалғас Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткен мүмкіндігі шектеулілер арасында жүзуден Қазақстан Респбуликасының чемпионатында Рахманберді Сәулет күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық спорт түрлері

Түркістан облысында ұлтымыздың төл спортының 10 түрі (асық ату, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, саят, жекпе-жек) және олимпиадалық спорт түрі конкур спорт түрі дамытылып келеді. Өңір аумағында жұмыс істеп жатқан 1765 спорт секцияларында (оның ішінде: 1 371 – ауылды жерлерде) 86 248 адам тұрақты шұғылданып, бұл жалпы шұғылданушылардың 12,0%-ын құрап отыр.

Сондай-ақ 17-29 қыркүйек аралығында Астана – Түркістан бағытында өткізілетін Ұлы дала жорығы Марафон-Бәйгесіне қатысып өңірлік спортшылар жүлделі 3 орынға ие болды.

Қазіргі таңда облыста 4 643 спорт ғимараты тіркелген. Оның ішінде: 21 стадион, 1 спорт сарайы, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 41 спорт кешені, 103 спорт манежі (102 футбол манежі, 1 ат манежі), 1 шаңғы базасы, 135 атқыштар тирі, 16 теннис корты, 2 ипподром, 22 жүзу бассейні (50 метрлік – 2 және 25 метрлік – 20, ал 25 метрден аз - 7), 998 спорт зал, жазықтықты құрылғылар 3256 (6 спорттық ядролар, 2350 спорттық алаңдар, 900 алаңдар) және 45 жапсарлас спорттық залдар.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қолдау тапқан Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, облыс аумағында дене шынықтыру және спорт саласына бағытталған нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу