Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

XII Астана экономикалық форумы: пленарлық сессия қалай өтті және ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кімдермен кездесті

Жұма, 14 Маусым 2019, 11:08:56

Осымен он екінші рет өткізіліп отырған Астана экономикалық форумы Қазақстанның елордасына жетекші халықаралық сарапшыларды, Нобель сыйлығының лауреаттарын, қазіргі және бұрынғы мемлекеттер басшыларын, саясаткерлерді, экономистерді, ғалымдар мен бизнесмендерді жинады. АЭФ-2019 шарасының негізгі тақырыбы: «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» болды. 

Форум жұмысына әлемнің 74 елінен 60 мыңнан астам делегат қатысуда. Шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан аккредиттелгендер саны әлемнің 30 елінен келген 700 журналиске жетті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз бастамасы бойынша құрылған Астана экономикалық форумына әрдайым қатысады. АЭФ-2019-ке де қатысты. Форумның пленарлық отырысы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен өтті.

Сонымен қатар пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Б. Сағынтаев қатысты.

Пленарлық отырыс басталар алдында Елбасы мен ҚР Президенті АЭФ қатысушыларымен бірге суретке түсті.

Форумның пленарлық отырысына қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Тұңғыш Президенті АЭФ-тің өңірлік және ғаламдық сын-тегеуріндерді еңсеру барысындағы маңызды рөлін атап өтті. 

«Алдыңғы жылдары осы жерде талқыланған ұсыныстар мен идеялар Қазақстанға жаһандық сын-қатерлерді уақытылы ескеріп, қиындықтарды табысты еңсеруге мүмкіндік берді. Дамудың қазақстандық моделі қалыптасқан жағдайлар мен болжамдарға қарамастан өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдегенін білесіздер. Біз өршіл мақсаттар қойып, соларға қол жеткізе алдық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ХВҚ, ЕҚҚДБ, АДБ: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Форум алаңындағы жұмыстық кездесулері

XII Астана экономикалық форумының алғашқы күнінің аясында Премьер-Министр Форум қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Халықаралық сарапшылық кеңестің VII отырысының, әлемдік экономист сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдің, инклюзивті өсу жөніндегі дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пиюмен келіссөздер бірлескен жобаларды іске асыру және тиімді ынтымақтастықты жалғастыру мәселелеріне арналды.

Азия даму банкінің вице-президенті Шиксин Ченмен кездесуде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен құрылымдық реформалар жүргізуге бағытталған 2017–2021 жылдарға арналған Серіктестік туралы елдік стратегияны іске асыру аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

CITIC Bank директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цинпинмен әңгімелесу барысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары, оның ішінде акционерлер құрамына China CITIC Bank кіретін «Altyn Bank» АҚ-ның ағымдағы қызметі қаралды. Punjab National Bank үнді банкінің төрағасы мен басқарушы директоры Сунил Мехтамен қазіргі ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде «Tengri Bank» АҚ жұмысы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Nokia корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесу барысында цифрландыруды дамытудың қазіргі беталыстары талқыланып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Тараптар телекоммуникациялық нарықты дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ Nokia-мен бірлесіп әзірлеген 5G технологияларының мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жабдық пен желі жұмысының сапалы көрсеткіштерін тексерді. Жаңа желіні енгізу деректерді тарату жылдамдығын айтарлықтай арттырады, бұл зияткерлік көлік жүйелерін дамытуға, ірі өндірістік компанияларда, логистикада және т.б. салаларда өнеркәсіптік роботтарды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристин Лагардпен әңгімелесу барысында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, Қазақстанның әлемдік сауда және экономикалық қарым-қатынастарға кірігуін тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар еркін форматта ғаламдық өзгерістер мен сыртқы тәуекелдер және сын-тегеруіндер туралы пікір алмасты.

Экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоғарғы деңгейдегі дөңгелек үстелде жалғасын тапты, оған ХВҚ Өкімші-Директоры К. Лагард, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев, Кавказ және Орталық Азия өңірлері, ЕАЭО елдерінің және Моңғолияның орталық банктерінің және қаржы министрліктерінің басшылары, халықаралық қаржы ұйымдары мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел тақырыбы инклюзивті өсуге арналған экономикалық саясат шараларына арналды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан Үкіметі жұмысының басты басымдығы экономикалық өсімді барлық халықтың әл-ауқатын инклюзивті арттыруға түрлендіру екенін айтты. Инклюзивтілік қағидалары фискалдық, өңірлік және әлеуметтік саясатқа барынша интеграциялануда. 

«Үкіметтің экономикалық күн тәртібі әлеуметтік мәселелерге арналған», — деп ҚР Премьер-Министрі, осы дөңгелек үстелдің күллі әлемдегі халықтың әл-ауқатының және экономикалық өсімнің проблемаларын жалпы түсінуді тереңдетуге жақсы мүмкіндік беретінін айтты, себебі жаңа әлемдік сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл халықаралық экономикалық және қаржы қауымдастықтарының үйлестірілген күш-жігерін талап етеді. 

Бұдан әрі ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин «Тұрақты әлеуметтік дамуға жету жолындағы цифрландыру» тақырыбында Халықаралық сарапшылар кеңесінің VII отырысына қатысты. Премьер-Министр халықаралық сарапшылар алдында сөз сөйледі, кейін отырыс қатысушылары еркін пікірталастар форматында экономиканың әртүрлі секторларында цифрлық технологияларды әрі қарай интеграциялау және қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін оларды практикалық қолдануды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің төрағалығымен «Қазақстанға көз тастау: әлемнің 30 озық дамыған мемлекетінің қатарына кіру мақсатында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету» тақырыбында халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жетекші әлемдік экономистер, технологиялар саласындағы сарапшылар — Берклидегі Калифорния университетінің экономика саласының профессоры М. Обстфельд, Гарвард экономика профессоры, ХВҚ бас экономисті К. Рогофф, Колумбия университетінің экономика профессоры, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізін салушы Х. Сала-и-Мартин, IMD қаржы профессоры, IMD бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры А. Брис, 2006 жылғы Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты М. Юнус, Goonj негізін қалаушы және директоры, «жылдың әлеуметтік кәсіпкері» А. Гупта, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов қатысты.

Күн тәртібінде әлемдік экономиканың өзекті үрдістері, инновациялық технологияларды, цифрлық индустрияны дамыту, адами капиталды жұмылдыру, инклюзивті даму және төртінші өнеркәсіптік революцияның әлеуетін барынша кеңейту мәселелері қаралды. Дөңгелек үстелге қатысушылар экономиканың одан әрі өсуі үшін әлеуметтік мәселелерге, адами капиталды дамытуға және жұмыс орындармен қамтамасыз етуге баса назар аудару керек деген ортақ пікірге келді.

«Росгеология» АҚ бас директоры – басқарма төрағасы Сергей Горьковпен кездесу барысында геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. «Қазгеология» мен «Росгеология» компанияларының Қазақстан мен Ресейдің минералдық-шикізат базасын дамыту жөніндегі өзара іс-қимылын нығайту перспективалары қаралды.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.