«Ақтау теңіз порты» АЭА Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттау қажет - А.Рау
Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) мұнай-газ секторын қамтамасыз етуге, оның ішінде Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттауды ұсынды, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Үкімет отырысында.
«Жағымды нәтижелерге қарамастан АЭА әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды деп есептейміз. АЭА қызметінің басты бағыты мұнай-газ секторын барынша қамтамасыз ету және Теңіз портын Каспий арқылы АЭА-та өндірілген өнімді сыртқы нарықтарға шығару үшін пайдалану болуы тиіс. Жалпы алғанда АЭА қайта іске қосу қажет, «Теңіз порты» сөзінен алшақтап, мұнай-газ секторына қайта бағытталуы керек, оның ішінде Каспий маңы мемлекеттеріне экспорттау», - деді А.Рау.
Сонымен қатар, ол аталған АЭА дамуында сонымен бірге жағымды тенденциялар байқалуда екенін айтты.
Осылайша, бүгінгі таңда жеке инвестициялардың бөлінген бюджеттік қаражатқа арақатынасы 1 бюджеттік теңгеге 2,5 теңгені құрайды. Өндіріс көлемдері 118 млрд теңгеге жетті, бұл АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлемінің 44 % құрайды.
Өз кезегінде, салық төлемдерінің көлемі бюджет қаражатынан салынған көлемнен 2 млрд теңгеге артық.
Сонымен бірге, № 3 аймағы инфрақұрылымы құрылысы толығымен аяқталған, 15 жоба бойынша аумақ белгіленген, 5 жоба жұмыс істеп жатыр.
Бұдан өзге, № 1 аймағы инфрақұрылымының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, үстіміздегі жылы 1,4 млрд теңге, 2014 жылға 1,6 млрд теңгеге өтінім қарастырылған. 2015 жылы аяқтау жоспарланған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз