22 Сәуір 2026, 20:33
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Svevind Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді. Компания Маңғыстау облысында «жасыл» сутек өндіру бойынша HYRASIA ONE ірі инвестициялық жобасын іске асырып жатыр.
Кездесу барысында HYRASIA ONE жобасын іске асырудың ағымдағы жай-күйі қарастырылды, сондай-ақ баламалы энергия көздерін дамыту жоспарлары талқыланды.
Роман Скляр өнеркәсіп, көлік және энергетиканы карбонсыздандыруға мүмкіндік беретін бұл жобаны табысты іске асыру үшін Үкімет жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын растады.
Талқылау барысында Роман Скляр Үкіметтің энергетика саласын, соның ішінде «жасыл» энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмысын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Svevind Group компаниясымен бастамаларды зерделеу жөнінде мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу