«Самұрық-Қазына» қорын дамытудың 2019–2023 жылдарға арналған жоспары бекітілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қордың 2018 жылғы жұмысының қорытындылары, соның ішінде Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысы қаталды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ дамытудың 2019–2023 жылдарға арналған жоспары бекітілді. 

Отырыс барысында Қордың басқарма төрағасы А. Есімов, тәуелсіз директор Р. Эванс, экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директор – Басқарма мүшесі Е. Жанәділ, трансформация, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директор Н. Рахметов, басқарушы директор – Активтерді басқару жөніндегі дирекция басшысы А. Сатқалиев, стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директор м.а. Л. Боранқұлов және т.б. сөз сөйледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу